2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


зиянкестерiмен күрес жөнінде жүргізілетін ветеринариялық



бет122/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

зиянкестерiмен күрес жөнінде жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
1042. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлетiн орындарға орналастырады.
1043. Көшпелi омарталар бал жинау кездерiнде бiр бiрiнен бiр жарым километр және тұрақты омарталардан үш километрден кем емес қашықтықта орналастырылады. Тұрақты және көшпелi омарталарды бұрын орналасқан бал жинау көздерi омарта араларының ұшу жолдарына орналастыруға рұқсат етілмейді.
1044. Омарталарды құрғақ, күн сәулесiмен жарықтандырылған, желден қорғалған, тас және темiр жолдарына, ағаш кесу орнына, жоғары кернеулi электр беру желілеріне 500 метр жақын емес және кондитерлiк, химия өндiрiсiнiң кәсiпорындарынан, аэродромдардан, әскери алқаптардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы станциялардан және басқа кiшi толқынды сәулелi көздерден 5 километр қашықтықта орналастырады.
1045. Тұрақты омартаның аумағы шарбақпен қоршалады. Ара ұялары астына қоятын құралмен жерден 30 сантиметр төмен емес және бiр бiрiнен 3-3,5 метр және қатарларының аралығы 10 метр қашықтықта орналастырылады. Ара ұясының кiрiп-шығатын тесiктерiнiң алдына мөлшерi 0,5 х 0,5 алаңшалар жасалады. Осы алаңшалардағы аралардың өлекселелері және қоқыстары жиналып өртеледi.
1046. Аралар әртүрлi түске боялған (көк, ақ, сары) түзетiлген ара ұяларында ұсталады. Әрбiр омартада резервтегi ара ұялары және мөлшерi ара ұясының жалпы санының 10-15 пайызын (бұдан әрі - %) құрайтын бал салатын кәрездiк рамкалар болады.
1047. Омарталардың тиісінше ветеринариялық-санитариялық жағдайын ұстап тұру үшiн бұларға омарталық үйшiктердi (көшпендi дүңгiршiктер) орналастырады, жеке гигиенаның, сондай-ақ дизжұқпалау (сутегi тотығы және басқалары) заттарымен және құралдарымен қамтамасыз етiледi, дезинфекциялаушы алаңшалар, жабық шұңқырлар (қолданылған суға арналған), омарташыға арналған жуыну ғимараты жабдықталады.
1048. Стационарлық омарталардың аумағында бал салатын бос кәрездердi сақтайтын, сондай-ақ балы және балтозаңы бар кәрездердi, ыдыстарды, омарташылық құралдарын, дезинфекциялаушы заттарды сақтауға арналған ғимарат болуы қажет.
1049. Қысы суық созылмалы жерлерде омарталарда қыстайтын - құрғақ тоңдырмайтын, ауаны енгiзiп-шығарушы және 0,5-4 С0 бойынша (бұдан әрі - 0С) температураны, 75-85 % қажеттi ылғалдылықты ұстап тұруды қамтамасыз етушi желдеткiшпен жабдықталған қыстауыш ғимарат салынады.
1050. Сыртқы ауаның температурасы 120С-тан төмен емес кезде, ғимараттың iшiндегi температура 60С-қа дейiн тұрақты көтерiлгенде немесе аралары төменгi температурадан ауытқыған кезде ара ұясын қыстауыштан алып шығады.
1051. Ара ұясының кiрiп-шығатын тесiгiн өлекседен және қоқыстан тазартады, қажет жағдайда жылытушы материалды және басқаларын құрғақ, қолайлы, дезинфекцияланған түрлерiне ауыстырады.
1052. Ара ұясына тұрақты қарау жүргiзедi және жемнің болуын тексерiп отырады. Жем жетiспеген жағдайда жоғарыдан рамкаларға аралар үйірінің үстiне "себiлген бал" немесе қант бал қамыры-кандидi орналастырады, жем оттығына жылы (300С) қант сиропын 1:2 қатынасында немесе кенептiң астына бал толтырылған рамка қойылады.
1053. Ауа райының тұрақты жылы кезiнде (120С-тан төмен емес) ара ұясына (көктемгi тексерiс) мұқият қарау жүргiзiледi, олардың ұяларындағы күштерiн, ұрық-құрттардың болуын және санын анықтайды. Көгерiп кеткен және аралардың нәжiсi жағылған бос рамкалар алынып тасталынады. Бұл ретте рамкалар ұрық-құрттары мен азығынан тазартылады. Аралардың ұясы қолайлы дезинфекцияланған ара ұяларына ауыстырылып отырғызылады. Аурудың белгiлерi жоқ әлсiз ұяларды бiрiктiредi, ұяларды қысқартады.
1054. Денi сау әлсiз ара ұясын аурудың анық белгiлерi бар ауру аралармен қосуға рұқсат етілмейді. Мұндай ара ұясының ұрық-құрттары, азығы бар кәрездерiн денi сау ұяларға қолдануға болмайды. Омартада қалған ауру ара ұясына емдеу жүргiзiледi.
1055. Омартаға қолайлы және тұздалған сумен толтырылған суарғыш орнатылады (ас тұзының 0,01 % ерiтiндiсi).
Арнайы алаңда механикалық тазарту және омарташылық жабдықтарға, құралдарға және жемнен бос, қолдануға жарамды кәрездерге дезинфекция жүргiзiледi. Дезинфекцияланған құрал заттар тиiстi бөлмелерде сақталады. Жарамсыздыққа шығарылған кәрездер балауызға тұщытылады.
1056. Тұрақты жылы ауа райы кезiнде ұя ашық-қоңыр кәрездермен кеңейтiледi, тозаң және шырын алып келу кезiнде ара ұясында кәрездердi тұрғызу үшiн балауызды күштiрек қолданады. Омартада жыл сайын 30 %-дан кем емес кәрездердiң қоры жаңартылады. Жыл сайын 50 %-дан кем емес аналықтарды ауыстыру жүргiзiледi.
Аралардың ұрлығына, үйiрленуiне және көп болып жиналып үйiрленуіне жол берiлмеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
Қыстауышты өз уақытында дайындауды жүргiзедi. Бөлмелердi кептiрiп, қабырғаларын және төбесiн әкпен ақтайды, еденiн мұқият жуады.
Балдарды кәрездерден сорғытып алғаннан кейiн оларды бұрын шығарып алынған ара ұяларына кептiру үшiн орналастырады.
1057. Негiзгi бал жинаудан кейiн ара ұясына тексеру, сұрыптау, қысқы мерзiмге ара ұясын бiрiктiру және күштерiн белсендi түрде өсiру жүргізіледі. Қыркүйек айында ара ұясында 20 000-нан кем емес ара болады (6-8 ара ұясы).
1058. Жабысқақ және кристалданушы балды толығымен сапасы жақсы балмен немесе қант шырынымен алмастырады.
Жемдік қорлар тамыз-қыркүйек басында қант шырынымен (5-6 килограмм қанттан көп емес) толықтырылады. Республиканың орталық және солтүстiк өңiрлерiнде жемдік қор аралардың бiр ұясына 28-30 килограммды құрайды, ал қалған өңiрлерде 18-25 килограммнан кем емес, балтозаңы - 2 килограмм (толығымен толтырылған екi кәрез). Қант шырынын жалпы ас оттығынан жемдеуге болмайды.
1059. Қысқы уақытта ұяларды жинауды жем сақталатын қормен толықтырғаннан және тұқым-құрттардың негiзгi бөлiгi шығарылғаннан кейін жүргiзiледi. Бал ара ұясынан тұқым-құрттардан босаған кәрездерін шығарып тастайды (1,5 килограммнан кем). Ұяның iшiне кәрездердi дұрыс орналастырады, оның көлемi ара ұясының күшiне сәйкес келуi қажет.
1060. Салқын түскен кезде барлық ара ұясын тексеру қажет және кәрездердегi аралар үйірінің орналасуын анықтайды, қажет жағдайларда кәрездердiң орнын ауыстырып қояды. Тұрақты суық және құрғақ ауа райы басталысымен, ара ұяларын қыстауышқа енгiзедi, ара ұяларының төбесiн алып тастайды, кiрiп-шығатын тесiктердi торлайды.
1061. Ара ұяларын, омарташылық құралдарды, бал айдаудың арнайы киiмдерiн, бал ыдыстарын және басқа омарташылық заттарды бiр омартадан басқа омартаға алдын ала дезинфекция жүргiзбей жiберуге болмайды.
1062. Қолайлылығын растайтын құжаттардың негiзiнде омарталарды жұқпалы аурулардан қолайлы омарта шаруашылықтарынан алынған денi сау ара ұясымен толтырады.
1063. Әкелiнген араларды, шыққан тегi белгiсiз ара үйiрлерiн басқа омарталардан 5 километр жақын емес қашықтықта, оқшауланған омартаға орналастырады және қамтамасыз етушi ветеринария саласындағы маманның бақылауында карантиндеуде ұстайды, осы уақыттан кейiн жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бар немесе жоқ болуына зерттеу жүргiзiледi.
2-параграф. Ара ауруларын емдеу және жою бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет