кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Ескерту. 10-параграф алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11-параграф. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
Ескерту. 11-параграф алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
100-тарау. Ірі қара малдың лейкозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 100-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Жалпы ветеринариялық-санитариялық
іс-шаралардың жүргізілу тәртібі
1189. Жануарлар арасында лейкоздың таралуына жол бермеу мақсатында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі:
жаңадан әкелінген жануарларды лейкозға серологиялық зерттеулер жүргізіле отырып карантиндеу;
жануарларды ветеринариялық және зоотехникалық өңдеу кезінде асептика және антисептика қағидаларын міндетті түрде сақтау;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру;
Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен қора-жайларды және жабдықтарды тұрақты дезинфекциялау;
эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу;
мыналардың:
қолайлы деген мәртебесі жоқ, сондай-ақ карантиндеуден өтпеген шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарлардың әкелінуіне;
құзыреті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының немесе бас мемлекеттік ветеринар дәрігерінің келісімінсіз малдың қайта топтастырылуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау.
Ескерту. 1189-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.03.2017 № 135 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1190. Лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды шығару (әкету), бұған дейін олар күнтізбелік 30 күн бұрын осы Қағидаларда көрсетілген серологиялық әдістермен зерттелген және барлық топ бойынша теріс реакция алынған жағдайда рұқсат етіледі.
1191. Тұқымдық бұқалар мен құнажындарды өсіруге жеткізу үшін, қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің тек сау сиырларынан алынған бұқалар мен қашарларды іріктеп алады.
1192. Жануарлардың қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды трансплантациялау жөніндегі бекеттер (пункттер) үшін тек сау донор-сиырлардың ұрықтары мен аналық жасушалары және қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің реципиенттері іріктеліп алынады.
1193. Ірі қара малды, ұрықтар мен аналық жасушаларды, эмбриондарды экспорттау кезінде экспорттаушы елдердің ветеринариялық талаптары орындалуы тиіс.
1194. Соңғы 3 жыл ішінде лейкоздан таза импорттаушы елден шығарылған сау асыл тұқымды ірі қара малды әкелуге рұқсат етіледі.
1195. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлар иелері ірі қара малдың лейкозының пайда болуына, таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамаларын орындайды, жануарларды клиникалық тексеру және диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін береді.
Ескерту. 1195-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы
Достарыңызбен бөлісу: |