2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


ветеринариялық іс-шаралар тәртібі



бет18/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

ветеринариялық іс-шаралар тәртібі
96. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) қолында жануарлар бар болғанда немесе жаңадан сатып алғанда жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын хабардар етеді;
2) жануарларды сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды және басқа да барлық тасымалдау мен қайта топтастыруды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат өткізуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен жүргізеді;
3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындауда қауіпсіздік шараларын сақтайды;
4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін карантиндеу жүргізеді;
5) туберкулезге күмәнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке хабарлайды;
6) ветеринария саласындағы мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді және оларға тексеріп-қарау, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдайлар жасайды;
7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы объектілерін салу кезінде санитариялық-эпидемиялогиялық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұйғарымы бойынша ауру жануарларды уақытында тапсыруды немесе барлық саламатсыз мал бастарын толығымен жоюды жүзеге асырады;
9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

98. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мынаны жүзеге асырады:


1) мал шаруашылығы қызметкерлерін жұмыс киімімен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді, оларды сақтау бөлмелерімен жабдықтайды, сондай-ақ мал шаруашылығы қора-жайларын қол жуғышпен, сабынмен, сүлгімен және алғашқы көмек қобдишасымен жарақтандырады;
2) мал шаруашылығы және азық дайындау жұмыстарына туберкулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдарды жібермейді;
3) қызмет көрсететін персоналда туберкулез анықталған жағдайда, ауру адамдарды дереу жануарларды күту жөніндегі жұмыстан босатады;
4) сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында қолайсыз пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастерлеудің және басқа да шикі сүт өнімдеріне термиялық өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
99. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар:
1) жануарларға қызмет көрсететін персоналға тұрақты түрде медициналық қадағалау жүргізеді;
2) халық пен мал шаруашылығы жұмыскерлері арасында туберкулездің зияны мен зардаптары, жеке профилактика және онымен күресу туралы түсіндірме жұмысын жүргізуді тұрақты негізде ұйымдастырады.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

100. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануарларды күтіп-бағатын ветеринарлық мамандар жануарлар туберкулезінің профилактикасы және онымен күресу іс-шараларын жүргізеді.


101. Адамдар туберкулезінің профилактикасы және оларды емдеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да арнайы іс-шараларды, сондай-ақ, осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар жүзеге асырады.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

102. Ветеринарлық және медициналық ұйымдар жануарлардың және жануарларды күтіп-бағуға байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған кезде адамдардың залалдану көзі мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру табылған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.


2-параграф. Туберкулез кезіндегі жүргізілетін ветеринариялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет