2 дәріс Жануарлар ауруларының оның ішінде жануарлар мен ададмдарға ортақ аурулардың алдын алу ережелері және жою шаралары


жүргізілетін профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық



бет42/141
Дата03.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#133572
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141
Байланысты:
лекция вет сан правила (ЕТ танбалау бар)

жүргізілетін профилактикасы бойынша жүргізілетін ветеринариялық
іс-шаралар тәртібі
333. Қойлардың күл ауруының пайда болуы мен оның таралуын алдын алу үшiн мыналар:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге қойдың күлі бойынша қолайсыз өңірлерден келген қойларды, азық пен құрал-саймандарды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келген барлық қойларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
3) қойлардың жай-күйiне жүйелi түрде ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
4) отарларға, сондай-ақ жайылым учаскелерге, суару жерлерi мен айдау жолдарына тұрақты түрде қызмет көрсететiн персоналды бекiту қажет.
334. көрсетілген ауру бойынша қолайсыз шектес елдермен тікелей шекаралас аудандардың аумақтарында орналасқан бастарды қоса алғанда, қойдың күл ауруы бойынша қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қойларына жылына 2 рет күлге қарсы профилактикалық вакцина егу қажет.
335. Қойдың күл ауруы жойылған кейiнгi үш жыл ішінде бұрынғы қолайсыз пункттердегі қой бастарына вакцина егуге жатады.
2-параграф. Қойдың күлі бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін профилактикалық іс-шаралары
336. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң аумағына карантин қойылады.
337. Карантиннiң шарттары бойынша мыналарға:
1) жануарлардың барлық түрлерiн қолайсыз пункттерге әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
2) қолайсыз пунктте дайындауға және жануарлардан бұрын дайындалған өнімді және шикiзатты шығаруға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, сондай-ақ ауру қойларды сау жануарлардың барлық түрлерiмен бiрге жаюға, суаруға және ұстауға;
4) қолайсыз топтардағы жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес адамдарға қора-жайларға және осындай жануарлары бар басқа орындарға кіруге;
5) карантин қойылған аймақта малдар мен мал өнiмдерiн сатуға, көрмелер, жәрмеңке, базар, сондай-ақ жануарлардың, адамдардың және көлiктердiң жиналуымен байланысты басқа да іс-шаралар жүргiзуге;
6) қойдың күл ауруымен ауыратын жануарлармен жанасқан жем-шөпті (пiшен, сабан және тағы да басқа) шығаруға. Ол жем-шөптi сол жерде (шаруашылықта) күл ауруына бейiм емес жануарларға немесе ауру және қойдың күлімен ауырып жазылған қойларды азықтандырады;
7) қойдан алынған сүттi және одан алынатын өнiмдердi залалсыздандырылмаған күйiнде пайдалануға. Қолайсыз пункттегі қойдан алынған сүт сол жерде 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен немесе 5 минут қайнату арқылы залалсыздандыруға жатады;
8) қойдың күл ауруына қолайсыз пункттiң аумағы арқылы автокөлiктiң жүруiне. Бұндай жағдайда көлiктiң белгiленген жерiне жету үшiн айналма жолдары көрсетiлуі қажет;
9) карантин алынғанға дейiн күл ауруына қолайсыз қойларды қырқуға жол берілмейді.
338. Күл ауруымен қойлар мен қозыларды оқшаулайды және емдейдi, клиникалық сау малдарға күлге қарсы вакцина егедi.
339. Күлдiң клиникалық белгiлерiмен өлген қойлардың өлекселерiн өртеу арқылы жояды. Ондай өлекселердiң терiлерiн сылып алуға және пайдалануға жол берілмейді.
340. Қолайсыз пункттегі мал шаруашылығының қора-жайларын, жабдықтарды, серуендету алаңдарын, қоршауларды және ауру қойлар болған басқа да орындарды барлық карантиннiң мерзiмi кезiнде қорытынды дезинфекция жүргiзiлгенге дейiн әр күнтізбелік 5 күн сайын дезинфекциялайды.
Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
341. Қолайсыз пунктте соңғы күл ауруымен ауырып сауыққан, өлген немесе сойылғаннан кейiн күнтізбелік 20 күн өткен соң карантин алынады.
32-тарау. Ірі қара малдар, қойлар мен ешкілердің энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 32-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ірі қара малдың, қой мен ешкінің энзоотиялық (хламидиоздық) түсігінің профилактикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
342. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің хламидиозды іш тастауымен ауыруының алдын алу үшін:
1) шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келіп түскен жануарларды карантиндеу;
2) қора-жайлардың, жайылымдардың, суат орындарының тиісті ветеринариялық-санитариялық жай-күйде ұсталынуы;
3) олардың толыққанды азықпен қамтамасыз етілуі;
4) отарларға жайылымдар мен суару орындарын бекітілуі қажет.
Ескерту. 342-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

343. Асыл тұқымды ірі қара мал, қойлар мен ешкілер шаруашылықтарда Жоспарлау қағидаларының талаптары ескеріле отырып, әрбір 6 ай сайын серологиялық тексеруден өтеді.


Ескерту. 343-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

344. Төлдеу мен қозылау оқшауланған секцияларға (торларға) бөлінген жеке үй-жайларда жүргізіледі.


Ескерту. 344-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 13.08.2021 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастауларын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет