телязиозы бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 647. Ірi қара малдың телязиозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық ауру жануарлардың көздерiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген емдiк ерiтiндiлермен және эмульсиялармен шаю жүргiзiледi.
648. Телязиоздың секундарлық инфекциямен асқынса, онда симптоматиялық емдеу жүргiзiледi.
649. Күннің ыстық кезеңінде сиыр шыбындары неғұрлым белсендi болғанда жануарларды жабық қораларда немесе шатыр астында ұстайды.
650. Барлық мал басын дегельминтизациялау қысқы байлауда тұрған кезеңiнде немесе көктемде сиыр шыбындарының ұшуы басталғанға дейін жүргізіледі, эмульсиямен немесе арнайы ерiтiндiмен өңдеу сиыр шыбындарының ұшуынан бастап әрбiр күнтізбелік 7-8 күн сайын қайталанады.
651. Жайылым кезеңінде сиыр шыбындарымен күресу үшiн iрi қара малға күн сайын дезинфекциялық машиналардың көмегімен дезинсекциялық құралдар себіледі, бұл үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген дезинсекциялық құрал пайдаланылады.
58-тарау. Ірі қара малдың трихомонозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі Ескерту. 58-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта профилактика бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі 652. Жануарлар тек қана iрi қара малдың трихомонозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнен әкелуге рұқсат етiледi.
653. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге тұқымдық немесе пайдалану мақсатында келіп түскен бұқалар (жас бұқалар), сондай-ақ әкелінетін сиырлар мен қашырту жасындағы құнажындар 1 ай карантинде ұсталып, күнтізбелік 10 күн сайын 3 рет трихомонозға тексеріледi.
Асыл тұқымды бұқалар мен сынама бұқалар трихомонозға 6 айда, күнтізбелік 10 күн аралықпен үш мәрте тексеріледi.
654. Түсік тастаған жануарлар дереу оқшауланады.
Түсік тасталған төл трихомонозға тексеру үшін зертханаға жiберіледi.
2-параграф. Қолайсыз пункттердегі ауруды жою бойынша