2 Дәріс. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы Қарастырылатын сұрақтар

бет2/3
Дата14.09.2023
өлшемі27,43 Kb.
#107527
1   2   3
Байланысты:
2 апта дәріс

Бастауыш білім ақылы жеке меншік мектептер, яғни Мусикалық мектептер  және Гимнастика (Палестра) мектептерінде берілді. Мусикалық мектептерде оқушылар 7-16 жасынан оқыса, гимнасиялық мектептерде 12-16 жастағы жасөспірімдер оқыды. Мусикалық мектептерде әдеби және музыкалық білім берілді.
Палестра мектептерінде дене тәрбиесі маңызды орында болды. Оқушылар жүгіру, күрес, секіру, диск лақтыру, найза лақтыру, қылыштасу өнерін игеруі тиіс болды. Бастауыш білімді алу барысында оқушылар кифаристер мектебіне де барып жүрген. Кифаристер мектебі – бұл өнер мектебі. Оқушыларды музыка, би, ән айту өнеріне үйреткен.
Мусикалық және палестралық мектептерді бітірген жасөспірім білім берудің келесі баспалдағы қоғамдық мекеме гимнасияға өтті. Б.з.б.V- ІV Афиныдамынадай гимнасиялар жұмыс істеді - Академия, Ликей, Киносарг. Бұл мектептерде 16-18 жастағы жеткіншектер оқыды. Гимнасияда атақты саясаткерлер мен философтардан дәріс алуға мімкіндік болды.
Сапалы білім алу мен тәрбиенің келесі кезеңі – эфебия болды. Онда 18-20 жастағы балалар оқыды. Эфебия қоғамдық мекеме ретінде жұмыс істеп, онда мемлекетке қызмет жасайтын оқытушыларды, әскери істі үйретті.
Грецияда қыздардың тәрбиесі отбасында жүргізілді, олар қарапайым жазу, оқу, музыкалық дайындық білімін ғана алды.
Грецияда білім беру және тәрбие ісімен айналысушылардың атауы әр түрлі болды, оларды келесідей атады:
Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.
Педагогтар- баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.
Педотриб – палестра мектебі мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы. 
Ежелгі өркениет орталықтарының бірі – ежелгі Рим. Б.з.б. 2 ғасырда Рим Жерорта теңізі жағалауындағы елдерді жаулап, ол жерлерде мәдениет, ғылым, өнерді дамытуға ықпал етті. Ежелгі Римде мектеп ісінің дамуын императордың өзі бақылап отырды. Юлий Цезарь тұсында мұғалімдер мемлекеттік қызметкер атағын алып, мемлекеттен жалақы алып отырды. Ежелгі Рим жерінде грамматикалық және риторикалық мектептер тарады.
Грамматикалық мектептерде 11-15жастағы ұлдар оқытылды.Оларға гуманитарлық білім берілді. Бұл мектептің мұғалімдерін грамматиктер, литераторлар деп атады.
Ал, риторикалық мектептер – шешендік өнер мектебі. Оған 13-19 жастағы ұлдар қабылданып, жалпы гуманитарлық білім берілді. Бұл мектеп мемлекет үшін қызмет ететін шенеуліктерді дайындады, оған тек ақсүйектердің балаларын ғана қабылдады. Риторикалық мектеп мұғалімдерін риторлар деп атады.
В)Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр түрлі деңгейде болды. Батыс елдерінде христиан шіркеуі мемлекеттік істерге араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым ісінің дамуына шектеу қойып отырды.
Орта ғасырларда батыс елдерінде келесідей мектептің типтері болды: монастрлік, соборлық, приходтық. Бұл мектептерде мұғалім қызметін монахтар атқарады. Білім беру ісі адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларына байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске асты. Мұғалім әрқашанда оқушыдан жоғары тұрды. Сабақ беру барысында оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік мектептерде «жеті еркін өнер» деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен тұрды: тривиум пәндері, оған грамматика, диалектика, риторика пәндері кірсе, квадривиум пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.
Орта ғасырлық қоғамда серілік (рыцарьлық) тәрбие ерекше орынды алды. Сері атағын алу үшін 7 жастан 21 жасқа дейін әр түрлі білімдерді игеру қажет болды. Серілік мектебі «Жеті серілік игіліктерден» құралды: өлең құрастырып, ән айту, шахмат ойнай алу, қылыштасу, аң аулау, найза, қылыш, қалқан ұстай алу, жүзу, ат құлағында ойнау сияқты жауынгерге қажетті іскерліктерді меңгеруі тиіс еді. Сері тәрбиесімен феодал және оның әйелі айналысты. 21 жасқа толғанда арнайы сынақтан өтіп, өз атағын алуы тиіс болды.
ХІІІ ғасырдан бастап еуропа жерінде алғашқы жоғары оқу орындары пайда болды (Оксфорд, Кембридж, Сарбона және т.б. университеттер). Орта ғасырлық университетте дін, медицина, заң факультеттері жұмыс істеді.
Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына байланысты діни сипатағы білім адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда болды. Қала мектептеріне шеберханалық және гильдейлік мектептер бірікті. Шеберханалық мектептер қолөнершілерді дайындап, онда мұғалім қызметін шебер атқарды. Ал гильдейлік мектептер сауда ісімен айналысушыларды дайындады.
Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта ғасырлық шығыс елдерінде ғылымның әр саласы дамып жетілді. Әсіресе, математика, геометрия, физика, астрономия, география, медицина, биология, философия, тарих, тіл және т.б. салалары дамыды. Шығыс қоғамында да діни сипаттағы білім беру мекемелері болды. Бірақ дін ғылымның дамуына батыс қоғамындағыдай шектеу қоймады.
Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде мұғалімдік қызметпен орта ғасырларда молдалар, ишандар, ақсақалдар, тәжірибелі оқыған адамадар айналысты. Қазақстан жерінде де басқа мемлекеттердегідей білім беру ісі жолға қойылып, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Оған қазақ жерінен табылған әр түрлі археологиялық ескерткіштер дәлел болады (Отырар кітапханасы, ескі қала орындары, көне кітаптар, ғалымдардың еңбектері т.с.с.).

С) Капитализм дәуірінде мұғалім мамандығы бұқаралық мамандыққа айналды. Яғни, арнайы білімі бар кез-келген адамның мұғалім болуына мүмкіндік жасалды. ХVІІ ғасырда педагогика ғылымы философилық ғылымдар жүйесінен бөлініп шығып, өз алдына жеке ғылым ретінде қалыптасты. Педагогика ғылымының негізін салушы чех педагогы - Ян Амос Коменский. Я.А. Коменский педагогика ғылымын жеке ғылым ретінде дәледеп, оның теориялық негіздерін жасады. Кейін оның ісін белгілі педагогтар И.Г. Пестолоцци, А. Дистервег, И.Гербарт, Дж. Локк, Д. Дьюи, К.Д. Ушинский, А.С.Макренко, В. Сухомлинский, Н.К. Крупская және т.б. жалғастырды.
ХVІІІ ғасырдың соңында Ресейде педагогикалық білім берудің пайда болуына және дамуына байланысты мұғалім мамандығына қойылатын кәсіби талаптар жүйесі анықталды. Ресейдегі алғашқы мұғалімдер даярлайтын оқу орны 1779 жылы Мәскеу университеті жанынан мұғалімдер семинариясы ашылды. Семинария бастауыш пән мұғалімдерін дайындады.
1804 жылы алғашқы педагогикалық университет ашылды. ХІХ ғасырда арнайы білім алған мұғалімдер қызмет жасай бастады. Олар ауқатты адамдардың үйлерінде және медрселерде бала оқыту ісімен айналысты.
Қазақстан жерінде жаңа дәуірде мектеп ісі біршама қарқынды дамыды. Әсіресе, ХІХ ғасырда елімізде ағартушылық идеялардың кең таралуына байланысты және Ресей империясының отаршылдық саясатының нәтижесінде мектептер ашылып, халықты сауаттандыру ісі жолға қойылды (орыс тіліндегі мектептер негізінде). Ресей империясының орыс тілдік мектептерінде елді басқаруға көмектесетін төменгі буын басшыларын дайындайтын мамандарды, тілмаштарды әзірлеуге көңіл бөлді. Сонымен бірге, қазақ тілінде және аралас тілде оқытытатын мектептер де болды. Мысалы, ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Торғай жерінде ашқан мектептері қазақ және орыс тілінде сабақ берді. Бұл мектекптерде мұғалімдік қызметті Ресейлік мұғалімдер даярлайтын семинарияларды аяқтаған мамандар және сауатты, білімді мамандар атқарды.
Қазақ даласында алғашқы мектептер Қазақстан Ресей империясы құрамына енгеннен кейін ашыла бастады. Ресей патша үкіметі шет аймақтарды басып алғаннан кейін жергілікті басқару үшін әкімшілік, әскери қызметкерлермен қатар жергілікті халық өкілдерінен тілмаштар, іс жүргізушілер қажет болғандықтан мектептер ашуға тура келді. Сонымен қатар, шет аймаққа қызметке келген шенеуліктер, әскери қызметкерлер, қоныс аударып келген орыс, казактарының балаларын оқыту қажеттілігі туындады. Сондықтан алғаш ашылған мектептер орыс тілінде болған.
ХІХ ғ. І ширегінде Қазақстанда бірнеше мектептер ашылды. Мысалы, 1850 жылы 22 тамызда Орынбор қаласында алғаш рет жеті жылдық қазақ мектебі ашылды. Меткепте орыс, қазақ, татар тілдері, арифметика, география, тарих пәндері оқытылды. Бұл меткепті 1857 жылы Ы.Алтынсарин үздік бітіріп шыққан. 1895 жылы облыста екі орта оқу құрылыстары боды: 4 сыныпты ерлер гимназиясы, 1884 жылы Емейде ашылған 4 сыныпты әйелдер училищесі жұмыс жасады.1896 жылы 5 сыныпты әйелдер гимназиясы ашылды.
1876 жылы Өскемен қаласында қазақ балаларына арналған мектеп интернаты ашылып, кейіннен ол орыс-қазақ ауылдық мектебі болып аталды.
ХІХ ғ.аяғы ХХ ғ.басында Шығыс Қазақстанда ана тілінде сабақ беретін ауыл мектептері ашыла бастады. Алғашқы ауыл мектебі 1902 жылы 15 қыркүйекте зайсан уезі Ақсауат болыстығында ашылды. Осы жылы Нарын, Себе, Қалба ауылдарында мектептер ашылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет