№2 дәріс тақырыбы: Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары
Қарастырылатын сұрақтар:
Еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастыру сұрақтар
Нұсқауды жүргізу. Өндірістік травматизмі есептеу және тергеу
Травматизмді талдау әдістері.
1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастыру сұрақтары Еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастыру сұрақтар
Еңбекті қорғау (ЕҚ) – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді. Еңбекті қорғаудың мақсатын мына теңдеумен көрсетуге болады
Мақсат = АЖ + ТЕ + ДС + ЖК + ЕС,
мұнда АЖ – апатсыз жағдай жетістігі;
ТЕ –травматизмі ескерту;
ДС – денсаулықты сақтау;
ЖК – жұмыс қабілетін көтеру;
ЕС – еңбек сапасын көтеру.
Қойылған мақсатқа жету үшін екі топ есепті шешу керек. Біріншісі – ғылыми, яғни адам-машина жүйесіндегі математикалық үлгілер, қауіпті (зиянды) өндірістік факторлар және т.б. Екіншісі – құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіз еңбек етуді толық қамтамасыз ету.
Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар актісі Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.09.95 жылғы ҚР конституциясының 24 бабы болып табылады.
Бұл бапта әрбір адам еркін еңбек етуге құқықты деп көрсетілген:
- 15.05.2007 ж. ҚР-ның Еңбек кодексі;
- 07.02.2005 ж. № 30-П ҚР ның «Жұмыскерлер еңбек ету міндетін орындау барысында денсаулығына және өміріне зиян келуінде жұмыс берушінің азаматты-құқықты жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы» заңы.
Бұдан басқа, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге төмендегілер жатады:
- еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарты (ССБТ), бекітілетін: мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) - стандартизация, метрология және сертификация бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесі; салалық стандарттар (ОСТ) - министрліктерге, ведомстволарға, атқару билігінің басқа да орталық органдарына сәйкес; кәсіпорындар стандарттары (СТП) - кәсіпорындар;
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы бекіткен санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар;
- Атқару билігінің орталық және бақылау органдары бекіткен салалардағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар және ережелер.
Нұсқауды жүргізу. Өндірістік травматизмі есептеу және тергеу
Кәсіби аурулар және жарақат алуы мүмкін болатын әрбір мекемеде тұрақты және уақытша нұсқаулар жүйесі болуы қажет.
Жұмысқа енді қабылданатын жұмысшылар жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелері және өндірістік санитария бойынша кіріспе нұсқаудан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі.
Кіріспе нұсқауды техника қауіпсіздігі бойынша инженер немесе бас инженер жүргізеді. Прораб (мастер, участке бастығы) өкім бойынша келген жұмысшыға жұмыс орнында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау өткізеді. Қайталау нұсқауы 3 айда бір рет, сонымен бірге жұмыстың жағдайы өзгеріп немесе техника қауіпсіздігі бұзылғанда жүргізіледі.
Өндіріске байланысты бақытсыз жағдайларды есептеу және тіркеу тәртібі ҚР Үкіметінің 3.03.2001ж. №326 жарлығы мен бекітілген «Бақытсыз жағдайларды ескеру және тергеу Ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Әрбір жазымда жарақаттанушы жылдам түрде жұмыс берушіге немесе жұмыс ұйымдастырушыға хабардар ету керек.
Жазымды тергеуде 24 сағаттың ішінде мекеме басшысымен комиссия құрылады. Оның құрамына: мекеме басшысы немесе оның орынбасары, қызметкерлер атқарушы органының өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.
Ауыр жарақат алған немесе екі және одан да көп жұмысшылардың өліміне алып келген топтық жазымдарға арнайы тергеу жасалынады. Еңбек бойынша территориялық атқарушы мемлекеттік орган құрған комиссия он күннің ішінде тергеу жұмыстарын жүргізеді. Ол комиссияның құрамына төмендегілер кіреді: төраға - мемлекеттік еңбек инспекторы, мүшелері –жұмыс беруші, қызметкерлер атқарушы органның өкілі немесе жарақаттанушының сенімді адамы.
Өндіріске байланысты жұмысшының еңбек ету қабілетін жоятын әрбір жазым бір күннің ішінде Н-1 түріндегі акты толтырылады.
Травматизмді талдау әдістері.
Травматизмді талдаустатистикалық, топтық, монографиялық және топографикалық әдістермен жүргізіледі.
Тергеу актісі бойынша бақытсыз жағдайға статикалық талдау жүргізіледі. Травматизмді статикалық талдауда жазымдағы абсолюттік санының көрсеткіштері және травматизм ауырлығы мен жиілік коэффициенттерін және жұмысшылардың санын ескеретін салыстырмалы көрсеткіштері анықталады. Травматизмнің жиілік коэффициенті Кж былай анықталады
Кж= , (1.1)
мұнда п- жазымда жарақаттанған немесе өлген адамдар саны;
Р- жазымда жарақаттанушылар тіркелген мекемедегі жұмысшылардың орташа тізімдік саны.
Травматизмнің ауырлық коэффициенті КА есептік мерзімде уақытша еңбекке жарамсыздығы біткен жағдайда ғана қолданылады. Ауырлық коэффициенті КА есептік мерзімдегі бір жазымдағы еңбекке жарамсыз күндерінің орташа саны
КА = , (1.2)
мұнда Т- еңбекке жарамсыз күндеріндегі суммалық уақыт;
п – жазымда жарақаттанған адамдар саны.
Шығын коэффициенті Кш – 1000 жұмысшының еңбекке жарамсыз күндерінің саны
Кш=Кж· КА= 1000· =1000 . (1.3)
Травматизмді оқып үйренудегі топтық әдіс жарақаттану ауырлығына қарамастан жазымның қайталануына негізделген. Олар жазымды анықтау мақсатында жағдайлары бірдей, бір текті жағдайда және бір текті қондырғыда болған, сонымен бірге зақымдалу сипаттамасы бойынша топтарға бөлінеді.
Травматизмді оқып үйренудегі топографиялық әдіс бақытсыз жағдай болған орында оның себептерін оқып үйренуге негізделген. Оның принципі қайталану емес, ал топографиясы, яғни травматизм болған орын шартты белгілермен көрсетіліп қойылады.
Ерекше ауыр жағдай немесе көп санды жазымдар болған кейбір объектілерде монографиялық талдаулар жүргізіледі. Монографиялық талдауларда еңбек ету және техникалық процестер, негізгі және көмекші құрылғылар, өндіріс шарттары, жұмыс орындары, адамдар және заттар қозғалысының бағыты және траекториясы, жеке қорғаныс құралдары және киімдер, жұмыс ерекшелігі, дем алу және еңбек ету режимдері және т.б.