№ 2 дәріс
Тақырыбы: Әлемнің жаратылыстану ғылыми бейнесі
Мақсаты: Кеңістік пен уақыттың классикалық түсініктерін біржолата бұзған Эйнштейннің арнайы салыстырмалылық теориясымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1 Әлемнің механикалық бейнесі. Классикалық жаратылыстануға сипаттама.
2 А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясындағы кеңістік пен уақыт.
3 Үлкен жарылыс моделі. Хабллдың жаңалығы.
4 Жер бетінің Фридман бойынша моделі, релятивистік моделі (Эйнштейн бойынша)
Қазіргі заманғы постиндустриалды қоғам технологиялардың прогрестерімен, инновациялық (инновация - жаңалық) экономикамен, өндіріс аймақтарының бөлінуімен әртүрлілігімен, творчестволық еңбек көлемінің көбеюімен сипатталады. Еңбек құралдары, өндірістік машиналар, тұрмыстық техника құралдары күнбе күн өзгеруде. Өңдірістің жаңаруының және пайда түсірудің негізгі факторында адамның ролі, оның интеллектуальды және творчестволық мүмкіншіліктері күшейіп келеді. Информациялық кеңістікті игерудің күшеюіне байланысты өркениеттің (цивилизация) жаңа даму сатысы келе жатыр. Осы жағдайлар қоғам өміріндегі жаратылыстану ғылымының маңызын арттырады, қоғамның әрбір мүшесінен жоғары білімділікті талап етеді.
Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізгі мақсаты - үлкен жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижесінде Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін жасау.
Әлемнің жаратылысты-ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар - астрономия, космология, космогония және физика.
Жаратылыстану адам білімінің бір бөлігі ретінде табиғатты зерттеуде негізгі қағидаларымен ерекшеленетін классикалық және классикалық емес жаратылыстану болып екіге бөлінеді.
Классикалық жаратылыстану. Бұл жаратылыстану бойынша табиғатта болып жатқан құбылыстардың бәрі кездейсоқ емес, барлығы заңды. Зерттелетін жүйені толық тануға болады. Рационалды классикалық ойлау: жүйенің барлық қасиеттері сыртқы бақылаушыға белгілі. Зерттеу нәтижесінде өлшенетін шамалардың орташа мәндері есептеледі. Классикалық жаратылыстануға Ньютонның механикалық теориясы, Максвеллдің электрмагниттік теориясы, Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық кестесі, Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы жатады.
Классикалық емес жаратылыстану. Табиғаттың іргелі қасиеті - кездейсоқтық ықтималдылықпен сипатталады. Табиғат құбылыстары стохастикалық сипатқа (реттелмеген) ие. Сыртқы ортаның объектіге әсерін принципті түрде бақылау мүмкін емес. Мұндай әсерлер флуктуацияларға, яяғни кездейсоқ объект сипатамалырының орташа мәнінен ауытқуларға алып келеді. Объектінің күйі әрдайым қоршаған ортамен әсерлесу кезінде өзгеріп отырады.
Классикалық емес жаратылыстануға Гейзенберг, Борн, Шредингердің кванттық механикасы, Дирактың кванттық электродинамикасы, Эйнштейн және Гиббстің статистикалық термодинамикасы, гендік және молекулалық биология жатады.
Классикалық және классикалық емес жаратылыстану әр түрлі ойлау типтерін қарастырғанмен дүниені танып білуде бірін бірі толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |