Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Металл-индикаторлар деп қандай заттарды атайды ?
2. Металл-индикатор қатысында титрлеу барысында ерітіндінің түсінің өзгеруінің себебі неде ?
3. Комплексонометрия әдісінде не себептен ортаның рН-ы тұрақты болуы керек?
4. Трилон Б-мен титрлеу барысында қандай индикатор қолданылады?
5. Комплексонометриялық әдісте индикатордың әрекеті неге негізделген?
6. Судың уақытша кермектілігі қандай жағдайда жойылады ?
7. Судың тұрақты кермектілігін жоюдың қандай химиялық әдістеріне мысал келтіріңіздер.
8. Ионалмастырғыш смолалар дегеніміз не ? Олар қандай түрлерге бөлінеді ? Олар суды не себептен жұмсартады ?
9. Суды еріген минералды заттардан толық тазарту үшін қандай әдістер қолданылады ?
10. рН 8,0-10,0 болғанда эриохром қара Т индикаторы қандай түсте болады?
11. Эриохром қара Т мен металдардың комплексі қандай түсте болады?
12. Трилон - Б титрлі ерітіндісі қандай жолдармен дайындауға болады?
13. Трилон Б титрін анықтауға бастапқы заттар не үшін қажет?
14. Комплексонометриялық әдіспен кальцийді анықтауды сипаттаңыз.
15. 100мл ерітіндіде қанша грамм KCl бар, егер титрлегенде 10мл-не 11,33мл 0,1050н AgNO3 ерітіндісі жұмсалған болса?
|