2. ДӘріс тезистері


Гравиметриялық анализ кезіндегі есептеулер



бет6/38
Дата06.04.2022
өлшемі209,33 Kb.
#30021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Дәріс тезистері-4

Гравиметриялық анализ кезіндегі есептеулер.

Гравиметриялық анализде қолданылатын барлық әдістемелік талаптарды дәлме-дәл орындап қана қоймай, математикалық есептеулерді орындауға зер сала білу керек. Үлгі өлшендісінің массасын шамалап есептеу үшін талдау жасалатын заттың молекулалық массасын, тұну формалары мен гравиметриялық формаларды ескерген жөн, сонымен қатар, тұнбаны даярлау, бөліп алу және оны кептіру кезінде өтетін химиялық реакциялар теңдеулерінің барлығын да дұрыс құру қажет.

Тұнбаның пайда болуы, ерiгiштiк көбейтiндiсiнiң ережесiне сәйкес, тұнбаға түсетiн иондардың ерiгiштiк көбейтiндiсi, сол температурада тұнбаға түсетiн қосылыстың ерiгiштiк көбейтiндiсiнен жоғары болуы қажет, сол кезде тұнба толық түседi.

[Ме+] [Ан-] > ЕКМе Ан ;

Гравиметриялық талдау жасағанда шектеуді ескерген жөн. Егер реакция нәтижесінде кристалды тұнба түзілсе, гравиметриялық форманың массасы 0,2 - 0,3 г жеңіл тұнба үшін, ал ауыр тұнба үшін 0,5 г болуы керек. Аморфты тұнбаның гравиметриялық формасының оптималды массасы 0,1 – 0,15 г болғаны жөн. кристалды тұнба түзілсе: mгр.ф. = 0,2 - 0,3г жеңіл тұнба үшін;

mгр.ф. = 0,5г ауыр тұнба үшін;

аморфты тұнба түзілсе: mгр.ф. = 0,1 – 0,15г;

Өлшендіні аналитикалық таразыда үтірден соңғы төртінші таңбаға дейін (0,0002г) дәлдікпен алу керек. Өлшенді мен тұнбаға түсетін реактивті есептеу алдын ала есептеу болып саналады.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Қандай жағдайда тұнба түзіледі?

  2. Индукция мерзімі деген

  3. Тұнбаның пайда болу жылдамдығы.

  4. Түнбаның түзілу шарты.

  5. Тұнбаның түрлері және түзілу шарттары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет