Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Бренстед-Лоури теориясы тұрғысынан қышқылдар мен негіздерге анықтама беріңіздер.
2. Қышқылдар мен негіздердің Бренстед-Лоури теориясынан басқа қандай теориялары бар?
3. Ерітінділердің рН және рОН қалай анықтайды?
4. Буферлі қоспаның рН есептеу.
5.Протолиттер теориясы. Қосарласқан қышқылдар мен негіздер жұбының тепе-теңдік константасы арасындағы байланыс.
6. Амфипротты протолиттер. Судың иондық көбейтіндісі.
7. Химиялық анализдегі тұздардың гидролизі.
8. Химиялық анализде буферлі ерітінділерді пайдалану.
9. Буферлік сыйымдылық деп нені айтады?
10. Буферлі қоспаның ортаның рН өзгертпеу ұстап тұру механизмі.
11.рН мәні 6,7 тең болатын ерітіндідегі [H+] ионның концентрациясын есептеңіз.
12. 0,3М HNO3 ерітіндісіндегі H+және иондарының активтілігін және рН-ын анықтаңыз.
13. 50мл 0,1М аммиак ерітіндісіне рН = 9,3 болу үшін қанша миллилитр 0,1М NH4Cl ерітіндісін қосу қажет?
14. рН = 4 тең болатын 20мл буферлік ерітіндіні қалай дайындауға болады?
15. Калий дигидрофосфатынан KH2PO4 және моногидрофосфаттан Na2HPO4 тұратын буферлік жүйе түздарының 16:1 мольдік қатынасында дайындалған. Осы ерітіндінің рН анықтау керек.
16. Құрамында 0,2М NH4Cl және 0,2М NH4OH бар буферлік ерітіндінің рН табыңыз.