Дәрістің қысқаша мазмұны: Ежелгі грек философиясының сипаттық белгісі – космоцентризм. Мифологияға қатынасы. Антикалық философияның ғылыми білімдермен байланысы. Ежелгі грек философиясының тарихи маңызы. Ежелгі Грециядағы натурфилософиялық мектептер. Милет мектебі және оның өкілдері. Эфестік мектеп. Пифагор мектебі.
Гераклит диалектикасының шығуы. Эмпедокл. Жарамсыз диалектика: Парменид, Зенон, Ксенофан. Зенон апориялары. Атомистика. Демокрит және Эпикур.
Алғашқы грек философтары Иония (Кіші Азияның батысы) топырағында дүниеге келеді. Олар тарихқа “фисиологтар² (physіs - табиғат,-грек сөзі, natura- табиғат, латын сөзі), яғни табиғатпен айналысатын ойшылдар ретінде кірді. Дүние жөніндегі мифологиялық көзқарасқа қанағаттанбай, олар бүкіл Дүниені біріктіретін, соның негізінде жатқан алғашқы затты іздеді. Олардың ойынша, ол зат біріншіден сезіммен танылатын, ең кең тараған, әртүрлі қасиеттері бар зат болуы керек. Сонымен олар Дүниенің бастауын мифологиядағы Құдайлардан іздемей, табиғаттың өзінен табуға тырысады.
Егер мифология Құдайлардың аяны ретінде есептелсе, Дүниеге келген ойшылдар өздерінің “даналыққа деген құштарлығын², білімге деген талпыныстарын көрсеткісі келеді. Пифагор айтқандай “Толығынан дана ол Құдай ғана, ал біз тек сол даналыққа құштармыз².
Б.з.д. VII-VI ғғ. аралығында Кіші Азиянда дүниеге келді. Римде философия б.з.д. И-І ғасырларда қалыптасты. Гректер жерінде поэзия, драматургия, мүсіндеме, философия, басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері Гомер, Эсхил, Аристофан, Софокл, Геродот, Кинофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель т.б. дүниеге келді.
Б.д.д. VII-V ғғ. Антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардық мәнділіктің генетикалык бастамасын, түп негізін жалпы дүние танымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азиядан шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаған Фалес еді. Ол "Бастама туралы", "Күн туралы", "Күн мен түннің теңесуі туралы", "Теңіз астрономиясы" деген еңбек жазған. Фалестің ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы - су. Фалес бір жағынан барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан ол жай су емес, ол "ақыл-ой". Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғышарты деді. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимандр жалғастырды. Оның ойы бойынша, заттардың түп негізі, әлемнің бастамасы - апейрон. Анаксимандрдың апейроны - мәңгі, ол ешқашан жойылмайды, белсенділікте және қозғалыста болады. Анаксимандрдың ілімін әрі қарай Анаксимен дамытты. Оның ойынша, барлық денелердің негізі - ауа болып табылады. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Ал жан болса, ол бізді біріктіретін бастама.