Конфликт ұғымы қазақ тілінде қақтығыс, егесу, керісу, жанжал, дау-жанжал, тартыс деген мағыналарда жиі қолданылады. Конфликт – (латын тілінен conflictus – қақтығыс) қарама-қарсы бағыттағы субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының өзара келіспеушіліктері.
Конфликт ұғымына анықтама берсек, конфликт дегеніміз– адамдардың қызығулары, қажеттіліктері, мақсаттары, түсініктері мен көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы келетін және бір-біріне деген жағымсыз (негативті) қатынастың әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс.
Конфликт процесінің шарттары: 1.Уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы);
2.Әлеуметтік-психологиялық факторлары (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфликт мүшелерінің қал-жағдайы);
3.Әлеуметтік мүшелердің қатысы (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этностық) және т.б.;
4.Конфликті жағдайдың көрінісі – бұл конфликт мүшелерінің қарама-қарсы жаққа және конфликт ортасына деген жеке көзқарасы;
5.Конфликтке қатыскандардың іс-әрекеттері: шабуыл, корғану, нейтрал, белсенділік, енжарлық;
6.Конфликтінің шығу мүмкіндігі: біреудің толық немесе жартылай бағынуы, ымыраға келуі (компромисс), конфликтті іс-әрекеттің үзілуі, ықпалдастық (интеграция) және т.б.
Психологиялық тұрғыдан конфликт, қарсы бағытталған, қажеттіліктердің сәйкес болмауынан, дәлелдердің, ойлардың, сезімдердің, әрекеттер мен мінездердің қақтығыстарын білдіреді. Конфликтіде эмоция күшейеді, қарсылық шиеленіседі, барлық қатысушыларға өз ауыртпалығын тигізеді, стресс береді әртүрлі психосоматикалық аурулардың себепшісі болуы мүмкін.
Әр адам өзі мінез-құлық модельдерін игереді соған қарай сәттілікке жетеді, адам неғұрлым адамдардың мінез-құлқына реакциясына негіздеп, өз мінез-құлқын объективті бағаласа, соғұрлым оның қолданатын мінез-құлық стратегиясы мен тактикасы адекватты болады.
Күнделікті өмірде басқа адамның мінез-құлқын біртұтас бейне ретінде қабылдаймыз, әртүрлі құралдармен біруақытта өз позициямызды көрсетеміз. Сөйтіп бір адамдарға симпатия көрсеткіміз келсе, дауыс ырғағымызға (интонациямызға) дейін өзгертіп жеңіл, жұмсақ, жағымды қатынас көрсетеміз, сезімдеріміз де соған сай болады, мейірімді көзбен қарап жатамыз. Міне осындай белгілер модель дегенді құрайды немесе психологтар айтатындай мінез-құлық паттерндері қалыптасады.