2 диплом алдындағы практика өту барысы



Дата29.10.2023
өлшемі1,56 Mb.
#121088
түріДиплом

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультетінің
5В0090200 «Туризм» мамандығы
студентінің диплом алдындағы тәжірибесі бойынша
ЕСЕБІ

Асқарова Дилназ


“Бұқаралық ақпарат құралдарының Алматыдағы туризмнің дамуындағы рөлі”тақырыбы бойынша


Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі Актымбаева А.С.


Кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшісі Акпан А.К.

Алматы 2023


МАЗМҰНЫ
Кіріспе.....................................................................................................................3


1 КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ .....................................................................4
1.1 Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және мақсаттары.................................4
1.2 Басқару құрылымы...........................................................................................5
2 ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА ӨТУ БАРЫСЫ................................10
2.1Кәсіпорында диплом алды практиканың өту барысы...................................10
2.2 Турды ұйымдастыру, туристік өнімді жылжыту..........................................11
2.3Турды ұйымдастыру барысында БАҚ өкілдерінің рөлі және ықпалы........13
3 БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨМЕГІМЕН МАРКЕТИНГТІК АЙЛА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................14
3.1 Ұсыныстар мен пікірлер................................................................................14
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................17

КІРІСПЕ

Біз диплом алдындағы тәжірибені Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Акпан трэвел» туристік агенттігінде өттік. Практикадан өту мерзімі: 27.03.2023-22.04.2023
Практикадан өтудің мақсаты: ұстанымымен танысу, материалдар жинау, туристік агенттік өмірлік циклін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер туындайды:
- " Акпан Трэвел " турагенттігінің қызметін талдау;
- " Акпан Трэвел" тураегнттігі үлгісінде турагент өнімінің өмірлік циклінің кезеңдерін зерделеу;
- турагент өмірлік циклінің әр кезеңінде маркетингтік стратегияның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар.
Зерттеу нысаны-турагенттіктің өмірлік циклінің тұжырымдамасын зерттеу және анықтау.
Зерттеу пәні - " Акпан Трэвел" туристік агенттігі
Практикалық дағдылар кез-келген маманның кәсіби қызметінде шешуші рөл атқарады. Адам өзінің теориялық білімін практикалық қолдануда неғұрлым көп тәжірибе жинаса, мұндай қызметкердің жұмысы соғұрлым тиімді болады. Өз кезегінде, туристік агенттіктің өмірлік циклі тұжырымдамасы нарықта сәтті бизнес құруға, сонымен қатар өзінің бәсекелестік артықшылықтарын құруға мүмкіндік беретін кәсіпорынның маркетингтік стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір турагенттіктің өзіндік сипаттамалары бар өмірлік циклі бар, сонымен қатар олардың қызметінің кейбір проблемаларына тап болады. Өндірістік практикадан өту кезінде мен " Акпан Трэвел" турагенттігінің ішкі құрылымын білдім, сондай-ақ, өткен жылдардағы есептерді зерделеп, турагенттіктің өмірлік циклына талдау жүргізе алдым, сондай-ақ турлардың сатылу деңгейін барынша арттыруға, кірістерді арттыруға және Алматы қаласының турагенттіктер нарығында жетекші орын алуға мүмкіндік беретін турагенттік басшылығы үшін ұсынымдар тұжырымдадым.

1 КӘСІПОРЫН СИПАТТАМАСЫ


1.1Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы және мақсаттары
Akpantravel: 2018 жылы құрылған.Бүгінгі күнге дейін жұмыс істейді.

Форумдарға бірнеше рет қатысқан тұрақты клиенттердің үлкен тізімі бар.
2020 жылдан бастап жастарды шетелге жұмысқа жібереді (қосымша ақпарат @akpan.job)
Туркомпанияның иесі: белгілі кәсіпкер Ағлан Ақпан Қайратұлы
2015 жылдан бастап турлармен айналысады, келесі бағыттарға барлық топтық турларды қадағалайды: Египет; БАӘ; Тайланд; Вьетнам; Түркия; Грузия; Еуропа: Италия, Испания, Польша, Франция, Португалия.
21 елге бағыттар ашылды, компания 2 туроператормен жұмыс істейді: Комраѕ & Fun & Sun
Бас кеңсе қала орталығында орналасқан: Al-FARABI 21/5 AFD PLAZA 5 блок кеңсе 1136
2023 жылдан бастап компания бизнесті кеңейтуді және адамдарды қажылық Меккеге жіберуді бастауды және Меккеге бас тур-Елші болуды жоспарлап отыр…
Барлық кезеңде бізде бір өтінімде кемінде 2 -3 адамнан 1000-нан астам өтінім бар )

1.2 Кәсіпорынның басқару құрылымы.


Кәсіпорынның басқару құрылымы


Директордың қызметі

Директор– басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскер.


Басқару кадрларын әр түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша - жоғарғы, орташа және төменгі буындар.
Директор– бұл ұжымға басшылық етуші адам, басқару аппаратының немесе оның жекелеген буындарының жұмысын үйлестіруші, қойылған міндетті орындау үшін ұжым қызметін бағалауды және реттеуді жүзеге асыруышы. Басшыға алуан түрлі, бірін-бірі толықтыратын қызметтерді орындауына тура келеді.
Басшы әкімшілік рөлінде өз билігін пайдалана отырып, қолданылып жүрген нормативтік актілерге сәйкес жүйедегі қозғалысты қамтамасыз етеді, ұйымда тиісінше тәртіп орнатады. Өзіндегі қызметкерлермен бірлесе отырып кадр саясатын ойластырады және жүзеге асырады, штатты жинақтайды, кадрларды іріктеуді, баулуды, орналастыруды және ауыстыруды жүзеге асырады.
Басшы ұйымдастырушылық қызметті орындай отырып, бірлесе жемісті еңбек ету үшін қажетті жағдай жасайды, басқару процесінде және өндірісте жұмыс істейтіндерге бағыт сілтеп, іс әрекеттерін үйлестіреді. Басшы кәсібі даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда – мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан-жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктермен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.
Басшы өзінің тікелей міндетімен қоса, алуан түрлі өндірістік қызметтерді орындайтын қоғам қайраткерлері болып та саналады. Өйткені онсыз ұйымшыл ұжым құру мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда ол қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әр түрлі мәжілістерге, конференцияларға және басқадай қоғамдық шараларға, сайланатын жергілікті және орталық органдардың жұмыстарына қатысады. Соның нәтижесінде басшы толып жатқан мәліметтер алады, ал оны тиімді қолданғанда ұжымның психологиялық ахуалына және шаруашылық қызметіне елеулі ықпал ете алады.
Басшының тәрбиешілік қызметінің де маңызы зор. Жақсы жолға қойылған тәрбие жұмысы жеке адамдар мен ұжымның ауызбіршілігін, ынта жігерін арттыра түседі, экономикалық және әлеуметтік прогресті жеделдетуге ықпал етеді. Тәрбие жұмысына соншалықты жоғары баға берілетін себебі, басқару, бұл әрдайым адамдарға басшылық ету және де оны ойдағыдай жүзеге асыруға, басшының қол астындағыларға өктем бұйрықпен емес, сендіру, әділдікке көзін жеткізу арқылы ықпал етуінің зор мәні бар.
Басқару тәсілдері. Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына ықпал етуге негізделген.

Бухгалтердің қызметі


«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заң бойынша (15-бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. №1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002 ж. №06-2-2/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.


Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық – құқықтық сақтандыру келісім-шартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішімен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.
Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.
Туризм – Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және тағы басқа сапарлары.
Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13-ші маусымындағы №211-II (22.02.02. ж. №296-II өзгертулермен) «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:

  • Негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);

  • Ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырылуы).

Бұған қоса олар БЕС 30 «Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттемеленіп, «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» Заңына белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъектілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы «Есептік саясатқа» қабылданады.
Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олардың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын рәсімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы-материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.
Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес субъект басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісім шартпен мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.
Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есебін жүргізеді, заң талаптарын, қаржы-шаруашылық қызметтердің бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі аудитта жүзеге асырылады.

Туризм менеджерінің қызметі


Негізі, «менеджмент» деген «басқару» деген мағынаны береді, яғни туризм менеджері ол директордан кейінгі басқарушы адам. Туризм менеджері дегеніміз басшының қабылдаған әрекеттері мен шешімдерін жүзеге асырып, орындалуын қадағалауы тиіс. Ұйымның (турфирма) басты мақсаты түсетін пайда мен шығындар белгілі тауарлармен қызмет жасау.


Мақсаттары:

  1. басты мақсат құраушыларға бөлінеді

  2. өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру

  3. өндірісті жан-жақты интенсификациялау

  4. ғылыми техникалық процесті жылдамдату

  5. еңбек өнімділігн арттыру

  6. ресурстарды үнемдеу, өңдеу

  7. пайданы ұлғайту

  8. ұжымның әлеуметтік дамуы

  9. ұйымның жаңару, даму негізін қамтамасыз ету

Менеджер ұйым қызметін басқару және басқару процесін қалыптастыруы тиіс. Ұйымдастыру қызметін жоспарлап және жұмысқа байланысты барлық функцияларды анықтап орындауы керек, ұйымдастыру құрылымын толық жүйе ретінде әрбір ұйымның тиімді қызметін және пайда табуын, кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы арқылы бизнесті дамыту және басқаруы тиіс. Басқару – адамның кәсіптік қызметі. Ұйымның, ұйымдағы әр адамның, жеке адамның біріккен еңбек жұмысындағы процесіндегі мақсатына жүйелі ықпал етуі. Ұйымдастыру кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының процесі.
Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы орта факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «Ең қолайлы құрылым бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкіндік беретін, өз қызметкерлерінің күш жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым». Менеджер ұйымдастырып қана қоймай бақылап та отыруы керек. Бақылау бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі. Бақылау қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап, ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Істің анық қанығын жете білетін, соған білім өрісі жететін, әрі басқаларға үлгі өнеге көрсете алатын адамдар ғана бақылай алады.
2 ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ПРАКТИКА ӨТУ БАРЫСЫ

2.1 Кәсіпорында диплом алды практиканың өту барысы


Практика өту барысында демалыс орындары жайлы, туризм жайлы көптеген ақпарат алдық. Ол мәліметтермен біз интернеттен, каталогтардан, журналдардан, брошюралардан қарап таныстым. Сөйтіп телефон арқылы қоңырау шалған туристерге, офиске келген туристерге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, кеңес беріп, оларға көптеген ақпарат бердік. Практиканың соңғы күндерінде бірнеше жолдама жасауға мүмкіндіктер болды.


Практика барысында түсінгенім турды өткізу кезінде немесе ұсыну
барысында БАҚ өкілдерінің ықпалы зор. Мен дипломдық жұмысымда БАҚ өкілдерінен туризмге ықпалы бар деп танылғандар: (медиа, жұлдыздар, блогерлер, танымал адамдар, белгілі бизнес өкілдері). Бұқаралық ақпарат құралдары аумақтың имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Егер бейнені саналы түрде құру немесе түзету қажет болса (мысалы, әлеуметтік немесе саяси тәртіп жағдайында) олардың рөлі артады. Сонымен қатар, жасанды түрде жасалған кескін, мысалы, іргелі әлеуметтік-экономикалық сипаттарды, аумақтың проблемалары мен қайшылықтарын, ұлттық/аймақтық бизнесті жүргізудің нақты принциптері мен әдістерін, халықтың өмір сүру ерекшеліктерін көрсетпеуі мүмкін. , аумақтың экономикасының қоршаған ортаға әсері және т.б. Және керісінше, кейде елдің, аймақтың, қаланың өмірдегі кез келген нақты (немесе бұрыннан бар, кейде тіпті ойдан шығарылған) сипаты асыра немесе бұрмаланған түрде ұсынылуы мүмкін. объектінің негізгі сипаттамасы ретінде.
Біз «Akpan travel» ту­ристік кәсіпорнына келдік. Басшымен, оның орынбасарларымен және туристік мекемедегі өндірістік практика жетекшісімен таныстық. Ұйымдастыру құрылымымен, ұйымның негізгі функцияларымен және міндеттерімен таныстық.
Практиканың екінші күні ұйымның негізгі құжаттамасымен таныстық, оның ішінде жарғылық құжаттар, лицензиялар, келісімшаттар және т.б.
Келесі күні ұйымдағы еңбек қатынастарын зерттеп және талдап, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерімен таныстық.Жұмыс орнын меңгеруге кірістік. Компанияның веб-сайтымен, электронды поштасымен, кеңсе техникасымен (принтер, сканер) жұмыс істедік.
Бір аптадан кейін, клиенттерге қол жетімді туристік өнімдер туралы телефон арқылы хабарладық. Мекеменің бағыттарымен электронды пошта арқылы бөлістік.
Туристік өнімдерді сатуға арналған келісімшаттар мен паспорт көшірмелерімен танысып, таңдадық. Мекемеге келген туристерге кеңес бердік.
Туристік өнімнің презентациясын дайындаумен айналыстық. Мекемеге келген туристерге туристік өнім жайлы мәлімет беріп, кеңес бердік.
Практика барысында тұтынушылардың сұраныстарына талдау жүргізіп, сондай-ақ олардың жаз айларында жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырдық. Оны презентация формасында жекелей басшылыққа қорғадық. Өзара пікірталас өткізілді.
Туристік мекеменің ресурстарын, мүмкіндіктерін қарастырдық. Оның ішінде: сайт, Интернеттегі жарнама, БАҚ, буклеттер мен каталогтар. Олардың ішінен қажетті ақпараттарды алып, тізімге қостық.
Аймақтағы туристік демалудың даму болжамын ескере отырып, турларды дамыту жолдарын қарастырдық. Мекеме басшысы әрқайсымызға аталмыш тақырып бойынша тапсырма беріп, біз тапсырманы презентация, видеожазба ретінде қорғадық.

Клиенттердіңсұраныстарын, өтініштерін қабылдадық.. Бухгалтерияның жұмысымен танысып, қызмет құнын толық есептеуді үйрендік.
Толық турпакетті даярлау процесін үйрендік, оның ішінде ваучер, сақтандыру полисі, жолдаманы әзірлеуді.
Келісімнің жобасын даярлау, қол қою жұмыстары атқарылды. Кіріс ақысын төлеу тәртібін даярладық.
Туристерді қолдану бойынша ілеспе қызметтер көрсету жұмыстарымен айналыстық.
Туристік тур бойынша толық ақпарат бердік: экскурсия маршруттары, экскурсия объектілерінің карталары және т.б.
Нарықта талап етілетін туристік өнімді қалыптастыру мақсатында туристік нарықтың маркетингтік зерттеулерлерін жүргіздік. Оны әрқайсымыз презентация формасында әзірлеп, маркетингті жүзеге асыру шараларын қарастырып, мекемеге қажетті шараны таңдап, талқыға салдық.
Туристік мекеменің ұсынатын туристік өнімдерінің рейтингін (тәжірибе базасы бойынша) құрастырдық. Оны біз шығармашылық жұмыс ретінде атқарып, басшылыққа тапсырдық.
Бәсекеге қабілетті нарықтың картасын құрастырдық.
Туроператор мен турагент арасындағы клиенттік келісімшартқа талдау жүргіздік.Тур алдындағы туристерге кеңес беру жұмыстарын атқардық.
Туристік өнімдерді сату мен ұйымдастыру жоспарларын әзірледік.
Виза жұмыстарымен таныстық. Визаға арналған құжаттар мен жалпы дайындық жұмыстарымен айналыстық.
Қоңырауларға жауап бердім, жолдамалар мен келісімдерді толтырдық. Электронды поштамен жұмыс жасадық, хаттарға жауап бердік. Факспен жұмыстар атқардық.
Есеп беру жұмыстарымен және өндірістік практика күнделігімен айналыстық. Есеп үшін жетіспейтін ақпараттарды жинадық.
Өндірістік практика барысында жиналған мәліметтер:

  • Ұйымның негізгі құжаттамасымен, оның ішінде лицензия, жарғылық құжаттар, келісімшарттармен және т.б. құжаттармен таныстым;

  • Ұйымның ұйымдастыру құрылымымен, ұйымның негізгі функцияларымен және міндеттерімен танысып, үйрендім;

  • Компанияның веб-сайтымен, электронды поштасымен, кеңсе техникасымен жұмыс істеуді меңгердім;

  • Клиенттермен телефон арқылы сөйлесу мәнерін үйрендім;

  • Туристік өнімнің презентациясын жасауды және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеуді меңгердім;

  • Туристік мекеменің ресурстарымен: мекеме сайты, Интернет жарнама, БАҚ және т.б. таныстым.

  • Виза құжаттарымен, ваучер, жолдамамен танысып, жұмыс істеуді үйрендім.

2.2 Турды ұйымдастыру, туристік өнімді жылжыту


Турды туристік нарықта сату үшін оны жасау процесі туроператордың өндірістік функциясы болып табылады. Турдың бірнеше кезеңдері бар:



  1. турдың дизайнын әзірлеу, оның мақсатты бағыттылығын белгілі бір тұтынушыға бағдарлау, маусым, елдер бағыты және қызмет көрсетудің негізгі кешенін (ми шабуылдау әдісі, бақылау) жуықтап толтырумен анықталады.

  2. фирма іс жүзінде оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін талдайды және зерттейді; талдау және зерттеу бірнеше бағытта жүргізіледі: турдың идеясын тұтынушы күтуімен сәйкестендіру, ықтимал нарықтарды зерттеу, туристік компаниялардың бәсекелес экскурсияларын бағалау, экскурсия идеясын жүзеге асыру үшін серіктестер мен қызметтерді ұсынатын серіктестерді таңдау мүмкіндігін анықтау;

  3. іздеу және жеткізушілердің іріктеу – олардың фирмалық каталогтарын, интернет-ресурстарын және басқа да байланыс құралдарын түрлі пайдалану жолдарын қарастыру;

  4. тур енгізілген қызметтердің бастапқы және қайталама жиынтығын қалыптастыру – олардың нақты ұсыныстары негізінде қызмет серіктестер немесе жеткізушілердің құрастыру қадамдары. Бұл кезеңде тур мақсаты, туристік маршрут әзірлеу, т.б. орналастыру қызметтерін, азық-түлік, тасымалдауды, медициналық сақтандыру, саяхат бағдарламасын жоспарлау;

  5. турды эксперименттік тексеру – (компания БАҚ және басқа да органдармен жаңа туристік өнімдерді енгізуге арналған, жарнамалық тур пайдаланады, оның туристік өнім тестілеу үшін дайындық қалыптастырады, қорытынды кезеңі; оның мақсаты tour-зерттеу, тур идеясын қалыптастыру болып табылады) оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

Туристік өнімдерді жылжыту– оны жүзеге асыруға, оның ішінде жарнамалық, мамандандырылған көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, ақпараттық орталықтар ұйымдастыруға, каталогтарды, буклеттерді жасау және т.б.


2.3 Турды ұйымдастыру барысында БАҚ өкілдерінің рөлі және ықпалы

БАҚ қоғамдық маңызы бар рөлді ғана емес, еліміздің имиджін қалыптастыру құралы ретінде де атқарады. БАҚ-тың негізгі қызметіне ақпараттандыру, жарнама, ойын-сауық, хабардар ету кіреді. БАҚ-тың халық алдында құратын имиджі қоғамға үлкен әсер етеді және адамдарды белгілі бір іс-әрекеттерге бағдарламалауда. Сондай-ақ, БАҚ-тың белгілі бір саяси оқиғаға деген көзқарасы да маңызды тармақ болып табылады.


Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси,
экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.
Елдің туристік бейнесі туристерді тартатын жəне БАҚ жарнамаланатын
тұрақты географиялық бейне. Аймақтың ерекшелігі, ұлттық дəстүрдің, халықтың тарихи естеліктері, идеология жəне тағы басқалары арқылы əлемдек қоғам арасында ерекшелейтін біртұтас бейнені қалыптастырады. Елдің туристік бейнесін қалыптастыруға əсер ететін факторлар өзара келісілген жəне сол уақытта иерархиялық құрылымданған. Сəйкесінше олардан негізгі факторларды айқындаймыз, бұл факторлар бейненің негізін қалайтын жəне халықаралық ортада қоғамның түріне байланыссыз өзгермейді. Ең маңызды фактор – туристік бренд, яғни мақсатты туристің таңдауында доминантты себеп болатын ақпарат. Елдің туристік бейнесін қалыптастыру кезіндегі ортасы жəне қалған ақпараттық аймақ – туристік бренд деп аталады. Бұл қатынас субъективті көзқарасты қалыптастырады, ал елге барып, дəстүрімен, халқымен, қалаларымен
танысу арқылы туристер объективті көзқарас қалыптастырады. Сондықтан елге өз көзімен көрген əсерлерден нақты баға беруге болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. -Mass media-) — арнайы
техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси,
экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.

3 БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ КӨМЕГІМЕН МАРКЕТИНГТІК АЙЛА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ




3.1 Ұсыныстар мен пікірлер

«Akpan travel» ЖШС келесі жарнама түрлерін пайдаланады:


- баспасөзде жарнама – жарнама түрінде және зерттеу-жарнамалық сипаттағы басылымдарда орналастырылған, оның еңбегі – тұтынушыға кері байланыс.
- почта жарнамасы – тұрақты және әлеуетті тұтынушыларға жарнамалық хабарламаларды тарату (ашықхаттар, парақшалар, каталогтар, бағдарламалар);
- сыртқы жарнама – тиімді жарнама құралы ол адамның кең ауқымын қабылдауға арналған.
Жарнамалық турфирмалардың орналасуының тиімділігі туристік фирманың клиенттеріне фирма туралы қалай білетіндігі туралы сұхбат беру арқылы қатаң бақыланады.
БАҚ қызметі өткен, болып жатқан және алдағы уақытта болатын
әлеуметтік өзгерістер жөнінде тәжірибелі түсініктерге негізделе отырып, қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, төртінші билік – бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті, оны ешкім ешнәрсемен теңестіре алмайтынына дау жоқ.
БАҚ жалпы қоғам өміріне, осы қоғам мүшелерінің әрқайсысының
әлеуметтік-психологиялық және моральдық келбетіне үлкен әсер етеді, өйткені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы келетін кез-келген жаңа ақпарат тиісті түрде стереопизацияланған және адамдардың санасында бекітілген бірнеше рет қайталанатын саяси бағдарлар мен құндылық көзқарастарын қамтиды.
Бұқаралық ақпарат құралдары жаһандық деңгейге көтеретін ұлттық масштабтағы бірыңғай рәміздер мен мағыналардың дамуын жеделдетіп, "ағымға" қойды. Бұл үдерісте бақ Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық тұрақтылық факторы ретінде үлкен рөл атқарады.
Осы факторлардың барлығы аумақтың имиджіне, беделіне және сайып
келгенде, бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді және оларды мақсатты топтардың санасында бекіту үшін жай ғана ақпараттандыру жеткіліксіз - аумақтың әлеуетті тұтынушыларымен қарым-қатынастарды орнату негізінде олардың мүдделері мен алаңдаушылықтары.
Еліміздің туристік әлеуетін дамытуда БАҚ өкілдерінің көрсететін ықпалы
өте зор. Бүгінгі күні мемлекеттің сауатты ақпараттық саясатын құруда бұқаралық ақпарат құралдарының дәстүрлі түрлерін ығыстырып, әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Тиісінше, халықпен сауатты құрылған қарым-қатынас стратегиясына мемлекеттің имиджі тікелей байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының экономикалық дамуы туралы айта келе, қазақстандық медианарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға күшті ықпал еткен мемлекеттің рөлін атап өткен жөн.
Шетелдік БАҚ және туроператорлар үшін Қазақстанның ең тартымды
туристік орындарына инфотурлар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, мұндай турлар қытайлық блогерлер үшін ұйымдастырылып, 32 миллионнан астам оқырманды қамтыған. Ресейдің ірі MICE агенттіктері үшін ақпараттық тур өтті.
Киелі мұраны жаһандық брендке айналдыру мақсатында BBC WorldNews
арнасымен бірлесіп BBC World News арнасында «Қазақстанның қасиетті географиясы», «Алтын жауынгер», «Қожа Ахмет Ясауи мен Айша-Бибі кесенелері» атты фильмдер сериясы жарық көрді. , Discovery, Viasat History, National Geographic арналары деректі тарихи фильм «Күлтегін. Жаңа келбет», «Көшпенділер елі» картинасы. Барлық фильмдер БҰҰ-ның 6 тілінде субтитр және дубляждалған.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, практика кезінде "Акпан трэвэл" турагенттігімен танысу жүргізілді.1.Алдымен жалпы турагенттіктің жұмыс процесі жайлы ақпарат алдық. Содан жұмыс жасауға арналған сrm жүйесімен таныстық. Жүйе функционалдылығы мен жұмыс принципі туралы ақпарат алдық. Жеткешінің тапсырмаларын орындадық.Сонымен қатар туризмдегі ең негізгі бағыттар жайлы ақпарат алынды. Шамамен жұмыс процесіне еніп, барлық жұмыс этаптары қарастырылды. Туризмдегі сату этаптарының алғашқы екі этапын қарастырған болатынбыз. Бұл ең маңызды этап және уақыт пен мұқияттықты көп қажет ететін этаптардың ең негізгісі. Жетекші бақылауымен қызметкерлердің туристтермен қалай қарым-қатынас жасайтындығын анализ жасадық.


2. Өмірлік цикл тұжырымдамасы өте қарапайым,бірақ маңызды кәсіпкерлік шешімдер қабылдау және стратегиялық дамудың дұрыс жолын құру үшін маңызды.Қызметкердің әрбір қадамы және әрбір әрекеті қандай да бір жолмен компанияның имиджіне және оның беделіне әсер етеді. Сондықтан қонақ үйде жұмыс істеу сіздің сөйлеу мәнеріңізді, мінез-құлқыңызды, сыртқы келбетіңізді бақылау үшін маңызды; әрқашан кәсіби біліктілік деңгейін жақсарту және арттыру маңызды.
Мен қажетті жабдықтармен және бағдарламалармен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын алдым, клиенттермен қарым-қатынас туралы құнды білім алдым, әр бөлімнің жұмысымен таныстым.
3. ХХІ ғасырда адамзат бұқаралық ақпарат құралдарына енген әлемде өмір сүреді. БАҚ ондаған жылдар бойы біздің өміріміздің бір бөлігі болды. Адамзатқа ақпарат беру құралдары қажет болғандықтан, бұқаралық ақпарат құралдары технологияның дамуымен дамыды және тарих бойында әртүрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси күштердің ықпалында болды. Бұрын бұқаралық ақпарат құралдары газеттермен, журналдармен, радио және киномен шектелетін, бірақ қазір технологиялық жетістіктердің арқасында теледидар, әлеуметтік медиа, Интернет және т.б. сияқты әртүрлі жаңа медиа түрлері пайда болды. Медиа туристер үшін негізгі ақпарат көзі ретінде пайдаланылады. Жиі жүргізілген зерттеулер бұқаралық ақпарат құралдарының баратын жері туралы хабардарлықты арттыруда және туристердің келу ниетіне әсер етуде шешуші рөл атқаратынын дәлелдеді. Бақ әлемдегі туристік индустрияны жеделдетуде маңызды рөл атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында біз "Туризм – әлемдегі ең үлкен сала" деп айта аламыз. Адамдар приключения іздеп саяхаттап, жаңа жерлерді зерттейтін уақыт болды, бұл жердің бұрын қалай болғандығы туралы түсінік жоқ, бірақ қазір, қарбалас өмірге байланысты, саяхат-бұл демалу және адамдар өздері тұратын жер туралы бәрін білгісі келеді. Олар жиналады және бұқаралық ақпарат құралдары оларға көмектеседі.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Указ Президента Республики Казахстан от 17 февраля 2000 года №344 О дальнейших мерах по реализации Стратегии Развития Казахстана до 2030 года, сб. Норм-прав.док.-Алматы:Юрист 2001.

  2. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 г.№ 211-2 «О туристской деятельноти в Республике Казахстан» (с изменениями, внесенными Законом Рк от 22.02.02 г№ 296-2). –Алматы: Юрист,2002.

  3. akpantravel/?hl=en

  4. https://yandex.kz/maps/162/almaty/category/travel_agency/184106432/

Ссылка на презентации:
https://www.canva.com/design/DAFgtQIbT9Q/QeOuWubF68-ZyGYef4g-0A/view?utm_content=DAFgtQIbT9Q&utm_campaign=designshare&utm_medium=link&utm_source=publishsharelink





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет