Рухани жаңғыру орталығы Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы аға оқытушы,тарих ғылымдарының кандидаты
ІV МОДУЛЬ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН Тақырып 2. Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. (1925-1940 жж.)
Дәріс сұрақтары
1.Голощекиннің Кіші «Қазан төңкерісі».Саяси репрессиялар
2.Қазақстандағы ауылшаруашылығын ұжымдастыру және оның салдары.
3.Индустрияландырудың сипаты, қарқыны және ауқымы.
ХХ ғасырдың 20 жылдарының екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді.
Бұл жағдай БК (б) П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннің келуімен тікелей байланысты.
1925 жылы желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің V конференциясында «Ауылды кеңестендіру» туралы шешім қабылданды. Бұл саясат «Кіші Қазан революциясы» деген атпен белгілі.
1920 жылдардың аяғы 1930 жылдардың басынан бастап коммунистік партияның ішінде тазалау шаралары жүрді, қазақ зиялыларына «буржуазияшыл ұлтшылдар» деген айыптар тағылды.
1927-1929 жылдары мемлекет қайраткерлері
Т.Рысқұлов,Н.Нұрмақов,С.Қожанов,
М.Мырзағалиев елден кетуге мәжбүр болды.
Ж.Мыңбаев ОАК-нің төрағасы, С.Сәдуақасов Ағарту Халық Комиссары, Ж.Сұлтанбеков Жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.
1929-1932 жылдардан бастап кезіндегі Алашордашыларды, ұлт зиялыларын саяси қудалау басталды.
1937-1938 жылдары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев, С.Меңдешев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов,М.Жұмабаев,
Қ.Кемеңгеров секілді көптеген ұлт зиялылары жазықсыз жазаланды.
1930-1940 жылдары Сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе,тоталитаризм берік орнады.
ХХ ғасырдың 20 жылдары елдегі жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) ұзақ уақытқа бағытталған саяси стратегия есебінде қабылданды:
Елді индустрияландыру;
шаруаларды кооперацияландыру;
халықтың ал-ауқатын және мәдени дәрежесін көтеру көзделді.
Бірінші бесжылдықтың (1928-1932 жж.) барысында Қазақстанда 40-тан астам өнеркәсіп орындары іске қосылды, өнеркәсіп өнімділігі 3,2 есеге артты.
Көмір өнеркәсібі қауырт дамыды. Қазақстан көмір өндірісі бойынша Донбас пен Кузбастан кейінгі ІІІ орынға шықты.
Қазақстан мұнай өндіруден Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі ІІІ орында болды.
Химия өнеркәсібі дамыды: Шымкент химфарм зауыты, Ақтөбе химкомбинаты, Аральсулфат, Қаратау фосфорит кеніштері.
Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балқаш мыс балқыту комбинатының, Шымкент қорғасын зауытының, Ақтөбе химкомбинатының және т.б. жылу электр станциялары салынды.
1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2 пайызы, 1930 жылдың сәуіріне дейін 56,4 пайызы, ал 1931 жылдың қазанында 65 пайызға жуығы ұжымдастырылды.
1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 көтеріліс болды, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Көтерілісшілердің 5551-і жауапқа тартылып, 883-і атылды.
1932-1933 жылдардағы аштықтан 1 млн. 750 мыңдай адам өлді деп көрсетіледі. Соңғы деректер бойынша бұл жылдары 2 млн. 200 мыңдай адам зардап шеккен.