2. ӘДебиет пәнін оқытудың мақсат, міндеттері


Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері



бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі22,42 Kb.
#78978
1   2   3
Әдебиетті пән ретінде оқытудың мақсат, міндеттері. Дәрісті өзектілеу мақсатында студенттерге «Әдебиет пәні жалпы білім беретін мектепте оқытудың басты мақсат-міндеттері не деген сауал тастасаңыз, сан алуан пікірлер мен көзқарастарды туғызасыз. Пікірлер бір-бірінен мағыналық жағынан алшақ болмағанымен, бір-бірін қайталамайтындай сан қилы болып келеді: «Әдебиет пәнін оқудағы басты мақсат халқымыздың бай әдеби мұрасын білу», «Әдебиет пәнінің басты мақсаты туған еліңнің тарихын таныту», «Оқушыларды көркем шешен сөйлеуге үйрету», «Әдептілікке, жақсы, жаманды айыра білуге үйретеді», «Салт-дәстүрімізді танытады», «Ел әдебиетін, мәдениетін білгізеді», «Тарихи кезең мен әдеби үдерістен хабар береді», «Ақын-жазушыларымызды насихаттайды», «Ақын-жазушылары-мыздың көркем сөз айшықтарын танытады», «Оқушылардың сөздік қорын молайтады», «Әдеби нормада сөйлеуге төселдіреді», «Әлем әдебиет білгізеді», «Әр ғасыр әдебиетімен таныстырады», «Елжандылыққа, Отаншыл-дыққа тәрбиелейді», «Адамгершілікке тәрбиелейді», «Оқушылардың өзіндік пікірі мен көзқарасын қалыптастырады», «Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелейді», «Оқушыларды логикалық ойлауға үйретеді» деген сынды пікірлерді тыңдайсыз. Әрине, барлық пікірмен де келісуге болады. Себебі әр пікір айтушы белгілі нысанға әр қырынан келіп, әркім өз түсінігі мен қабылдауы аясында анықтама беруге талаптануда. Айтылған пікірлердің ішінде әдебиет пәнінен басқа пәндердің құрамына енетін оқу-тәрбие маз-мұны бар екендігі де байқалады. Мәселен, туған халқымыздың тарихын тарих пәні арқылы да білуге болады, көркем сөйлеу мен сөз мәдениетіне үйрететін басқа да пәндер бар емес пе?! Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын математика сияқты жаратылыстану цикліндегі пәндерді айтуға болады.
Сонымен әдебиет пәнінің басты мақсат-міндеттерін қандай оқу-тәрбие үдерісі жатады деген сауалды тағы да пысықтау қажет болады. Себебі кез-келген мұғалім өзінің оқытатын пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсініп, түйсінгенде ғана нәтижелі еңбекке бағыт алады. Кейбір сабақтарда мұғалім-нің өз мақсаты мен міндетін жете түсінбеуі көптеген олқылықтарды туында-тады. Ол мұғалімнің сабақты ұйымдастыруындағы іс-әрекетінен танылып жатады.
«Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,1 – дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева. Бұл пікірге қосарымыз, мұғалім шығарманың көркемдік әлемі мен авторлық ұстанымды, шығармадағы ой қатпарларын терең танып, оқушыны көркем таным сүрлеуіне дұрыс бағыттай білуі керек. Сонымен әдебиет пәнін оқытудың мақсат, міндеттерін топтастыра отырып саралап көрейік.
Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімге бірнеше міндеттер жүктеледі. Әдеби білімнің алғашқы сатысы бастауыштан басталады. Бастауыш сыныптарда оқитын ана тілі сабақтары көркем шығарманың танымдық бағытын негізге алады. Жыл мезгілдері, оның қоршаған орта табиғатына, адамдар тіршілігіне әкелетін өзгерістері, туған өлке табиғатының ерекше-ліктері, ата-ана, адамдық ізгі қасиеттер т.б. ұғымдарды жас шәкірт санасына сіңіруде ақын, жазушылардың шығармалары оқу материалы ретінде жұмсалады да, әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру басты мақсат етілмейді.
Әдебиет жеке пән ретінде 5-сыныптан басталады. Яғни 5-9 сыныптар базалық негізгі білім мазмұнын құрайды. Бастауыш сыныпта оқу дағдысы қалыптасып келген көркем мәтіндерді жүргізіп, мақамдап оқуға дағды-ланады. Алғашқы міндет көркем шығарманы оқушының оқуы мен эстетика-лық тұрғыдан қабылдауын ұйымдастыру. Көркем әдебиет-адамзат қауымы ғасырлар бойы жасаған өнердің бір саласы. Сондықтан әдебиетті оқытудың басты міндетінің бірі – оқушының ой-танымына, сезіміне ықпал ету, сөз өнері туралы ұғымдарын қалыптастыру, өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін таныту.
Көркем шығарманы оқу мен өзіндік таным-түсінік аясында жеткізуде бірнеше оқу міндеті қойылады: көркем шығарманы мәнерлеп оқу дағдаларын қалыптастыру, бейнелі және зерделі ойлауға, ой-түсінігін жүйелі жеткізуге үйрету, авторлық көзқарас пен танымды терең түсіне білуге үйрету, оқушы-лардың жан әлемін рухани-адамгершілік құндылықтармен байыту, сөз мәдениетін жетілдіруге ұйытқы болу, оқушылардың көркем шығарманы өз бетімен оқуға деген қажеттілігін туғызу. Осы міндеттерді айқындай отырып, қазақ әдебиетін оқыту өз алдына бірнеше мақсат қояды:
Танымдық мақсат: әдебиет пәні арқылы қоршаған орта сырлары, адамдық құндылықтар, адамгершілік, ізгілік, мінез-құлық, іс-әрекеттерді саралап тану, шығармадағы көтерілген басқы тақырып пен қамтитын жанама тақырыптарын, шығарманың негізгі ой-түйінін, авторлық ұстанымды таны-ту, көркем шығарма арқылы оқушының дүниетаным белсенділігін арттыру, оқушылардың сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, сөйлеу, ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік мақсаты: әдебиеттің тәрбиелік қызметі аса ауқымды. Әдебиет адамтану құралы ретінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге жол ашады. Әдебиет арқылы адамзаттық сананы, ізгілік дүниетанымды, елжан-дылық пен ұлтжандықты, отандық мәдениет пен имандылық, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге болады. Туған халқының тілі, оның әдебиетіне деген ұлттық сезімдерін тәрбиелеуге, бүкіл адамзат қауымының тілі, әдебиетіне деген қызуғышылығын туғызуға, тіл мәдениетін қалыптастыруға болады. Әдебиет пәні арқылы тәрбие түрлерінің барлығын дерлік қамтуға мүмкіндік мол.
Дамытушылық мақсат: оқушының көркем шығарманы сезімталдықпен қабылдауын, образды ойлау жүйесі мен шығармашылық қиялдауды, логика-лық ойлау жүйесін дамыту, оқырмандық мәдениетті қалыптастыра отырып, көркем шығарманы өз бетімен оқуға деген рухани қажеттілік пен сұранысын дамыту, жүйелі ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, өзіндік дүние-таным мен көзқарасын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын, қазақ әдеби тілін сауатты қолдана алу қабілетін, оқушының шығармашылық қабілетін, тіл мәдениеті мен сөздік қорын дамыту. Дидактикалық мақсаттар аясында әдебиет пәнін оқытудың міндеттері де саралана түседі. Атап айтқанда:
 Көркем шығарма мазмұны мен құрылысындағы көркем заңдылық-тарды терең танып, өмірлік шындық пен көркем шындықтың ара жігін ажырата білуге уйрету;
Көркем шығарманың тақырыптық-идеялық бірлігін таныту, сюжет-тегі, образ жасалуындағы типтік байланысты ұғындыру, әдебиеттану ғылы-мына кіріспе теориялық білім қалыптастыру;
 Қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын жан-жақты ұғынып, түрлі ұлттар әдебиетіндегі ұқсастықтарды ажырата білуге, басқа ел әдебиетінің көрнекі үлгілерімен салыстыра білуге үйрету, өзіндік талғамын қалыптастыру.
 Қазақ әдебиетінің ғылыми негізі жайлы алғашқы түсінігін қалыптас-тыру; автордың көркем әлемін таныту, шығармашылық бейнелілікті, шығар-маның көркем компоненттерін талдап таныту арқылы рухани-эстетикалық талғамын қалыптастыру.
 Әдебиеттің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып, ондағы дәстүр мен жаңашылдық, әдеби кезеңдер, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы туралы білімдерін қалыптастыру;
 Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді танып, туған әдебиеттің ұлттық ерекшелігі, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стиль-дік ерекшеліктерін, көркем туындының идеялық-адамгершілік мәнін түсін-діру, адамзат әдебиеті мен мәдениетіндегі ұлттық әдебиеттің орны туралы ұғымдарын толықтыру, жетілдіру.
 Әдебиеттану ғылымы, сыны, оның мақсаты, міндеті, әдебиеттің – тұлға қалыптастырудағы маңызы туралы білім беру.
Түптеп келгенде қазақ әдебиетін оқытудағы басты мақсат – жан әлемі жетілген, рухани түсінігі мол жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалып-тастыру болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет