2. Емханада санақ арқылы алдын-алу қарауларды қандай топ бойынша жоспарлайды ? А ұйымдасқан балалар в ұйымдаспаған балалар с балалар мекмесіне бармайтын балалар +Д 1-2 жасқа дейін сәбилер е 16 жастан асқан оқушылар 3


Емшекпен емізудің алгоритмі +А) 4-3-4 В) 4-3-5 С) 4-4-3 Д) 4-4-4 Е) 4-3-2 50



бет3/18
Дата22.12.2023
өлшемі96 Kb.
#142985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ПД

49. Емшекпен емізудің алгоритмі
+А) 4-3-4
В) 4-3-5
С) 4-4-3
Д) 4-4-4
Е) 4-3-2


50. Ауылдық фельдшерлік пунктке 4 айлық қыз баланы анасы алып келді. Үйде үш күн өздігінше ем қабылдаған, нәтиже болмаған.
Педиатр қандай жағдайды тез арада ауруханаға жолдама беруі керек?
А) 1 жасқа дейінгі балалардың кез келгені
В) Қауіп белгілері байқалмаса
С) Өте ауыр аурулармен ауырмаса
)ауыр ауру, амбулаторлы емдеу мүмкін болмаса
Е) Амбулаторлы ем алып, нәтиже бермесе


51. Аймақтық педиатр дәрігері 3 айлық қыз баланы бөлмесінде қарау кезінде , баланың көзі кіртиген, мазасыз, ерні кезерген, ауыз қуысы құрғақ.
Диареяның басты клиникалық көріністерін атаңыз.
А)қозу болмайды
В)терісі тез жазылады
С)температура жоғарылайды
Д) сусыздану болмайды
+Е)құсу, іштің өтуі


52. АСБ (Пор) бөлмесіне екі айлық қыз баланы анасы алып келді. Аймақтық педиатр баланы тексергенде көзі кіртиген, тері қатпарының жазылуы баяу, іші өткеніне он бес күн болған, үлкен дәретінде паталогиялық қоспа мен қан бары анықталды.
Педиатр диареяны ВОЗ бағдарламасы бойынша қалай жіктеді?
А) жеңіл, орташа, ауырлық түрі
В)сусыздану жоқ, шамалы ауыр сусыздану
С) эксикоз, токсикоз,улануы бойынша
+Д) сусыздану, ағымы, дизентерия ауырлығы
Е)дизентерия ағымы,ауырлығы сусыздануы бойынша


53. 8 айлық ұл бала, диареяның 5 ші күні балалар емханасына анасы алып келді,қарау кезінде ашушаң, мазасыз, көзі кіртейген, суды қалыпты ішеді, тері қатпары тез жазылады.
Педиатр қандай жоспар бойынша емдейді?
А) А жоспары бойынша үйде, әр бір сұйық нәжістен кейін регидрон 50 – 100 мл
В)А жоспары бойынша үйде, әр бір сұйық нәжістен кейін 100-200 мл
+С) Б жоспары бойынша ПОР-да кг х 75мл жайлап қасықпен, аздап 4 сағат бойы
Д) А жоспары бойынша кг х75 мл кесемен аздап ішуге 4 сағат бойы
Е)А жоспары бойынша әр бір сұйық нәжістен кейін 100-200 мл регидрон ішуге
54. Қабылдау бөліміне үш айлық қыз баланы анасымен бірге жедел жәрдем көлігімен алып келді. Реанимация бөлімінің меңгерушісі баланы қарап тексеріп, ВОЗ бағдарламасының жіктеуіне сәйкес ауыр пневманаия диагнозын қойды .
Педиатр дәрігері ауыр пневмония белгілерін неге сүйеніп қойды?
А) Жиі дем алу,сырылдың есітілуі,жалпы әлсіздік
+В)Жиі дем алу немесе тыныштықта стридор
С) Кез келген қауіп белгілері байқалмаса,дем алуы қиындаса
Д) Кез келген қауіп белгілері, жиі дем алу немесе кеуде бұлшықеті кірігуі
Е) Қауіп белгілер немесе кеуде бұлшықеті кірігуі, стридор


55. Қандай үш жағдайда сәби шетінеуі мүмкін?
А) Тамақтану бұзылысы, гипогликемия, инфекция
+В) Гипогликемия, гипотермия, инфекция
С)Тамақтану бұзылысы, ауыз ойылуы, гипотермия
Д) Диарея ОРЗ, қызба
Е)Қызба, ОРЗ, ауыз ойылуы


56. Ауруханада науқастарды ВОЗ бағдарламасы бойынша қалай бағалайды?
А) Науқастың жағдайын жедел бағалау
+В)Ауруханаға түскен кезіндегі жағдайын бағалау
С)Жедел госпитализация жасау
Д) Жасына байланысты сұрыптау
Е)Ем жоспарын таңдап алу
57. Аймақтық дәрігердің қарауына 3 жас 6 айлық ұл баланы әкесі алып келді. Шағымдары: температурасы- 38,5, үлкен дәретінде патологиялық қоспамен қан бар, жалған дәретке шақырады.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А)эшерихиоз
В)сальманеллез
С)тырысқақ
+Д)дизентерия
Е)мононуклеоз


58. Емханаға 13 жасар қыз бала дәрігерге қаралуға келді. Шағымы:эпигастрий аймағының ауруына, тәбетінің төмендеуіне, асқазан қыжылымен, тамақ ішкеннен кейін асқазан маңы ауруы күшейеді. Үлкен дәреті тұрақсыз .
Сіздің болжам диагнозыңыз?
+А)эрозиялы гастрит
В)эозинофилдік гастрит
С)инфекциялық гастрит
Д)лимфоцитарлы гастрит
Е)аутоиммундық гастрит


59. Аурухананың қабылдау бөлмесіне 2,5 айлық қыз баланы анасымен бірге жедел жәрдем көлігі алып келді. Қабылдау бөлмесінің педиатр дәрігері баланы тексергенде ауыз үшбұрышының көгергенін көрді, дем алу жиілігін санады.
Педиатр қандай көрсеткішке қарап 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестеге пневмония диагнозын қоя алады?
А) 1 минутта 35 рет
B) 60 және одан жоғары
+C) 50 және одан жоғары
Д) 1 минутта 40 рет
Е) 1 минутта 45 рет
60. Балалар емханасының фильтр бөлмесіне 4,5 жасар ұл баланы анасы кезекті тексерілуге алып келді.Педиатр баланың анасынан сұрастырғанда бала үш күннен бері жөтеледі. Пневмония жоқ.
Педиатр дәрігер ВОЗ жіктелуі бойынша қандай кеңес ұсынды?
А) Ауруханаға жатқызу
В.) Күндізгі бөлімге жіберу
С)Емдеудің қажеті жоқ
+Д) Жөтелін азайтатынды қолдану
Е)5 күннен кейін қайта келу


61. Балалар емханасының он екі айлық қыз баланы анасы педиатрға алып келді. Қарау кезінде баланың көзі кіртиген,тері қатпарының жазылуы баяу, көптен бері іші өтеді. Созылыңқы диарея диагнозы қанша күннен асса қойылады?
А) Диарея 10 күннен асса
В) Диарея 5 күннен асса
С) Диарея 12 күннен асса
Д) Диарея 8 күннен асса
+Е) Диарея 14 күннен асса
62. ВОЗ бағдарламасы бойынша асқынбаған қызбада педиатр қандай кеңес береді?
+А) Температура 38,5 болса парацетамол береді
В)Емханаға жолдаңыз,ешнәрсе бермеңіз
С) Ауруханаға жолдаңыз,жолдама беріңіз
Д) Димедрол 1%-ін 0,1мл /кг егу
Е) Аспирин ішуге береді


63. Педиатр қандай көрсеткішке қарап 12 айдан 5 жасқа дейінгі балаға пневмония диагнозын қоя алады?
А) 1мин 35рет және одан жоғары
+В) 1мин 40 және одан жоғары
С) 1мин 50 және оданда жоғары
Д) 1мин 60 және оданда жоғары
Е) 1мин 30 рет және одан жоғары


64.АСБ (ПОР)бөлмесінде жоспарға сәйкес бала анасымен бірге неше сағат отыру қажет?
А) 3сағ. – А жоспары бойынша;
В) 5 сағ. – Б жоспары бойынша;
+С) 4 сағ. – Б жоспары бойынша;
Д) 2 сағ. – В жоспары бойынша;
Е) 1 сағ –А жоспары бойынша;


65.Ауру балада сусызданудың жеңіл түрінде А- жоспары бойынша емдеу тәсілі қандай:
А) 3 тәсілімен – үйде;
+В) 4 тәсілімен – үйде;
С) 2 тәсілімен – үйде;
Д) 5 тәсілімен – үйде;
Е) 1 тәсілмен – үйде;


66. Нәрестенің 1аптадан – 2 айға дейін тыныс алу жиілігі қанша?
+А) 59 рет мин;
В) 55 рет мин;
С) 49 рет мин;
Д) 50 рет мин;
Е) 45 рет мин;


67.Балада 2 айдан – 1 жасқа дейін тыныс алу жиілігі қанша?
А) 39 рет мин;
+В) 49 рет мин;
С) 59 рет мин;
Д) 60 рет мин;
Е) 55 рет мин;
68. Балалар емханасында 8 жасар ұл бала ауырып келді. Педиатр тексергенде беті, балтыры ісінген, артериальды гипертензия, зәрінің ет шайынды түсі анықталды. Осыдан 2 апта бұрын баспамен ауырған.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Жедел пиелонефрит
В) Жедел гломерулонефрит, нефротикалық синдром
+С) Жедел гломерулонефрит, нефритикалық синдром
Д) Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром
Е) Созылмалы пиелонефрит


69. Емханаға педиатрдын кезекті бақылауына 1жас 4 айлық ұл бала анасымен келді. Баланың дені сау, физикалық дамуы қалыпты, жасына сай, ана сүтін ембейді.Анасы қосымша тамақтандыру туралы кеңес сұрады.
1жас 4 айлық балаға бір рет берілетін қосымша тағамның көлемі қанша?
А) 300-350мл
+В) 250-300мл
С) 200- 225мл
Д) 150-180мл
Е) 130-150мл


70. Аймақтық дәрігерге 8 айлық ұл баланы анасы алып келді,салмағы 6200гр., бойы 62см., басының көлемі 47,5см., кеудесі 48см., туылғандағы салмағы 3200гр.,бойы 50см. Отырмайды,тісі шықпаған, терісі бозғылт, маңдайы шығыңқы, құс кеуде.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Рахит ІІ дәрежелі, қалдық құбылыстар кезеңі, ағымы жедел
В) Рахит І дәрежелі, бастапқы кезеңі, ағымы жедел
+С) Рахит ІІ дәрежелі, өршу кезеңі, ағымы жедел
Д) Рахит І дәрежелі, өршу кезеңі, ағымы жедел
Е) Рахит ІІІ дәрежелі, өршу кезеңі, ағымы жедел


71. Жедел жәрдем көлігімен барған педиатрға 5 жасар ұл балада дене қызуы 38,5, катаралды белгілері айқын, жөтелі құрғақ, төс астының ауырсынуына шағымданады. Өкпе перкуссиясында өкпелік дыбыс, құрғақ және орта көпіршікті сырылдар естіледі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
+А) Жедел бронхит.
В) Жедел бронхиолит.
С) Обструктивті бронхит
Д) Жедел пневмония
Е) Бронх демикпесі


72. 4 айлық қыз баланы аурухананың қабылдау бөліміне анасы алып келді.Жағдайы ауыр ТЖ-84 рет, тынысы шулы, алыстан естіледі, токсикоз – эксикозбелгілері бар. Тыңдағанда дем шығаруы ұзақ, қиындықпен,өкпесінің барлық жерінде кіші көпіршікті сырылдар естіледі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Жедел бронхит
+В) Жедел бронхиолит.
С) Обструктивті синдром
Д) Жедел пневмония
Е) Бронх демикпесі


73. Ауруханаға келген 5 жасар ұл баланың жағдайы ауыр, улану белгілері анық, тынысы шулы, алыстан естіледі, дем шығаруы ұзарған, перкуссияда өкпесінде қораптық дыбыс, тынысы әлсіз,өкпесінің барлық жерінде ысқырықты, құрғақ және орта көпіршікті сырылдар бар.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Жедел бронхит.
В) Жедел бронхиолит,
+С) Жедел обструктивті бронхит
Д) Жедел пневмония ,тыныс тапшылығы
Е) Бронх демикпесі,ұстама кезеңі


74. Аймақтық педиатр үйге шақыру кезінде 1 жасар қыз баланы көрді. Нәрестенің 5 күн бойы қызуы түспеген. Көргенде: жағдайы ауыр, бозғылт,дене қызуы 39,5С, ылғалды жөтел, ауыз айналасында цианоз, дем алу кезінде мұрын желбезектері керіледі, көз айналысы көкшіл, өкпесінде оң жауырынның астында локальды перкуторлық қысқа дыбыс,қатан дыбыс, кіші көпіршікті сырылдар естіледі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Жедел бронхит.
В) Жедел бронхиолит.
С) Жедел бронхит
+Д) Жедел пневмония
Е) Бронх демикпесі


75. Балалар емханасына педиатрдың қабылдауына 10айлық қыз бала анасымен келді.Анасы нәрестенің тәбетінің төмендуіне,бұрмалануына, әлсіздігіне шағымданады.Қарағанда: терісі бозғылт,құрғақ,көрінетін шырышты қабаттары ақшыл қызыл.Нәресте 3,5 айлығынан бастап жасанды тамақтанады, жеміс– жидек шырындарын қабылдамаған, 5 айлығынан бастап тек жарма ботқасымен тамақтандырған. ЖҚА – да эр.- 2,8*1012 л, Нb – 76гр/л,ТК -0,7, лейкоцит – 13,2*109 л, т.к – 0,6; ретикулоцит 2,8%; с.я – 29%; т.я - 2%; лимфоцит - 57%; моноцит – 8%; эоз – 1.
Сіздің қоятын диагнозыңыз?
А) В1тапшылықты немия
В) Белок тапшылықты анемия
С) Фолийқышқылды тапшылықты анемия
Д) В12 витамин тапшылықты анемия
+Е) Теміртапшылықты анемия


76.Өт шығару жолдары дискинезиясының негізгі белгілерін анықтаңыз:
А) сол жақ қабырға астының және эпигастрий аймағының ауырсынуы
+В) оң жақ қабырға астының ауыруы, диспепсиялық симптомдар
С) іштің барлық бөлімінде ұстамалы ауырсыну
Д)оң жақ мықын аймағының сыздап, кернеп ауырсынуы
Е)сол жақ қабырға астының ауырсынуы, диспепсиялық симптомдар


77. Өт шығару жолдары дискинезиясының гипертониялық түрі тамақтануға байланысты ауру белгілерінің басталу мерзімі:
А) тамақ ішкеннен кейін күшеюі
В) бір тәулік өткеннен кейін
+С) 1-2сағат өткеннен кейін
Д) 11-12 сағат өткеннен кейін
Е) ауырсыну тамақтануға байланыссыз


78. Емханаға педиатрдын кезекті бақылауына 1жас 1айлық ұл бала анасымен келді. Баланың дені сау, физикалық дамуы қалыпты, жасына сай, ана сүтін емеді.Анасы қосымша тамақтандыру туралы кеңес сұрады.
1жас 1айлық балаға бір рет берілетін қосымша тағамның көлемі қанша?
А) 350мл
+В) 300мл
С) 225мл
Д) 180мл
79.Улану мен сусызданудың түрлерін атаңыз
+А) аса сусызданып улану, тұз жетіспей улану, бірдей мөлшерде тұз-су жетіспей улану
В) судың көбеюінен улану, тұз жетіспей улану, бірдей мөлшерде тұз-су жетіспей улану
С) аса сусызданып улану, тұз жетіспей улану, тұз-су артуынан улану
Д) азотты қалдықтардан улану, тұздың артуынан улану, су артуынан улану
Е) азотты қалдықтардан улану, тұз жетіспей улану


80.Сусызданудың клиникасын қалай анықтайды?
А) көңіл-күйі нашарлайды, дене қызуы көтеріледі
+В) көзі кіртиеді, тері баяу жазылады, көңіл-күйі нашарлайды
С) басы ауырады, басы айналады, құсады
Д) жүрісі өзгереді, тынысы тарылады, ентігеді
Е) көзі кіртимейді, тері қатпары тез жазылады


81. Баланың іші өтіп, ауру асқынған жағдайда сусызданудың түрі:
+А) изотониялық
В) гипертониялық
С) осмолярлық
Д) гипотониялық
Е) азотемиялық
82. Ауыз арқылы суландыру(ОРС) әдісінде қолданатын ұнтақтар:
+А) регидрон, оралит, глюкосалон, цитроглюкосалон
В) антибиотик, регидрон, оралит
С) диуретик, антибиотик, витамин
Д) адреномиметик, антигистаминді препараттар
Е) кальций антогонистері, диуретик


83. Гипотрофияның басты клиникалық белгісі:
+А) салмақтың төмендеуі
В) бойының артта қалуы
С) сүйектің қисаюы
Д) бұлшықеттерінің дамымауы
Е) бойының қалыпты болуы


84. Емханаға 6 айлық нәресте анасымен келді.Анасының айтуы бойынша баланың көңіл күйі жақсы. Педиатр қарағанда: баланың терісі бозғылт, тері шел май қабаттары іш аймағында жоқ, тургоры төмен, салмағы жасына сай емес.
Қандай болжам диагноз қоясыз?
А)паратрофия
+В)гипотрофия
С)дистрофия
Д) гипостатура
Е)семіздік


85. Емханаға 6 айлық нәресте анасымен келді.Анасының айтуы бойынша баланың көңіл күйі жақсы. Педиатр қарағанда: баланың терісі бозғылт, тері шел май қабаттары іш аймағында жоқ,қол-аяқтарында сақталған, тургоры төмен, салмағы жасына сай емес.
Гипотрофияның І дережесінде қанша процент(%) бала салмақ жоғалтады?
+А)10-20
В)20-30
С)30-40
Д) 5-10
Е)40-50


86.Емханаға 1жасар ұл баланы анасы әкелді. Дәрігер физикалық дамуын бағалағанда: балада салмақ нормадан 32% кемдігін анықтады.
Гипотрофияның қандай дәрежесі?
А)1
В)2
+С)3
Д)4
Е)5


87. Емханаға 7 айлық нәресте анасымен келді.Анасының айтуы бойынша бала мазасыз. Педиатр қарағанда: баланың терісі бозғылт, тері шел май қабаттары іш аймағында,қол-аяқтарында жоқ, тургоры төмен, салмағы жасына сай емес.
Гипотрофияның ІІ дережесінде қанша процент(%) бала салмақ жоғалтады?
А)10-20
+В)20-30
С)30-40
Д) 5-10
Е)40-50
88. Емханаға 6 айлық нәресте анасымен келді.Анасының айтуы бойынша баланың көңіл күйі жақсы. Педиатр қарағанда: баланың терісі бозғылт, тері шел май қабаттары іш аймағында жоқ,қол-аяқтарында сақталған, тургоры төмен, салмағы жасына сай емес. Гипотрофияның І дережесінде Чулицкий индексі қанша болады?
+А)15-10
В)10-0
С)5-0
Д) 0
Е)20-15


89. Емханаға 6 айлық нәресте анасымен келді.Анасының айтуы бойынша баланың көңіл күйі жақсы.Жиі ЖРВИ аурады. Педиатр қарағанда: баланың терісі бозғылт, тері шел май қабаттары іш аймағында жақсы дамыған 3см, тургоры қалыпты, салмағы жасынан артық.
Қандай болжам диагноз қоясыз?
+А) паратрофия
В) гипотрофия
С) дистрофия
Д) гипостатура
Е) семіздік




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет