2. ғаламдық проблемалардың шиеленісуіне алып келетын факторлар.
Ғаламдық проблемалар.Адамзат қоғамы дамуында айрықша оқиғаларға толы болған ХХ ғасыр шиеленіскен, шешімі кезек күттірмейтін ғаламдық проблемаларымен де әйгілі болды.Ресей географы В.П.Максаковскийдің анықтамасы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін, бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазірігісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды айтады.
Ғаламдық проблемалар сипаты жағынан әр түрлі болады, олардың негізгілерінің қатарына бейбітшілік пен қарусыздану, экологиялық, энергетика және шикізат проблемаларын, демографиялық және азық-түлік проблемаларын атауға болады.Ғаламдық проблемалар бұл аталғандармен шектелмейді, іс жүзінде олардың саны өте көп. Мысалы, қазіргі кезде ғарышты бейбіт мақсатта игеру үшін дамушы елдердің артта қалушылығын жою, қатерлі аурулардың таралмауы проблемалары жағынан жоғарыда аталғандардан кем түспейді. Ғаламдық проблемалардың пайда болуына және одан әрі шиеленісуіне көптеген факторлар әсер етеді:
1)жаппай қырып-жоятын қару түрлерін молайту нәтижесінде адамзат өркениетінің тіршілігіне қауіп төнуі;
2)адамның шаруашылық әрекетінің табиғи ортаға кері ықпал етуі арқылы экологиялық жағдайдың нашарлауы;
3)дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы алшақтықтың ұлғаюы;
4)табиғат ресурстарын пайдаланудың күрт артуы;
Жалпы алғанда, адамзаттың тірішілік ортасының экологиялық күрт өзгерістерінен ғаламдық проблемалардың шиеленісуі өз кезінде қалыптасып келе жатқан халықаралық қоғамдастықтың біртұтастығының бұзылуына және адамзат өркениетінің өзін-өзі жоюына қауіп туғызуы мүмкін.
Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты. Мысалы, энергетикалық және шикізат проблемалары экологиялық проблемамен, ал экологиялық проблема демографиялық проблемамен және т.б. өзара байланысты. Осы проблемалар ішінен бейбітшілікті сақтау проблемасын бірінші кезекке қоюға болады, себебі Жер бетінде тіршіліктің сақталуының өзі тікелейбейбітшілікке тәуелді екені түсінікті. Бейбіт өмір жағдайында қарулануға жұмсалып жатқан қыруар қаржыны шешімін таппаған басқа әлеуметтік проблемалардың қажеттігі үшін пайдалануға мүмкіндік туған болар еді.
2.Ғаламдық мәселелерді бірігіп шешу қажеттілігін немен түсіндіруге болады?
Ғаламдық мәселелерді шешудің басты шарты – әлемдік қауымдастықтың мақсатты түрде келісілген саясат жүргізуі. Оның мынадай стратегиялық аса маңызды екі бағытын атап көрсетуге болады: ғылыми-техникалық саясат және қазіргі халықаралық қатынастарды реформалау. Алғашқысы экологиялық, шикізаттық, энергетикалық және т.б. қолданбалы сипаттағы мәселелерді шешуге ғылыми-техникалық алғышарттар жасауды, ал, екіншісі әлемдік қауымдастықты әділ демократиялық негізде реформалауды көздейді.[1]