2 Ғылыми зерттеудің мақсаты



бет12/14
Дата05.05.2023
өлшемі41,62 Kb.
#90375
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
СҒЗЖ оқыту формалары
 Оқу зерттемелік (ғылыми курстық) жұмыстар;
 Лабораториялық жұмыстар;
 Зерттеу жұмыстары, практика кезінде орындалады;
 Дипломдық ғылыми жұмыстар және нақты жоба;
 Студенттердің ғылыми семинарлары.
Оқу зерттемелік жұмыстың жетекшілері негізінен ғылыми жұмыс жүргізетін оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, инженерлер және аспиранттар болып табылады.
Оқудан тыс уақытта студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері:
 Ғылыми студенттік үйірмелер;
 Студенттердің ғылыми техникалық ұйымы;
 Халық шаруашылық келісім шарт және мемлекеттік бюджеттік тапсырма бойынша орындалатын жұмыс;
 Дәріс беру жұмысының ғылым және техника саласындағы арнайы білім беру;
 Студенттер конференциясына және олимпиядаларға қатысу.
36. Аннотация, рецензия.
Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама, алайда бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар. Мысалы, профессор Т.Кәкішев «Аннотация белгілі бір шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді» десе, екінші біреулер «Аннотация - шығарманың қысқаша мазмұны» деген сипаттаманы ұсынады. Аннотация, әдетте, кітапқа жазылатын еңбектің бірінші бетінде берілетін өте шағын жазба түрінде және баспасөзде басылатын шығарманың қысқаша мазмұнымен бірге қосымша пікір, үгіт-насихат жасауға құштар авторлардың мақаласында кездеседі. Аннотацияға қойылатын талаптардың өзіндік ерекшелігіне қарай, кітаптың алғашқы бетіне берілетін аннотация мен баспасөз беттеріндегі аннотацияның өзара айырмашылығы бар. Баспасөз беттерінде жүретін аннотациялар көп жағдайда көпшілікке арналып, кейде рецензияға айналып кетіп жатады. Аннотацияда шығармаға баға беріп туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады
Рецензия журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем өнер сынының (критика) жанры. Рецензия жаңа туынды туралы мағлұмат бере отырып, оның қысқаша талдамасын және бағасын қамтилы.
Рецензия біреудің бір шығармасы, мақаласы, т.б. туралы жазылады. Онда сол еңбекке рецензия жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, өз бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстары жасалынады. Рецензия көлемі аз да, көп те болуы мүмкін. Кейбір рецензиялар әңгіме болып отырған шығарма мен оның авторы аясынан асып түсіп, ғылым мен техниканың, көркем әдебиет пен өнердің, т.б. саланың толып жатқан мәселерін қамтып, жазылуы да мүмкін.Ондай рецензиялар ғылыми-зерттеу жұмысы не көркем шығарма, я көсемсөздің шын биігі дәрежесіне жетуі де ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет