2 Ғылыми зерттеудің мақсаты


Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе



бет3/14
Дата05.05.2023
өлшемі41,62 Kb.
#90375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
10. Ғылыми бағыт, ғылыми мәселе.
Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері кешенді проблемалар,мәселелер,тақырыптар және ғылыми сауалдар.
Кешенді мәселе (проблема) – кешенді мәселе бір мақсатпен біріктірілген мәселелердің жиынтығы болып табылады. Мәселе – бұл шешімі қоғаммен шығарылған, күрделі теориялық,практикалық міндеттердің жиынтығы. Әлеуметтік- психологиялық тұрғыдан бұл қоғамдық қажеттіліктер арасындағы білімде және оны белгілі жолдармен алудағы қарама - қайшылығының, білім және білімсіздіктің арасындағы қарсыластықтың көрінісі. Мәселе – масштабына байланысты ауқымды (глобальдық), ұлттық,аймақтық, салалық, сала аралық болуы мүмкін. Мәселелер жалпы және арнайы (спецификалық) деп бөлінеді: жалпы түріне жалпы ғылыми ортақ халықтық проблемалар жатады. Спецификалық мәселлерге белгілі бір өнеркәсіптерге тән мәселелер жатады. Ғылыми зерттеулердің проблемаларынжәне тақырыбын таңдаудаалдымен зерттейтін бағыттың қарама қайшылығын талдау негізінде проблеманың өзі құралады және жалпы түрде күтілетін нәтижелер аныұталады, сонан соң тақырыптар, сұрақтар,орындаушылар анықталады және олардың өзектілігі белгіленеді.
Ғылыми зерттеу тақырыбы және сұрақтары.
Ғылыми зерттеу тақырыбы мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады. . Мәселені нақтылап, құрылымы реттелгеннен кейін ғылыми зерттеу тақырыбы анықталады, әрқайсысы өзекті болуы қажет деп саналады және ғылыми жаңашылдығы болуы шарт.Ғылыми жұмысқа қойылатын негізгі талаптардың бірі тақырыптың өзектілігі. Тақырып өзектілігін анықтауда тақырыптың қазіргі замандағы әлеуметтік проблемалармен байланысын және әлеуметтік маңыздылығына аса көңіл бөлу керек.
11. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға қойылатын талаптар.
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
4. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет