Магниттік кванттық сан сыртқы магнит өрісінің бағытындағы орбитальдық импульс моментінің проекциясын анықтайды.
Электронның меншікті импульс моментін спиндеп атайды. Электронның спині (кез-келген бөлшектің) оның массасы, заряды сияқты оның негізгі сипаттамасы болып табылады. Кванттық механика заңдылықтарынан электронның спині келесі заң бойынша квантталатыны шығады:
,
мұндағы: - спиндік кванттық сан.
Спиннің сыртқы магнит өрісінің бағытымен сәйкес келетін -осіндегі проекциясы квантталады және векторының магнит өрісінде әр түрлі бағыты болады. Штерн және Герлах тәжірибесі көрсеткендей, электрон үшін мұндай бағыт екеу болады.
Спиндік кванттық санның басқа үш кванттық сандардан- бас, орбитальдық және магниттік кванттық сандардан ерекшелігі, ол бүтін сан болмайды.
Электрон үшін спиннің сандық мәні келесі формуламен анықталады:
.
Кеңістіктік квантталуға сәйкес электронның меншікті импульс моменті векторының сыртқы магнит өрісі бағытындағы проекциясы да квантталады:
,
мұндағы: санын да спиндік кванттық сан деп атайды және ол электрон үшін келесі екі мәнді қабылдайды, және .
Сыртқы магнит өрісіндегі электронның спинінің өріс бағытындағы проекциясы тек дискретті екі мәндерді қабылдайды, яғни
.
Соныменен спиндік квант сан электронның сыртқы магнит өрісінің бағытындағы спиннің проекциясын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |