2 І. Мектепке дейінгі балаларға музыкалық ТӘрбие беру



бет13/13
Дата12.05.2022
өлшемі77,27 Kb.
#34064
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
балабақшадығы музыкалық тәрибиенің

Хаттама №1

Тақырыбы: Балаға музыкалық тәрбие беру

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық тәрбиелік қабілетін анықтау.

Зерттелінушілер: «Балапан» тобы

Қатысқандары: 20 бала

Жүргізу күндер: 22.03.2022Зерттеудің барысы: Музыкалық қабілеттерін дамыту барысында балаларды әнді таза, анық дауыспен орындауын қадағаладым.

Зерттеудің қорытындысы: Зерттеу нәтижесі бойынша төмендегідей көрсеткіш шықты.

Қабілеті


Жақсы

Орташа

Төмен

Пайыз


60%

24%

12%

60%- 12 бала

24%- 6 бала

12%- 2 бала

Ұсыныс: Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы балаларға музыкалық тәрбие беру қажет.

Сауалнама № 2
Тақырыбы: Сіз музыка сабағында әннің әуеніндерін жиі жаттатасызба?

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға алуан түрлі музыкалық шығармалрмен таныстырып, алған әсерлерін байыту.
Нәтижесі:

16-21аралығындағы ұпай- жоғары балл

10-15 апалығындағы ұпай- орташа балл

1-9 аралығындағы ұпай- төмен балл
Барысы:
Нұсқалық: 7 сұрақ берілген . « Ия десеңіз-3балл», «жоқ-2балл» ,«кейде-1балл» қойыңыз

Р/с

Сауалнама сұрақтары

ия

жоқ

кейде

1

Сабағыңызды әрдайым жазған жоспарыңыз бойынша өткізесізбе?ауытқып кеткен кездеріңіз болама?










2

Балабақшада балалардың күнделікті іс-әрекетін музыка арқылы ұйымдастырасыз ба?












3

Әннің әуеніндерін жиі жаттатасыз ба?











4

Музыканы басқа пәндермен байланыстыра білесізбе?











5

Музыкалық-дидактикалық ойындарды қолданасызба?











6

Музыкалық аспаптарды қолдана білесізбе?











7

Өзіңізді шебер тәрбиеші деп санайсызба?










Жауабыңызға рахмет.



Әдістемелік нұсқау

  1. Балалардың музыкалық қабілетін дамыту.

  2. Мектеп алды даярлық тобында шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Жас ерекшеліктеріне қарай репертуарларды таңдай ала білу.

  4. Тәрбиешілердің «Музыкалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесін» жақсы меңгеру.

  5. Музыкаға және баланың жан- жақты болуына бағыттау.

  6. Музыкалық сабақта балалардың ынтасын, қызығушылықтарын арттыруға байланысты жұмыстар ұйымдастыру.

  7. Тәрбиешінің нота сауаттылығын меңгеру.

  8. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде пән аралық байланысты құру.

  9. Балалардың күнделікті өміріне музыканы кіріктіру.

  10. Көрнекіліктерді талапқа сай жасау.

  11. Музыкалық ойындарды көбірек және тиімді етіп қолдану.

  12. Музыкадағы шығармалардың авторларымен таныстыру.

  13. Музыка жетекшісі мен тәрбиешімен бірігіп жұмыс жасауы.

  14. Балабақшамен ата- аналардың үнемі байланыста болуы.



Қорытынды

Қорыта келгенде еліміздің болашағы – қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жүрегіне ізгілік нұрын сеуіп, музыкалық мәдениетті адам тәрбиелеу – ол тәрбиешілердің музыкалық тәрбиенің теориясы мен әдістемесі пәнін игере отырып, оның әдістемесін жан –жақты меңгеруіне, шығармашылық бейіміне байланысты.Музыка адамның өмірінің алғашқы күндерінен бастап- ақ әсер етеді. Құлаққа жағымды бесік жырын естігенде нәресте тынышталып қалады. Ал енді сергек, қазіргі заманауи ырғақты әуен ойналса оның жүзінде ерекше нышан байқалып, қимылы жиілейді. Бұл сияқты эмоциялық әсер нәрестені ерте бастан музыкаға баулуға, эстетикалық тәрбиенің белсенді көмекшісі етуге мүмкіндік туғызады.



Өнердің жеке адамды тәрбиелеудегі мағызын Н. К. Крупская: « Балаға музыка арқылы өзінің ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуіне, айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуіне көмектесу қажет ...», - деп сипаттаған болатын.

Балабақшада тәрбие алып жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ өнерпаздар, әншілер, жазушылыр, ақындар талай мамандық иелері шығуы мүмкін, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші солардың бойындағы қасиеттерді ерте бастан байқап, өнерге баулу ең алдымен ата-анамен тәрбиеші, ұстаздардың сезімталдығына, ізденімпаздығына көп байланысты. Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді.


Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату – басты міндет.Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстурлер, т. б. мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдердің дамытудың нақты жолдарын қарастырды. «Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі» пәні – балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласындағы тарихи түрде қалыптасқан тәжірибесі ретінде адамгершілігі жоғары ұрпақты қалыптастыруға бағытталған. 

Егеменді елдің ертеңі оқу-біліммен, өнегелі тәрбиемен өлшенеді. Сондықтан бала болашақта тұлға ретінде қалыптасуы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ветлугина Н.А. Балалар бақшасыда музыкалық тәрбие беру методикасы. Алматы, «Мектеп» 1981.

2. Қарамолдаева Д.О Музыкалық тәрюиенің теориясы мен әдістемесі.Алматы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2011.

3. Елеуов Б., Жұмашев Ә. Балабақша меңгерушщісіне арналған кітап . Алматы, «Мектеп» 1987.

4. Урбанская О.Н. «Балабақша және семья» бөлімі

5. Ветлугина Н.А. Музыкальное развитие ребенка. М.,1967.

6. Бахтигулова Л. Становление детского музыкального воспитания в Казахстане. А., ГорИУУ, 1989.

7. Метлов Н.А. Музыка – детям. М., 1985 .

8. Қоңыратбай Ф.М. Музыка әдістемелік құрал. Алматы , «Алматыкітап» 2011.

9. «Балалардың мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының негізгі мазмұнын игеру және меңгерту сапасын бағалау және өлшеу әдістемесі». – астана , «Арман- ПВ», 2012 .

10. «Музыкалық өнер және болашақ мамандардың кәсіби- педагогикалық дайындығының өзекті мәселелері» . Алматы ,2010.

11. «Техникалық және кәсіптік оқытудың дамуы : тәжірибе , проблемалар, преспективалар» 25-26 ақпан 2014жыл Баяндамалар жинағы. Талдықорған, 2014.

12. «Отбасы және балабақша» журналы №1 2014.

13. «Играем и поем» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музыкалық ойындар, билер. Метлов Н. А. М., 1978.

14. Ветлугина Н. А. , кенеман А. В. Теория и методика музыкального воспитания в детском саду. М. , 1983.

15. Кабалевский Д. Б. Как рассказывать детям о музыке. М. ,1977.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет