2. Жарық сәулелері, қалыңдығы d=10 см, жазық параллель шыны пластинаға түседі. Түсу бұрышы 



Дата27.03.2022
өлшемі13,54 Kb.
#28965
Байланысты:
СӨЖ 2-1


СӨЖ 2

1. Ойыс айнаның қисықтығының радиусы 50 см. 2 есе ұлғайған нақты кескін шығарып алу үшін денені қайда орналастырса болады? Кескін алдамшы және 2 есеге ұлғайған болса, онда дене қайда орналасқан? Екі жағдайдың да суретін салыңыз.

2. Жарық сәулелері, қалыңдығы d=10 см, жазық параллель шыны пластинаға түседі. Түсу бұрышы - 1=300, шынының сыну көрсеткіші n=1,6. Шыныдан өтіп шыққан сәуленің бастапқы бағытынан қаншалықты шамаға ауытқығанын анықтаңыз.

3. Қалыңдығы 3 см. Жазық параллель шыны арқылы өтіп шыққан сәуле бастапқы бағытынан қаншалықты ығысқанын анықтаңыз. Шынының сыну көрсеткіші n=1,75, сәуленің түсу бұрышы - 1=600.

4. Егер түсу бұрышы - 1=450 болса, қалыңдығы 10 см су қабатынан өтіп шыққан сәуле қаншалықты шамаға ығысады?

5. Шыны-ауа және ауа-су қабаттарының аралығынан сәуленің ішкі толық шағылуының шекті бұрышын табыңыз.

6. Су-мұз және шыны-мұз беттерінің аралығынан сәуленің ішкі толық шағылуының шекті бұрышын табыңыз. Сыну көрсеткіштері: шыны - n=1,5, су - n=1,33, мұз - n=1,31.

7. Су қоймасының нақты теңдігі Н=1,788 м. Егер оны 350 бұрыш бойынша қараса, тереңдігі қанша болып көрінетінін анықтаңыз. Судың сыну көрсеткіші n=1,33.

8. Тең қабырғалы (жақтаулары тең) призманың сыну бұрышы =400. Монохромат сәуле призманың жақтарына нормаль бойынша түседі. Призманың сыну көрсеткіші n=1,52. Сәуленің бастапқы бағытынан қаншалықты  бұрышқа ауытқитынын анықтаңыз.

9. Тең жақтаулы призманың сыну бұрышы =300. Монохромат сәуле призманың жақтарына і=50 бұрыш бойынша түседі. Сәуленің бастапқы бағытынан қаншалықты  бұрышқа ауытқитынын анықтаңыз. Призманың сыну көрсеткіші n=1,5.



10. Тең жақтаулы призмаға нормаль бойынша монохромат сәуле, одан өтіп шыққанда =250 бұрышқа ауытқиды. Түскен сәуле үшін призманың сыну көрсеткіші n=1,52. Призманың  сыну бұрышын табыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет