2. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті



Дата20.02.2022
өлшемі33,63 Kb.
#25967
Байланысты:
3 тапсыр


1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама

2. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.


Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы. Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді. Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың - философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады. Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Ал әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады. Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқы зады.

Ал педагогика оқыту мен тәрбие процесінде тұлғаның жан-жақты, гармониялы дамуының тиімді жағдайларын анықтайды және зерттейді. Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін бірінші кезекте «тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен ара- қатынасын, байланысын ашуымыз керек.

Адамның жалпы дамуында бір-бірімен тығыз байланысты, қатар жүретін екі бағыттарды көрсетуге болады: биологиялық және әлеуметтік. Олар өзара тығыз байланыста, бір-бірінен тәуелділікте болғандықтан адамдағы тұқымқуалаушы қасиеттер оның тек биологиялық эволюциясы емес, сонымен қатар әлеуметтік- тарихи дамуының да нәтижесі болады. Осыған байланысты «адам», «тұлға», «индивид» және «даралық» ұғымдарының қандай биологиялық не әлеуметтік мәні бар екенін ажыратып алуымыз керек. Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз. Индивид – жеке-дара адам. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады

Даралық, қысқаша айтқанда, бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты

адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. «Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады. Абсолютті бірдей екі адам болмайды. Яғни, әр адамға өзіндік ерекшеліктері (психикалық, әлеуметтік) бар даралық ретінде қарауымыз керек. Педагогикада және психологияда «тұлғаның қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл ұғым тұлғаның дамуының нәтижесі ретінде оны тұрақты қасиеттерді меңгеруін білдіреді. Қалыптасу дегеніміз «бір нәрсенің қалыпқа келуі» тұрақтылық, аяқталғандық, белгілі бір тип.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның дамуы өте күрделі, ұзақ әрі қарама-қайшылықта толы процесс. Адам ағзасындағы өзгерістер өмір бойы жүреді. Әсіресе балалық және жасөспірімдік шақтарда адамның дене қасиеттерімен рухани әлемінде де өте интенсивті өзгерістер болады. Оқушы тұлғасының дамуы бір-бірімен байланысқан үш өлшем бойынша жүзеге асады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Биологиялық өлшем – бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының(морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.

Психологиялық өлшем – адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы,құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды. Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.

Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық

ерешеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен шартталады. Оны Л.И.Божович «ішкі даму процестері мен сыртқы жағдайлардың өзінше үйлесімі» деп атап көрсетеді. Ал Б.Г.Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара әрекетімен шартталады: тұқымқуалаушылық, қоршаған орта (әлеуметтік, табиғи), тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті. Бұл факторлар дамудың күрделі құрылымына жеке-жеке емес, барлығы бірігіп ықпал етеді. Тұқымқуалаукшылық-бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерешеліктер. Тұқымқуалаукшылықты тасушы – биологиялық ген (грек сөзі - туындатушы).Тұлғаның дамуында ата-аналарынан және жақын тегінен берілетін биологиялық ерекшеліктердің маңызы зор. Адамдағы тұқымқуалаушылықты екі түрге бөлуге болады: жалпыадамзаттық(тік жүру үшін, сананы, ақыл-ойды, сезім органдарын дамыту үшін нышандар, шартсыз рефлекстер және т.б.) және жеке (нерв жүйесінің типі, орталық нерв жүйесі қасиеттері, анатомиялық- физиологиялық нышандар: бет әлпеті, түсі, ауру түрлері және т.б..) Адам- әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі. Ол туған күннен бастап әртүрліәлеуметтік өзара әркеттерге қосылады. Әлеуметтік қатынастардың алғашқы тәжірибесін бала сөйлеуді үйренгенге дейін алады. Бала есейген сайын қарым- қатынас аясы да кеңейеді. Соған сәйкес тәжірибесі де молая бастайды. Ол тәжірибе баланың өзінің ішкі жан дүниесінің бір бөлігіне айналады. Социумның бір бөлігі ретінде жинақтаған субьективтік тәжірибе тұлғаның ажырамас қасиетіне айналады.

Адамның қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену»түсінігі арқылы ашылады. «Әлеуметтену» ғылымаралық түсінік және педагогикада кеңқолданылады.Әлеуметтенудың қазіргі тұжырымдамаларын бастауларын А Бандура, Г Тарда, Т Парсонс еңбектеріне көруге болады. Қазіргі кезде әлеуметтену процестерін зерттеу осы ұғымды кең және тар мағынасында қарастыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтену кең мағынада адамның түр ретіндегі табиғатын, оның пайда болуын және қалыптастуын наықтау болып табылады.

Тар мағынада әлеуметтену – нормаларды, құндылықтарды және иделдарды белсенді игерту арқылы адамды әлеуметтік өмірге тарту процесі.

Америка әлеуметтанушылары Т.Парсонс, Р.Мертон әлеметтенуді тұлғаның

әлеуметтік жүйемен толық интеграциялану процесі барысындағы бейімделуі деп түсіндіреді. Олар әлеуметтенуді «адаптация» түсінігі арқылы ашады. Әлеуметтену – үздіксіз өмір бойы жүретін процесс. Әлеуметтену факторлары: (А.В.Мудрик бойынша)

- макрофактор: мемлекет, ел, коғам, мәдениет;

- мезофактор: этнос, тұратын аймағы, тұратын жерінің түрі (тип поселения), бұқаралық қарым-қатынас құралдары;

- микрофактор: отбасы, микросоциуам (жақын қоршаған орта), тәрбие

институттары, діни ұйымдар. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегенiмiз – өсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң педагогикалық процесiн ұйымдастыру.

Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін, тәрбиеші тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Тұлға дамуындағы тәрбие ролі әртүрлі бағаланады. Біреулер қолайсыз орта мен жаман шыққан тегі жағдайында тәрбиенің ешқандай нәтижесі болмайды десе, екіншілер адам табиғатын өзгертудің бірден-бір жолы тәрбие деп түсіндіреді. Шынмәнінде тәрбие арқылы көп нәрсеге қолжеткізуге болады, бірақ адамды толық өзгерту мүмкін емес.

Тұлға дамуына әсер ететін тағы бір фактор – тұлғаның өзінің белсенді іс- әрекеті. Іс-әрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл- қозғалыстары. Іс-әрекет – адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеті, соның барысында ол әлемді және өзін саналы және мақсатты түрде өзгертеді. Іс-әрекеттің негізгіерекшелігі- оның түрлендіруші және мақсатты бағытталған сипаты. Іс-әрекет төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:

- психикалық процестер бойынша: сенсорлық, жігерлі, ойлау және т.б.;

- құрылымы бойынша: іс-әрекет - әрекет –операция – қозғалыс;

- түрлері бойынша: танымдық, құндылық-бағыттылық, түрлендіру, қарым-

қатынас, эстетикалық және дене.

Іс-әрекеттің құрылымдық компоненттері: қажеттілік, мотив, мақсат,

әдістер, құралдар, нәтиже және бақылау, өзін-өзі бақылау. Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу,еңбек.Бағдары бойынша іс-әрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік,техникалық, кәсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-әрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу). Іс-әрекет сипаты бойынша белсенді (актив) және енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сәбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта және тәрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көпжұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Әлбетте, мұндай іс-әрекет адамды жоғары нәтижелерге жеткізбейді.

Дамудың тиімді болуы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тәуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бәрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес соләрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.

2. Дене, сол сияқты ақыл-ойдың дамуы жас ерекшеліктерімен тығыз байланысты екенін адамдар ерте кезден-ақ білген. Жас ұлғайған сайын даналық келеді, ақыл-ой толысады, тәжірибе жинақталады, білімдер молаяды. Әр жасқа сәйкес дене,психологиялық және әлеуметтіәк даму деңгейі сәйкес келеді.

Даму процестерін дұрыс басқару мақсатында педагог ғалымдар адам өмірінің кезеңдерін жіктеді (Коменский, Штрац, Бюллер, Горлок, т.б.). Кезеңдерге бөлу белгілі бір жас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге негізделеді. Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сәйкес анатомиялық-физиологиялық және психикалық сапаларды айтамыз. Жас мәні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді. Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т.б. биологиялық процестер сәл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады. Сол сияқты әлеуметтік жетілу (биологиялық тәрізді қатаң тәртіпте болмаса да), тұлғаның руханидамуының жастық динамикасы жүреді. Бұл адам дамуының кезеңде рін бөлуге негіз болады.

Қазіргі ғылымда оқушыладың жас ерекшеліктерін кезеңдеудің төмендегі түрі қолданылады (И.П. Подласый):



Психологиялық

Педагогикалық

Пренатальдық кезең

Жаңа туған сәби (6 аптаға дейін)

Емшектегі бала (1 жылға дейін)

1 – 3 жас аралығы

Мектепке дейінгі кезең (3 – 6

жас)


Мектеп жасы (6 – 11 жас)

Пубертаттық кезең (11 – 15 жас)

Жастық шақ (15 – 20 жас)


Сәбилік (1 жыл)

Мектепалды жасқа дейінгі кезең (1 – 3

жас)

Мектепалды жасы (3 – 6 жас)



Кіші мектепалды жасы (3 – 4 жас)

Орта мектепалды жасы (4 – 5 жас)

Үлкен мектепалды жасы (5 – 6 жас)

Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас)

Орта мектеп жасы (10 – 15 жас)

Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас)



Педагогикалық кезеңдеудің негізін бір жағынан дене және психикалық

дамудың кезеңдері, екінші жағынан тәрбие жүргізілетін шарттар құрайды.

Оқытуды және тәрбиелеуді оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала

отырып жүргізу оң нәтиже береді. Жас ерекшеліктерін есепке алу – педагогикалық принциптердің ішіндегі негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, еңбектің әр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн тәртібін анықтайды. Жас ерекшеліктері оқу пәндерін, әр пәндегі оқу материалын таңдау және орналастыру мәселелерін дұрыс шешуді міндеттейді. Сол сияқты олар оқу-тәрбие іс-әрекетінің формалары мен әдістерін таңдауда негізгі роль атқарады.

Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас). Алты жастағы баланы өмірдегі үлкен өзгеріскүтеді. Мектеп жасына өту оның іс-әрекетіндегі, қарым-қатына сындағы, басқа адамдармен қатынасындағы өзгерістермен байланысты. Жетекші іс-әрекет – оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады, айналадағылармен қатынас та жаңа деңгейге көтеріледі. Биологиялық жағынан алғанда кіші мектеп жасындағылардың бой өсуінің жылдамдығы азаяды, салмақ қосу көбейеді; қаңқасы сүйектенеді, бірақ бұл процесс әлі де болса аяқталмайды. Бұлшық ет жүйесі қарқынды дамиды, білектің ұсақ бұлшық еттерінің дамуына байланысты бала жазу, сызу сияқты қимылдарды

бекем орындауға мүмкіндік алады.

Осы жаста нерв жүйесі жетіле түседі, мидың үлкен жарты шарларының

қызметтері қарқынды дамиды, ми қабының талдау және синтездеу қызметі

күшейеді. Ми салмағы үлкен адамдікіне жақындайды, орташа алғанда 1400 г.

құрайды. Баланың психикасы жылдам дамиды. Сезім мүшелері жұмысының

дәлдігі артады.

Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық іс-әрекеті негізінен оқу

процесінде жүреді. Қарым-қатынас сферасының кеңеюі де маңызды роль атқарады. Осы жастағы оқушыларда қалыптастыру және дамыту қажет болатын жылдам жүретін даму, жаңа сапалардың көптігі педагогтарға барлық оқу-тәрбие іс-әрекетінқатаң түрде мақсатты жүргізуді міндеттейді.

Орта мектеп жасы (10-11-ден 15 жасқа дейін) – балалықтан жастыққа өтпелікезең. Ол мектептегі оқудың екінші сатысына дәл келеді және органи змнің терең өзгерістерімен және өмірлік іс-әрекеттердің жалпы көтерілуімен сипатталады. Бұл кезең жеткіншек үшін де, айналасындағылар үшін де күрделі кезең, себебі«жеткіншек балалықтан кеткен, бірақ әлі ересектікке жетпеген» (Н.К.Крупская) кезі.

Бұл жаста бойдың тез өсуі жүреді (ұлдар әсіресе 15 жасында, қыздар 13

жасында), қаңқаның сүйектену процесі жалғасады, сүйектер берік, қатты бола түседі. Бұлшық ет күші жылдам өседі. Ішкі органдардың өсуі бірқалыпты жүрмейді, қан тамырларының өсуі жүрек өсуінен кейіндеп қалады, сол себептеноның жұмысы бұзылып, жүрек соғуы жылдамдайды. Дене дамуының бір қалыпты жүрмеуі жеткіншектің сыртынан білініп тұрады: ол шамадан тыс қолын сермелеп, жүргенде теңселуі мүмкін, қозғалысы қалыпсыз. Жеткіншектік жастың өзіндікерекшелігі – организмнің жыныстық жетілуі. Қыздарда ол 11 жастан, ұлдарда 12 –13 жастан басталады.

Бұл жаста да нерв жүйесінің дамуы жалғасады, жеткіншектің миы салмағы менкөлемі жағынан үлкен адамдікінен айырмашылығы көп болмайды, сан аның ролі артады. Орта мектеп жасындағы жеткіншектің қабылдауы кіші мектеп жасыменсалыстырғанда едәуір мақсатты, жоспарлы және ұйымдасқан, кеде ол тереңдігіментаң қалдырса, кейде тым қарапайым болады. Айналадағы ортаны қабылдау мен оқу материалын байланыстыра алмау – осы жастағы балалардың ерекшелігі.

Жеткіншек назарының ерекшелігі – оның таңдамалылығы, яғни қызық сабақтар немесе қызық жұмыстар оқушыны бірден тартып әкетеді. Бірақ жылдам қозу, ерекшеге, әсіреге қызығушылық оның назарын тез аударуға мәжбүр етеді.

Жеткіншектік кезеңде ойлау әрекетінде де даму жүреді. Ойлау жүйелі, тізбекті, жетілген бола түседі. Абстрактілі ойлауға бейімдік арта түседі, сыни тұрғыдан ойлау пайда болады. Ол мұғалім немесе оқулық беделіне нық сеніммен қарамайды, өз пікірі болады, пікірталасқа, қарсылық жасауға бейім болады. Орта мектеп жасы шығармашылық ойлауды дамытуға өте қолайлы. Ойлаудың дамуы жеткіншектің сөйлеуінің өзгерісімен байланыста жүреді. Сөйлемдері бейнелі, мазмұнды бола түседі. Жеткіншектік жаста тұлғаның адамгершілік және әлеуметтік қалыптасуы қарқынды жүреді, бірақ оқушы басшылыққа алатын дүниеге көзқарас, адамгершілік идеалдар, бағалау жүйесі, моральдық принциптер әлі болса да берік қалыптаспаған, достарының пікірі мен өмір қайшылығынан тез бұзылады.

Орта мектеп жасындағы балаларды тәрбиесі – қазіргі кездегі ең күрделі

мәселелердің бірі. Педагогтарға осы жас ерекшеліктерін терең меңгеру, өзін

баланың орнына қоя білу міндеті қойылады. Жеткіншек пікір алмасуда дәлелдерге мойын ұсынады. мектеп өмірін демократияландыру, ұжымды, айналысатын істерді, оқылатын пәндерді, оқу орнын еркін таңдау – мұның бәрі жеткіншектің өзін-өзі көрсетуіне, үлкендермен және құрдастарымен тіл табысуына жетелейді, осының бәрі нәтижесінде адамгершілік және әлеуметтік қасиеттердің қалыптасуына әкеледі.

Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас). Бұл жаста жалпы деңгейде адамның дене дамуы аяқталады: бой өсуі мен қаңқаның сүйектенуі аяқталады, бұлшық ет күші өседі, осы жастағылар жоғары дене жүктемелерін орындай алады. Қан қысымы қалыпқа түседі, ішкі секреция бездері қалыпты жұмыс жасайды. Осы жаста жыныстық жетілу аяқталады. Мидың, оның үлкен жарты шарлары қабығының дамуы жалғасады. Организмнің жалпы пісіп-жетілуі жалғасады.

Жастық шақ – бұл дүниеге көзқарастың, мінез-құлықтың, өмірлік бағдардың

қалыптасу кезеңі, өзіндік сананың белсенді өсуі, ізденіс, үміт, армандау уақыты. Жоғары сынып оқушыларында оқу пәндеріне деген қатынас таңдамалы болады. Қабылдау – мақсаттылықпен, назар – тұрақтылықпен, ес- логикалық сипатпен сипатталады. Ойлау қабілеті біртіндеп теориялық және сыни бағытқа ие бола бастайды.

Жоғары сынып оқушыларының ойлау қабілеті гүлдену кезеңінде болады, олар табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының мәнін білуге, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін түсіндіруге ұмтылады. Егер жеткіншектер дене күшін көбірек бағаласа, жоғарғы сыныптықтар интеллектуалдық сапаларды жоғары қояды. Осы жаста адамды кешенді бағалау білігі қалыптасады, ақылы мен дене күші үйлесімді дамыған адамдарға табынады, оларға еліктеу өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырады.

Жастық кезеңде этикалық мәселелерге қызығушылық күшейеді. Мінез-құлықта саналы мотивтер күшейеді. Тұлғаның ұжымдағы жағдайы, ұжым мүшелері арасындағы қатынас сипаты маңызды орын алады.



Мамандық таңдау алдында тұрған ересек мектеп жасындағылардың өмірлік жоспарлары, құндылық бағытталуы қызығушылықтары жағынан ерекшеленеді, бірақ бәрі де өмірден өз орнын алуды көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет