2. Жекеменшік және мемлекеттік университеттердің айырмашылығы



Дата20.12.2023
өлшемі10,86 Kb.
#141820
Байланысты:
Фокус-топ анализ


Студенттердің жоғары сапалы білім алуы үшін қандай жағдайлар жасалуы қажеттілігін анықтау мақсатында Алматы қаласы бойынша арнайы фокус-топ өкілдерімен зерттеу жүргізілді. Алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша жауап алынды. Алынған жауаптар алдына ала ескертілген запиське жазылды.Фокус-топ барысында біршама мәселелелерді қарастырдық:

1.Студенттік өмір сапасына әсер ететін бірнеше негізгі аспектілерді, соның ішінде жайлы орта,яғни жатақханамен қамтамасыз ету. Жатақханамен қамтамасыз етер алдын,жиһаздың болуы, санитарлық стандарттардың сақталуы, бөлмелерге студенттердің қоныстануы және душ сияқты ыңғайлылықтардың болуы сияқты факторларды қарастыру керек. Спикер:Менің пікірімше, ең алдымен студентке жайлы жер болу керек. Яғни, жатақхана бірінші орында деп ойлаймын.


Кез-келген студентке білім алу үшін,зейін қою үшін жайлы орын керек.Осы тұрғыда мемлекет тарапынан жатақханамен қамтамасыз етіп қана қоймай,олардың жағдайына да мән беру керек.

2.Жекеменшік және мемлекеттік университеттердің айырмашылығы


Мемлекеттік және жеке университеттерді ажырата отырып, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымындағы айырмашылықты байқаймыз.Спикер Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті сияқты мемлекеттік университетті алсақ, Ол жердегі кампустардың барлығы, ең жаңасы 1960-жылы салынған. Нархоз Университеті сияқты жеке университеттермен салыстырғанда толық емес заманауи технологияларымен артта екенін ескеру керек.Мемлекеттік университеттердің ескірген жабдықтармен жабдықталынуы студенттің білім алуына кедергі жасайтын факторлардың бірі.Сонымен қатар студенттердің географиялық таралуына қатысты, әр түрлі аймақтардан келген студенттердің үлесі жергілікті жастармен салыстырғанда жоғары. Тұтастай алғанда, қаржылық тапшылықтар, инфрақұрылымдағы алшақтықтар және мемлекеттік университеттер мен жеке университеттегі әртүрлі жағдайлар туралы алаңдаушылықтар бар.

3.Студенттер үйінің Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмеуі


Хостелдер және т.б. олар осы стандарттарға сәйкес келмейді. Біз оларға айтамыз, міне бізде стандарттар бар, Сіз сәйкес келмейсіз…
Спикер 2: ГОСТ ұғымын түсіндірейік.
Спикер 5:Біз оларға:Сіз стандарттарға сай келмейсіз.Ал олар айтады:бұл жеке компания және біз жай ғана баспана береміз.
Спикер 2:ЖОО өздері келісімге отыратын хостелдермен стандарттар жайлы ақылдасуы керек.Және стандарттар жүйесінде ғана мәмілеге келуі керек.
Қорытындылай келе,университет басшылығы студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз ете алмаған жағдайда,келісімшартқа отыратын хостелдердің жағдайына да мән беруі керек.

4. Сабақ арасындағы үзілістер мен сабақ кестесінің дұрыс құрылмауы


Спикерлер сонымен қатар студенттердің сабақтар арасындағы үзілістердің болмауына және оқу мен тәжірибе үшін орындардың жеткіліксіздігіне байланысты кездесетін қиындықтарын талқылайды. Әңгіме физикалық инфрақұрылымнан білім берудің ұйымдастырушылық аспектілеріне дейінгі мәселелерді қозғай отырып, оқу ортасын да, студенттердің әл-ауқатын да қамтитын көп қырлы мәселелерге жарық түсіреді.
Спикер 8: Мысалы біз өтетін сабақтарды айтқым келеді.Мен өзім қазақ факультетінде оқып бітіргенмін. Қалашықтың шетінде орналасқан. Бізде кейбір студенттер бар, басқа тілде оқитын . Олар қалаға барады және ол пробкамен жетемін дегенше біраз уақыт өтіп кетеді,кейбір мұғалімдер сабаққада кіргізбей қояды.Мұғалімдер демекші бір мұғалым үш-төрт сабақтан береді.Бізде мүмкіншілік бар кестені өзгертуге, бірақ мұғалімдер келіспейді,солай өздеріне ыңғайлы уақытқа қойып береді. Кейде студенттер ауырып қалған жағдайда,мұғалімдерден қалған сабақтарын өтеуін сұрайды, мұғалімдер үш-төрт жерде жұмыс жасап жүрген соң олардың уақыты жоқ. Кейде студенттердің балын төмендетеді, оқу сапасыда соның кесірінен төмендейді.
Қорытындылай келе,сабақ кестесі мен үзіліс уақытын бекітерде оқытушылармен қатар студенттердің де жағдайына мән берген жөн.

5.Алматы қаласының айналасындағы аудандардағы ойын-сауық орталығының тапшылығы


Спикер 8: Алматының бірегейлігі мен серпінділігіне баса назар аудара отырып, атмосфера мен қала өмірінің тартымдылығына байланысты Алматыда қалуға басымдық береді.
Спикер 2:Студенттердің көп санын тарту үшін Алматының айналасындағы студенттік өмірді жақсарту қажет және тек орталық ауданмен шектелмей, білім беру мен өмір салтына жақсарту үшін басқа қалаларды дамыту ұсынылады.
Сөз соңында мемлекет тарапынан көптеген қаржы тек орталық аудандарға ғана емес,шет аймақтарға да құйылса,студенттер арасындағы көптеген мәселелер шешімін табар еді.

6.Шығармашылық университеттердегі мамандандырылған пәндерге аз сағат бөлінуі


Спикер 1:Шығармашылық университеттердің бағдарындағы айырмашылықтарды көрсете отырып, университеттерді олардың бағытына қарай жіктеуді ұсынады. Бұл жағдайда шектеулі орындарға байланысты практикалық жұмыста қиындықтар туындайды.Мысалы, фортепиано сияқты мамандандырылған пәндер сабақтарының философия сабақтарымен салыстырғанда қысқа ұзақтығын атап өтеді.
Спикер 2:Бұл теңсіздікке жауап бере отырып, мамандандырылған пәндер үшін сағатты теңестіруді ұсынамыз. Спикерлер бірге жоғары білім беруде практикалық дағдыларды алудың маңыздылығын білдіреді және студенттер үшін де, оқу орындары үшін де ыңғайлы әдіснамалық даму қажеттілігін атап көрсетеді.

*Жалпы қорытынды:*



Бұл фокус-топта студенттің оқу тәжірибесі мен әл-ауқатына әсер ететін факторлардың көп қырлы сипаты атап көрсетілді.
Студенттердің сапалы білім алуы үшін жайлы орта,кітапханалар мен спорт залдары сияқты тиісті инфрақұрылымның, қолжетімді және жоғары сапалы білім берудің, сондай-ақ оқыту әдістемелерін үнемі жаңартып отыру қажет.Сонымен қатар университеттің оқытушылары мен ата-аналардың қолдауының маңызды.Сәйкес келмейтін кестелер және қол жетімді студенттік ұйымдар туралы ақпараттың болмауы сияқты мәселелердің болуы студенттік өмірдің сапалы және тиімді өтуіне кері әсерін тигізуде.Бұл мәселердің шешімі фокус-топ барысында айтылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет