1. Тізілімнің сұрауларыинтерфейсі жазбалар іздеуге арналған операцияларды жəне объектінің сипаттамасын алуға мүмкіндік беретін операцияларды қамтиды. Интерфейс əзірлеушілер мен клиенттермен динамикалық байланыстыру үшін қолданылады.
2. Тізілімді жариялау интерфейсі қызмет жеткізушілеріне арналған.
3. Тізілімнің қауіпсіздік интерфейсі пайдаланушыларға аутентификациядан өтуге мүмкіндік береді.
4. Қадағалау жəне тізілімді иелену құқығын беру интерфейсі бір қызмет жеткізушісінен басқасына өз құқықтарының бір бөлігін беруге мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда тізілімдегі жазбалардың иесі əрқашан жазба бастапқыда жасалған тізілім болып табылады. Жазбаларды модификациялау тек қана тізілім-иеленушілерде жүргізіледі, бірақ құқықтарды басқа тізілімдерге анық түрде беруге болады.
5. Тізілімге жазылу интерфейсі жаңа немесе өзгертілген қызметтерге жазылуға мүмкіндік береді.
6. Репликация интерфейсі əртүрлі тізілімдердің синхрондылығын қамтамасыз ете отырып, ақпаратты репликациялауға көмектеседі.