2. Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме? 3
1. Реакциялардың жылу эффектілері деген не? Қай жағдайларда химиялық реакциялар теңдеулері термохимиялық деп аталады? Реакция жылу эффектілерінің мәндері термохимиялық және термодинамикалық өрнектелгенде қалай белгіленеді? Өлшем бірліктері.
2. Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме?
3. Термохимияның негізгі заңының анықтамасын беру керек. Гесс заңынан шығатын салдарлардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.
4. Аммиак синтезі кезінде тура және кері реакциялар үшін жүйе энтропиясы қалай өзгереді?
5. Заттар айрылғанда, синтез реакцияларында жүйе энтропиясы температураға байланысты қалай өзгереді? Буланғанда, конденсацияланғанда, қысым жоғарылағанда, фазалық өзгерістерде жүйе энтропиясы қалай өзгереді?
6. Гиббс энергиясы деп нені айтады? Процестердің өздігінен термодинамикалық жүру-жүрмеу жағдайын Гиббс энергиясы қалай көрсетеді? Өте төмен температурада (өте жоғары температурада) химиялық реакциялардың бағытын энтальпиялық не энтропиялық фактор анықтай ма?
7. Стандартты энтальпия өзгерісінің мәні жүйеде катализатор қатысына байланысты ма? Жауапты дәлелдеу керек. Заттардың суда еруі экзотермиялық және эндотермиялық эффектпен болса да өздігінен жүре алады, неге?
8. Аммоний хлориді термиялық айрылғанда жылу бөліне ме, сіңіріле ме? Есептеп көрсету керек.
9. 20°С температурада 100г су буланғанда (су буы идеал газдар заңына бағынады деп есептесе) ішкі энергия өзгерісі нешеге тең болады? Судың буға айналуының меншікті жылуы q = 2445Дж/г (Q = qm, p▲V = m/MRT).