1-жүргізуші Медет: Армысыздар құрметті ұстаздар,студенттер. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген Тәуелсіздігімізге 30 жылдан аса уақыт болды. Тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған « Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
2-жүргізуші Әдемі:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасыр бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.Сол кісілердің ерен еңбегін бір минуттық үнсіздікпен еске алайық.
Үнсіздік
Монолог Айдарлым
1986 жыл.Таңғы сағат ондардың шамасы.Бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Қонаев түсіріліп,орнына Колвин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған кез.Алматы оқу орындарында болған көрініс.
Көрініс
Жансая:- Қыздар, мен газет әкелдім.
Ақмарал:- Қане, көрсетші, не жаңалық шығыпты?
Жансая:- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбинді тағайындапты.
Нұрдана:- Колбин деген кім екен?
Жанел:- Қайдан келіпті?
Жансая:- Колбин Ульяновтан келіпті.
барлығы:- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
Жанел:- Бұл не деген бассыздық.Біз демократияны талап етеміз.
барлығы:- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
Айдарлым:Қаракөз қыздарымыз алаңға шығып кетті.Шашынан сүйреліп жатқан қыздарды көріп жігіттерде тыныш жата алмады. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
Көрініс жалғасы
(6,7 студент жіп ұстап тұрады.Барлығы киім үлгісін дайындайды)
1студент:Балнұр
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, эй,бұл жер асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындықта елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
-тұрыңдар,біз өліспей беріспейміз,тұрыңдар бәрің......
2студент:Айгерим
Мен қаракөз
Қайсар қызбын! Қазақпын!
Иә, солай...
Намыс отын маздаттым!
Маған қымбат –
Азат елім, Азат күн.
Тек бір арман...
Тек бір арман
Он алтымда қиылдым –
Анасына айнала алмай қазақтың...
3студент:Әсет
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Маған қиын осылардың бəрінен,
Өз аулыңның иттерінің қапқаны...
(сахнадан шығып кетеді.Қайрат Рысқұлбековтың ақтық сөзімен жалғасады)
Сұлтан:
-Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар...
Монолог Айдарлым
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат.Ол енді бұл дүниелік емес.
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырсада,қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай ышқынып
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы...
1-жүргізуші Әдемі:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Әсеттің орындауында Алаша аманат күйі
2-жүргізуші Медет:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Осы орайда университет студенттерінен интервию алған болатынбыз.Экранға назар аударайық.
Видеоролик
Студенттер арасында пікіралмасу(Нұрсәуле,Элеонора)
1-жүргізуші Әдемі:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.-демекші Алмагуль қызымыздың өлеңіне кезек берейік.
Эрман: «Бақыт деген не өзі?», –
деп бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп,
бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады:
Балнұр:Бақыт деген -
еркіндігің емеспе
Бостандықта өмір сүрсең,
Бақыттысың емеспе
Сұлтан:Жоқ, бақыт деген –
Ел жұрттың аман болғаны.
Туымызды көгімде
Желбіреп бір тұрғаны.
Эльза:Бақыт деген –
адал жар мен перзент қой.
Ынтымаққа ырыс келген,
ол да соған ермек қой.
Нұрдана:Бақыт деген –
Тілің,дінің болғаны.
Өзге тілге еліктеп
Тілмаштардың болмауы.
Элеонора:Жо-жоқ,бақыт деген –
Тарихымыз тұғырлы.
Дәл бүгіндей өмірді
Мақсат етіп тік тұрды.
Эрман:Пікірлердің таласына осылай
мен жолықтым.
Бақыт адам баласына
келмес оңай, соны ұқтым.
Үміт үзбей іздейді олар,
тыңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін,
жүректен тап бақытты!»
Хор:Бақыт деген
1-жүргізуші: Қазіргі таңда Қазақстан-өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың,атап айтқанда біздің қолымызда.
2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |