2 КҚбж 305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен анықтамалары



Дата26.12.2023
өлшемі1,65 Mb.
#143408
Байланысты:
2 К бж 305-68 мемлекеттік стандартыны негізгі ережелері мен аны


2 КҚБЖ 2.305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен
анықтамалары



    1. Сызбадағы кескіндер

Нәрселердің кескіндері тік бұрышты проекциялау әдісімен орындалуы қажет. Бұл жағдайда нәрсе бақылаушы мен тиісті проекциялар жазықтығының арасында орналасқан деп саналады. Негізгі проекциялар жазықтықтары ретінде текшенің алты жағы қабылданады. Текше жақтары 2.1 – суретте көрсетілгендей сызба жазықтығымен беттестіріледі.



2.1 - сурет


Нәрсенің фронталь проекциялар жазықтығындағы кескіні сызбада бас кескін ретінде қабылданады. Нәрсенің қалған кескіндері сызбада бас кескінмен проекциялық байланыста орналастырылады. Нәрсені фронталь проекциялар жазықтығына қатысты орналастырғанда, онда осы жазықтықтағы кескіні формасы мен өлшемдері туралы неғұрлым толық мағлұмат беруі қажет. Сызбадағы кескіндер құрылымына байланысты түрлер, тіліктер және қималар болып бөлінеді.



    1. Түрлер

Түр – нәрсе бетінің бақылаушыға бұрылған бөлігінің кескіні (2.2 – сурет). Стрелкалар бақылаушының қарау бағытын көрсетеді. Түрлер негізгі,

жергілікті және қосымша болып бөлінеді.


Негізгі түрлердің атаулары бақылаушының қарау бағытымен (2.3 – сурет) сәйкес белгіленеді (2.4 – сурет):
1 – алдынан қарағандағы түр (бас түр), 2 – үстінен қарағандағы түр, 3 – сол жақтан қарағандағы түр , 4 – оң жақтан қарағандағы түр, 5 – астынан қарағандағы түр, 6 – артынан қарағандағы түр.



2.2-сурет


Түрлерде нәрсе беттерінің көрінбейтін бөліктерінің контурларын үзілме сызықтардың көмегімен көрсетуге болады (2.5 – сурет).



2.3 – сурет





2.4 – сурет


Сызбада түрлердің саны неғұрлым аз, бірақ нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретіндей болуы қажет. Мысалы, 2.6 және 2.7 – суреттерде нәрселердің ең болмаса бір түрі болмаса, сызбаны дұрыс оқу қиындық туғызады. Сонымен қатар, шар, цилиндр, конус, табаны квадрат призма сияқты бөлшектерді бір-ақ түрмен көрсетуге болады, ол үшін өлшем сандарын төмендегідей белгілермен толықтыру керек – R, , (2.8 – сурет).




2.6 – сурет 2.7 – сурет


2.8 – сурет

Егер сызбада көріністердің бірі бас кескінмен проекциялық байланыссыз орналасса, онда проекциялау бағыты бағытпен көрсетілуі қажет. Бағыттың және пайда болған көріністің үстіне орыс алфавитінің бас әріптерінің бірін қою қажет. Мысалы, 2.9 – суреттегі астынан қарағандағы В түрі.


Егер нәрсенің кез келген бір бөлігі негізгі түрлердің ешқайсына да формасы мен өлшемдері өзгертілмей проекцияланбайтын болса, онда қосымша
түрлер қолданылады. Қосымша түрлер негізгі проекциялар жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда пайда болады. Қосымша түр де жоғарыда көрсетілгендей стрелкамен және әріппен белгіленеді (2.9 – сурет, А түрі).

2.9 – сурет


2.3 Тіліктер


Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған кескіні. Бұл жерде ойша қию нәрсенің басқа кескіндеріне өзгерістер енгізбейді. Тілікте қимада пайда болған пішін мен нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлігі кескінделеді (2.10 – сурет). Егер оның нәтижесінде нәрсе құрылымын түсіну қиынға түспесе, қиюшы жазықтықтың артындағының бәрін кескіндемеуге де болады.



2.10 - сурет


Нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен бөлігін шартты түрде сызықтап көрсетеді (2.9, 2.10 – суреттер).


Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты екіге бөлінеді: қарапайым – егер қиюшы жазықтық біреу болса; күрделі – егер бірнеше қиюшы жазықтық болса.
Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың проекциялар жазықтығына қатысты орналасуына байланысты горизонталь, фронталь және профиль болып үшке бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына параллель болса, онда тілік горизонталь тілік деп аталады (2.11,а – сурет).
Жоғарыда көрсетілген мысалдарда қиюшы жазықтықтар берілген денелердің (нәрселердің) симметрия жазықтықтары арқылы өткен, сондықтан олардың орны көрсетілмеген және тіліктердің үстіне ешқандай әріптік белгі қойылмаған.



а) ә)
2.11 - сурет


Егер қиюшы жазықтық симметрия жазықтығымен беттеспесе, онда оның орны сызбада үзік сызықпен көрсетіледі және сызық сызықшаларына перпендикуляр екі стрелка жүргізіледі. Стрелкалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әріпі екі рет, ал тіліктің үстіне бұл әріптер сызықша арқылы жазылады. Стрелкалар үзік сызықтың шетінен 2 ... 3 мм қашықтықта орналасулары тиіс (2.12 – сурет).
Егер түрмен оның орнына сызылатын тілік симметриялы болса, онда
2.12 - сурет жарты түрді жарты тілікпен біріктіріп
сызуға болады, ал бөлетін сызық ретінде
симметрия өсі алынады (2.13 – сурет)
Қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай күрделі тіліктер сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.
Егер қиюшы жазықтықтар өзара қиылысса, онда мұндай тілік сынық тілік деп аталады (2.14 – сурет). Суретте көрсетілген мысалда қиюшы жазықтықтардың бірі фронталь проекциялар жазықтығына параллель, ал екіншісі оған көлбеу орналасқан. Қиюшы жазықтықтар стрелкалар қойылған үзік сызықтармен көрсетілген (А – А). Тілікті тұрғызу үшін көлбеу орналасқан қиюшы жазықтықты олардың қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь п роекциялар жазықтығына параллель жазықтықпен беттестіреміз. Сонда қима π2 – ге параллель бір жазықтықта орналасады. Нәрсенің қиюшы жазықтықтарда орналасқан бөлігі сызықталады.

2.13 - сурет




2.14 – сурет


Егер қиюшы жазықтықтар өзара параллель болса, онда мұндай тілік сатылы тілік деп аталады (2.15 – сурет).


2 .15 – сурет


Жоғарыда аталған тіліктерден басқа, нәрсенің жеке шектелген бір бөлігінің ішкі құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады (2.16 – сурет). Сызбада жергілікті тілік жіңішке ирек сызықпен немесе тұтас жіңішке іркісінді сызықпен шектеліп көрсетіледі.
Нәрселердің жұқа пластина тәрізді бөліктері мен беріктілік үшін қалдырылған қабырғалары және т. б., бойлық тіліктерде (ал шарларды ыңғай) қиылмаған түрінде көрсетіледі.



    1. Қималар

Қима - нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен қиғанда пайда болған пішіннің кескіні (2.16 – сурет, Б–Б). Қимада нәрсенің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана көрсетіледі.
Тіліктің құрамына енбейтін қималар екіге бөлінеді – шығарылған және беттестірілген.
Беттестірілген қима нәрсе кескінінің үстіне орындалады да, оның контуры тұтас жіңішке сызықпен сызылады (2.17, 2.18 – суреттер). Симметриялы емес беттестірілген қималарда қию сызықтары жүргізіледі, бірақ олар әріптермен белгіленбейді.

Шығарылған қима сызба өрісінің кез келген бос орнына сызылады (2.16, 2.19 – суреттер), сондықтан оны қолдану тиімдірек болады. Шығарылған қиманың контуры негізгі сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың орны тіліктегі сияқты көрсетіледі және белгіленеді. Жалпы жағдайда үзік сызықтың көмегімен қию сызығы жүргізіліп, оған бағытын көрсететін стрелкалар қойылады. Стрелкалардың жанына және қиманың үстіне орыс алфавитінің бірдей бас әріпі жазылады (2.16 – сурет, Б – Б).



2.17 – серет 2.18 - сурет

Егер беттестірілген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса, онда қиманы әріптер және стрелкалармен белгілемейді және қию сызығын көрсетпейді (2.17, 2.19 – суреттер).



2.19 - серет



    1. Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сызбада тіліктер мен қималарды


орындаған кезде нәрселердің «кесілген» бөліктері сызықталып көрсетіледі. Бұйымдар жасалған материалдарына байланысты сызбада түрлі сызықталады (ГОСТ 2.306-68).
Егер нәрсенің немесе бұйымның материалы көрсетілмесе, онда олардың қималары 2.20 – суретте көрсетілгендей етіп сызықталады. Қалған жағдайларда материалдардың графикалық белгіленулері 2.1 – кестеде келтірілгендей болуы қажет.
2.1 – кесте. Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері
(ГОСТ 2.306-68)



Материал

Белгіленуі

Металдар, олардың қорытпалары





Металл емес материалдар
(төменде аталғандардан тыс)



Ағаш




Табиғи тас





Керамика және силикат


материалдар



Бетон




Шыны және жарық өткізетін басқа


материалдар



Сұйық




Табиғи топырақ





Өзара параллель сызықтау сызықтары
кескіннің контур сызықтарына (2.21а – сурет) немесе оның өсіне (2.21ә - сурет), немесе сызба өрісі жиегінің сызықтарына 450-тық бұрышпен көлбей жүргізіледі.
2.20 - сурет Егер сызықтау сызықтары контур
сызықтарымен немесе өстік сызықтарымен беттесіп кететін болса, онда сызықтау сызықтарын 300 немесе 600-тық бұрыштармен көлбей жүргізуге болады (2.22 – сурет).
Сызықтау сызықтарын оң немесе сол жаққа көлбей жүргізуге болады. Бір нәрсенің барлық қималары бірдей сызықталуы тиіс. Сызықтау сызықтарының ара қашықтығы сызбаның өлшеміне байланысты 1 ... 10 мм аралығында болуы тиіс.

а) ә) 2.22 - сурет
2.21 – сурет

    1. Тақырып бойынша типтік тесттер жинағы

1 – тест (2.23 – сурет)


Қандай сызбада жазықтық конус бетін:

  1. Шеңбер бойымен қияды;

  2. Эллипс бойымен қияды;

  3. Түзу сызықтар бойымен қияды;

  4. Парабола бойымен қияды;

  5. Гипербола бойымен қияды.





2.23 – сурет


2 – тест (2.24 – сурет)


Қандай сызбада бөлшектің төменде аталған түрлері көрсетілген:

  1. Алдынан қарағандағы (негізгі);

  2. Оң жағынан қарағандағы;

  3. Артынан қарағандағы;

  4. Үстінен қарағандағы;

  5. Астынан қарағандағы.





2.24 - сурет



3 – тест (2.25 – сурет)
Қандай сызбада бөлшектердің төменде аталған тіліктері мен қималары көрсетілген:

  1. Жәй тілік;

  2. Сатылы тілік;

  3. Сынық тілік;

  4. Жергілікті тілік;

  5. Қима.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет