2-китап indd


« Қазақ әдебиеті», 1984. 30 қараша.  (Сұхбаттасқан Ә. Бөпежанова). Тіл байлығы – рухани қазына



Pdf көрінісі
бет22/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   196
Байланысты:
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«
Қазақ әдебиеті», 1984. 30 қараша. 
(Сұхбаттасқан Ә. Бөпежанова).
Тіл байлығы – рухани қазына
Тіл танудың күрделі мәселелері көп-ақ. Солардың ішінде кейде мән 
бере бермейтін, бірақ бәріміздің де білуіміз қажет, ал тіл мамандары 
үшін міндетті күрделі мәселенің бірі – «тіл байлығы, сөз қазынасы 
деп нені айтамыз?» деген сауалға берілер жауап. Бұл мәселені әркім 
өзінше түсініп, оған байлам айтатын сияқты. «Толғауы тоқсан қызыл 
тіл» деп марапаттағанда біз көбінесе тіліміздегі сөздердің санын, 
айтылатын ой-пікірімізді жан-жақты түсіндіруге қажетті сөздердің 
одан табылуын ескереміз. Бірақ ана тіліміздің қорында қанша сөз 
барлығын және оның қандай бұлақтардың қайнар көзінен нәр алып, 
толассыз толығып, байып отыратынын баршамыз біле бермейміз.
Сөз бен тіл әдетте синоним ретінде қолданылады. Бірақ тіл, 
әрине, ауқымы жағынан сөзден әлдеқайда кең ұғым. Қоғамдағы 
барша жанның қауымдаса өмір сүруіне қажетті қатынас құралы – тіл 
десек, сөз соның ең негізгі элементі болып са налады. Дегенмен, тіл 
мен сөз «тіл байлығы», «сөз байлығы» деген ұғымдарға байланысты 


48
бірінің орнына бірі айтыла береді. Әрине, сөздік қоры жұтаң, белгілі 
себептермен дамымай кенжелеп қалған тілдер өмірде кездеседі. Он-
дай кемістік әсіресе бай тілдердің жанында ерекше көзге түседі.
Дегенмен, «сөздің саны тіл байлығының кепілі бола ала ма?» деген 
сауал алдымыздан көлденеңдей береді. Егер «бай тіл», «орташа тіл», 
«кедей тіл» деген ұғым әрбір тілдегі сөздердің нақтылы санына байла-
нысты айтылатын болса, онда бұл мәселені оңай шешуге болар еді. 
Бiрақ тіл тәжірибесінде тілдің байлығы тек санмен ғана емес, сапамен де 
өлшенетіндігі белгілі, санның сапаға көшіп отыруы айқын байқалады. Сөз 
болып отырған қазақ тілін ондағы жеке-дара қолданылатын сөз санына 
қарай қарастырсақ, төмендегі жағдайды көреміз. Мәселен, 10 томдық 
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 66931 атау сөз, 24497 лексикаланған 
тұрақты тіркес қамтылыпты. Бұл екеуі 91428 лексикалық бірлік деген 
сөз. Ал бұлардың барлығы болып, осы сөздікте 103 мың мағыналық 
бірлікті сипаттап тұр. Өйткені бір сөздің бір емес, екі-үш мағынасы 
болуы мүмкін ғой. Сөздіктегі фразеологиялық тұрақты тіркестің саны 16 
мың екен. Басқа сөздіктер бойынша деректер: I. Кеңесбаевтың «Қазақ 
тілінің фра зеологиялық сөздігінде» (1976 ж.) 10 мыңдай фразеологизм 
қамтылыпты. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» (1988 ж. соңғы 
басылымында) 35656 реестр сөз камтылыпты. «Абай тілінің сөздігінде» 
(1968ж.) 6 мыңдай реестр сөз болса, М. Әуезовтің 20 томдық шығармалар 
жинағында 20 мыңдай сөз қолданыс тапқан екен. 
Әрине, тіл қорындағы жалпы сөз байлығы мен жеке сөз шеберлерінің 
өз шығармаларында қолданған сөздерді қатар қойып, теңестіріп, оларға 
бірі көп, бірі аз деп баға беруге болмайды. Өйткені сөз шеберінің сөз 
қорынан білгені мен көңіліне түйгені, жадында сақтағаны бір төбе де, 
сол байлықтан қажетіне қарай жаратқаны, шығармасында қолданғаны 
екінші төбе. Алайда бірде-бір көркем сөз шебері ана тілінің байлығын 
түгел меңгеріп, сарқа пайдаланған емес. Сондықтан тіл қазынасын 
анықтаудың бірден-бір объективті көзі – ол ғасырлар бойы қалыптасқан 
қарапайым халықтың жады. Қағазға түсіп хатталғаны бар, көңілде жүріп 
жатталғаны бар тіл байлығының ұлан-ғайыр қоры, міне, сонда сақталады. 
Ал біздің жоғарыда келтірген деректеріміз соның негізі ғана. Де мек, 
аталмыш 10 томдық сөздіктің ол байлықты түгел қамтуы мүмкін емес. 
Дегенмен, жер жүзіндегі ең бай тілдердің бірі деп жүрген орыс тілінің 17 
томдық түсіндірме сөздігінде 150 мың-ақ реестр сөз бар екенін ескерсек, 
қазақ тілінің сөз байлығын айқындау жолындағы алғашқы тәжірибесін 
нәтижесіз деп айтуға болмайды. Бұл мәселенің бір жағы.


49
Мәселенің екінші жағы тағы бар. Ол – сөз байлығын ғылыми 
тұрғыдан дұрыс анықтап, оның қайнар бұлақтарын аша білуде, сол 
байлықтың қыр-сырын сөздіктерде көрсете білуде.
Біздің елде қалыптасқан лексикографиялық дәстүр бойынша 
тіліміздегі сөздердің санын реестр (сөз тізбе) ретінде берілген лексеманың 
санымен ғана есептейміз. Бұлардың санатына, әдетте, түбір (есім, 
етістік, үстеу, т. б.) сөздермен қатар сол түбірлерден туындаған (екіден 
кейде онға дейін көбейетін) түбірлес туын ды тұлғалар да енеді. Реестр 
сөздер қатарында мағынасы күңгірттенген (мәселен шаға: бала-шаға 
түрінде) сөздер де, лексикалық дублеттер (қораз-әтеш) мен фонетикалық 
варианттар (қазір, кәзір) да, диалектизмдер мен қарапайым сөздер 
де, ғылыми терминдер де (спринтер, дизайнер) орын алуы мүмкін. 
Бірақ бұл лексикалық қате категориялардың бәрін бір сөздікпен қамту 
мүмкін емес. Олардың аз-кем қамтылуы түзілген (түсіндірме, екі тілдік, 
диалектологиялық, орфографиялық, т. б.) сөздіктердің алдына қойған 
мақсатқа байланысты. Егер әдеби тілдің сөздігі болса, әдеби тіл нормасын 
қалыптастыру мақсатына байланысты көнерген (архаизмдер мен кітаби) 
сөздерді де, диалектизмдерді де толық кіргізе алмайды. Әдетте түсіндірме 
сөздіктерде тілдегі байырғы сөздерге көбірек көңіл бөлініп, ғылыми 
терминологияға көп орын берілмейді.
Қысқасы, тіл байлығын түгел қамтитын сөздіктің болмағанын 
айтқымыз келеді. Демек, қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі өзінің 
алдына қойған мақсаты бо йынша түгел қамтуға кепілдік бере алмайды. 
Бұл сөздіктегі 103 мың мағыналық единица қазақ тілі байлығының 
бір парағы ғана. Оған енбеген сөздер әлі де көп. Сондықтан да сөздік 
жарық көргеннен кейін жиі айтылып жүрген «тіл байлығымыз түгел 
қамтылмады» деген әңгіме әбден орынды. Түгел қамтудың жолы бар ма?
Бұл сауалға жауап беруден бұрын екі түрлі лингвистикалық мәселенің 
басын аша кеткен жөн. Біріншіден, кез келген тілдің сөз байлығын, 
сөздік қорын түгел де толық көрсету алыстағы армандай қиын дүние, 
тіпті ол мүмкін емес. Өйткені тіл байлығы шегі жоқ теңіздей мол дүние. 
Ол күн санап жаңарып, толығып, жаңаланып отыратын организм іспетті. 
Екіншіден, тіл қазынасын түгел қамтуға мүмкіншілік беретін әмбебап 
лексикографиялық сөздік түркітануда әлі дүниеге келген жоқ. Бүгінгі 
таңда сөз қазынасын түгел болмаса да біршама толық қамтуға мүмкіншілік 
беретін жол біреу-ақ: салалық сөздіктер жасау. Мәселен, жалпы халықтық 
тіл байлығының бір саласы – жергілікті тіл ерекшеліктері. Олардын көбі 
әдеби тілде баламасы жоқ, жарыса қолданылатын, ал күндердің күнінде 


50
дербестікке ие болу мүмкіншілігіне ие жүздеген, тіпті мыңдаған тамаша 
элементтер. Бұларды тіл қорынан шығарып тастауға ешкімнің құқы 
жоқ. Оны істеу күнә. Ал осы байлықты тек арнайы диалектологиялық 
сөздік қана қамти алады. Жасалып жатқан 3 томдық сөздік Қазақстан 
жеріндегі тіл ерекшеліктерін біршама саралап, жүйелеп берсе де, одан 
тыс жерлерде (Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей 
жерінде жасайтын 3 миллиондай қазақтар тіліндегі ерекшеліктерді 
түгел қамтыды деп айту қиын. Ал бұл болса, әдеби тілімізді байытып 
отыратын таусылмас қайнар бұлақтың бірі. Диалектологтарымыз қанша 
жыл ұдайы зерттеп келе жатса да біз әлі күнге дейін қазақ тіліндегі 
диалектизмдердің жалпы санын дәл айтып, са ралап бере алмаймыз және 
ол мүмкін де емес. Зерттеген сайын жалпыхалықтық тіл байлығының көзі 
ашыла беретіндігін көріп отырмыз. Жергілікті ерекшеліктердің көбісі 
сол өлкедегі елдің өмір тіршілігіне, кәсібіне, өзіндік салт-дәстүріне бай-
ланысты. Жүйесін тауып пайдалана білсек, олар да өз асылымыз.
Тіл байлығымыздың үлкен бір саласы – ғылыми-техникалық 
терминдер, бірақ олар қолданысы жағынан біршама шектелген. Қазақ 
тіліндегі терминологиялық сөздіктердің тізімін алып көрсек, тек 
Қазан революциясынан кейінгі кезеңде шыққандары 80-нен асады. 
Осы сөздіктерде қамтылған салалық терминдердің жалпы саны, орыс 
және интернационалдық терминдер мен қазақ тілі негізінде жасалған 
терминдерді қоса есептегенде, бүгінгі таңда қазақ тілінің байырғы, яғни, 
төл сөздерінің санынан асып бара жатыр, термин атаулының саны төлтума 
өз сөздерімізден көп. Бұл нені көрсетеді? Жер бетінде ауыс-түйісі жоқ тіл 
кездеспейді. Бірақ заңды түрдегі ауыс-түйістің де белгілі шегі болады. 
Қай тілде де басқа тілдерден енген ауыс-түйістердің 15–20 проценттен 
аспағаны жөн. Егер басқа тіл сөздері бұл мөлшерден көбейе бастаса, онда 
өз тіліміздің табиғатына, табиғи түрде дамуына нұқсан келгені келген. 
Өйткені әр тілдің өзіндік (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, 
семантикалық) даму заңы бар және ол заң түгел сақталғанда ғана тіл өз 
қасиетін сақтап қалады. Ал сыртқы әсер күшейген сайын тіл өз еркінен 
айырыла береді. Бұл әрине, өз алдына қаралатын жеке мәселе. Дегенмен, 
тілімізге күн сайын, апта сайын жүздеп, мыңдап еніп жатқан термин-
атауларға тіліміз, оның сөздік қоры бейтарап қала алмайды. Оларды біз 
қабылдауымыз керек және тіл байлығына айналдыру үшін өз тіліміздің 
ішкі заңына бойсұндыра, оған үйлестіре қабылдауымыз керек. Сонда 
ғана шеттен енген ауыс-түйістер тілімізге етене сіңісіп, өз сөзіміздей 
болып кетеді. Бүгінгі таңда тіліміз атау-термин есебінен байымай 


51
тұрмайды. Ол процестің жолын бөгеу мүмкін емес. Бірақ ғылым-білімнің 
60 шақты саласы бойынша жасалып жатқан терминологиялық лексиканы 
өз бетімен жіберу деген сөз – тілді ұлттық қасиетінен жұрдай етумен 
пара-пар.
Сондықтан бұл тығырықтан шығудың екі-ақ жолы бар сияқты. 
Оның біреуі жаңа терминдерді жасауда сонау 30-жылдары қабылданған 
принциптің алғышартын, яғни қазақ тілінің өз мүмкіншілігін сарқа 
пайдалану мүмкіндігіне қарай өз сөзімізбен беру деген дұрыс талабын 
бірізділікпен, ерекше білгірлікпен асыру болса, екіншісі қабылдаған 
совет – интернационалдық терминдерді (мұнда да мүмкін болғанынша) 
өз тіліміздің ішкі заңына бойсұндыра алу.
Өткен жетпіс жылдан бері бұл талапты іске асыру тұрмақ, айтудан 
қорқып, жұрттың құлағына «терминдерді өз тіліміздің негізінде 
қалыптастырайық», «орыс тілінің нормасында емес, өз тіліміздің заңына 
үйлестіріп алайық» деген ұсыныс, әрине, түрпідей тиюі де, шошытып 
жіберуі де мүмкін. Бірақ санамызға салып қарасақ, жер жүзінде бір де 
бір тіл (өзіміз сияқты туыстас тілдерді есептемегенде), соның ішінде 
орыс тілінің өзі де, шеттен қабылдап жатқан мыңдаған сөздерді өз 
табиғатына ылайықтап алады. Ал қазақ тілінде болса бұл жөніндегі заң 
екі ұдай: «төңкеріске дейінгі» (кереует, самауырын, кәмпит, жәрмеңке, 
жәшік, пошта, т. б.) және «төңкерістен кейінгі» (пролетариат, космонавт, 
штампт, кооператив, концепция, принцип, т. б.) болып, өз тілімізге 
өзіміз зорлық жасап отырмыз. «Бұл мәселе біздің тақырыпқа тікелей 
қатысты емес» деп дау айтуға да болады. Бірақ әңгіме тілімізге бүгінде 
мыңдап еніп жатқан және ғылым- білімнің әр саласында қолданыс тауып 
отырған атау-терминдер жайында болғандықтан олардың орнықты да тіл 
табиғатына етене жақын болғанын талап ету заңды сияқты.
Терминология саласында өз тіліміздің байлығын сарқа пайдаланудың 
орнына (ондай принцип бар ғой) көбіне өзге тілдің дайын тұрған элементін 
бас ауыртпай ала салуға, әр түрлі себеп іздеп, «шығармашылықтың» 
жолына түскеніміз әсіресе кейінгі 40–50 жыл. Жиырмасыншы, отызыншы 
жылдары жағдай басқашалау болды. Ахмет Байтұрсыновтың әсіресе тіл, 
әдебиет саласындағы жаңашыл бастамасы мен өміршең үлгісі осының 
дәлелі болса керек. Бірақ, сол кезде-ақ тіл дамуын өз «мүддесіне» сай 
бағдарлап отырған идеология бұл сияқты «үлгіге» ерекше мән берді. 
Сондықтан да болар Голощекин Ахмет Байтұрсыновты терминдегі 
жаңалығы үшін сынай келіп, кезінде былай де ген екен: «Только в одной 
книге этот ученый употребляет 5 тысяч национальных терминов, даже 


52
за менил «интернационализм» – деп айыптапты. Сондықтан да болар бұл 
бастама Ахаңнан кейін жалғасын таба алмады, бірақ оның қазақ тілінің 
өз табиғатынан жаратқан әрі түсінікті, әрі елге етене жатқан аталмыш 
терминдердің бәрі (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, 
есімдік, етістік, үстеу, шылау, т. б.) күні бүгінге дейін қолданылып, 
кез келген сөздіктің төрінен орын алып келеді. Ғылыми терминдер 
де тіл байлығы екенін осы дан айқын көруге болады. Айта кету керек: 
тіл саясатындағы кейінгі уакытта жүз берген жаңа бет бұрыстарға 
байланысты терминология саласында аталмыш принциптік жаңғыра 
бастауы байқалады: ертеде әрі асығыс, әрі замана ағымына қа рай балама 
іздеп әуре болмай-ақ алына салынған көптеген термин атаулар тіл 
тәжірибесінде Қазмемтерминкомның талқылап, бекітуін күтпей-ақ газет-
журнал беттерінде қолданыла бастады. Әдетте мұндай жағдай теорияның 
практикадан кешеуілдеп кейін қалуынан болады. Дегенмен, бұл процесті 
бетімен жіберіп, орыс-интериационалдық атауларды бей-берекет өзгерте 
беруге болмайды. Бұлардың бәрі (кален дарь – күнпарақ, сувенир – кәдесі, 
забор, ограда – жан тақтай, юбилей –мерейтой, жүздеген сөз, терминдер) 
міндетті түрде қаралып, заңдастырылуға тиісті.
Тіл байлығының тағы бір қайнар бұлағы – «жаңа сөз» жасау, сөздерді 
жаңа мағынада қолдану. Бұл тәсіл – тіл байытудың ең бір құнарлы 
да қуатты көзі. Жанды организмдегі миллиондап өліп, миллиондап 
жаңаланып жататын клеткалар секілді тіл де дәл осындай дамылсыз 
жаңаруда күй кешеді. Бірақ тілдің бір ерекшелігі шын мағынасындағы 
«жаңа сөздің» жасалуы тіл қорында кездесетін құбылыс. Мәселен, мен 
өз басым кейінгі 100 жыл ішінде айталық, қазақ тілінде дүниеге кел ген, 
өте сирек, бұрын-соңды болмаған «су жаңа» төл түбірді атай алмаймын. 
Өйткені, ол болмыста жоқ. Қазақ тіліндегі бір жарым мындай бір буынды 
төл түбір сөздеріміздің төркіні тым алыста, мыңдаған жыл дар қойнауында 
жатыр. Ал сіздер мен біздердің күнде айтып жүрген «жаңа сөздеріміз» 
шын мәнісіндегі жаңа сөздер емес, тіліміздегі байырғы түбірлерден 
сөз жасау модельдері негізінде пайда болған туынды дүниелер. Олар 
дүниеге тіл қажеттігін өтеу үшін келген, оларды біз өзіміз тілімізде әбден 
калыптасқан дәстүрлі тәсілдер арқылы жасадық. Түбір ескі, тәсіл ескі, 
бірақ сөз жа ңа, өйткені ол жаңа ұғым, мағынаға ие болды. Демек, сөз 
өмірі, оның ұзақ, қысқа болуы, сайып келгенде, мағынаның тұрақты, 
тұрақсыз болуына, болмыста қолданылуына байланысты. Тіл қорының 
осылайша жаңалануы оның ішкі даму заңына байланысты. Бірақ оны 
ылғи әрекетке келтіріп отыратын қозғаушы күш қоғамдағы әлеуметтік, 


53
экономикалық, саяси, мәдени жағдайлар, яғни күн сайын туындап 
жатқан жаңа ұғым, жаңа зат, құбылыстарды игеру қажеттілігі. Мінекей, 
осыған байланысты жаңа сөздер мен жаңа қолданыстарды өз мезгілінде 
қаттап қағазға түсіріп, жүйелеп арнайы сөздіктер жасау дәстүрге айнала 
бастады. Бұл дәстүрді біз ең алғаш Түркия ғалымдарынан көрген едік. 
Олар осындай тілдің іштей жаңғырып, толысып, кемелденуіне байла-
нысты пайда болған жаңа сөздер мен сөз қолданыстарын көп жыл дар 
бойы том-том жинақ етіп шығарып келеді. Кейінгі он жылдан бері бұл 
дәстүрді біз орыс тілінен де көріп отырмыз. Осы бip ізгі үрдісті 1985 
жылдан бері Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты да (тіл 
мәдениеті бөлімінің бастығы проф. P.Ғ. Сыздықованың жетекшілігімен) 
жалғастырып келеді. Қазір «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» 
деп аталатын сөз қамтылған осындай жинақтың үшінші басылымы 
баспаға дайындалуда. Бұл жинаққа енген сөздер мен сөз тіркестерін ресми 
қабылданған дайын атау термин деп қарауға болмайды. Ол тілдегі жанды 
процестің бүгінгі таңдағы бір көрінісі. Ондағы қолданыстардың біразы 
тілімізде солай қалыптасып, сөз байлығын толықтырса, енді бір тобы 
тіл талабынан шыға алмай, күндердің күнінде өзінен-өзі-ақ қолданыстан 
қалып қоюы мүмкін. Демек бұл қолданыстарды «сөз сынағы» деп атауға 
да болады.
Егер біз сөз байлығын сөз санымен ғана емес, сол сөздердің 
беретін мағына ауқымына, мағыналық реңктердің алуандығына, көп 
мағыналығына қарап анықтайтын болсақ, күн сайын, апта сайын 
туындап жатқан осы қолданыстарды да ұқыптап жинап, ескеріп 
отырғанымыз жөн. Жоғарыда сөз болған 10 томдық түсіндірме сөздікте 
бұл тәрізді «өтпелі» құбылыс қамтылмаған және ол заңды да. Өйткені, 
сөздікке сөз атаулының бәрін бірдей енгізуге болмайды, ол сөздіктің 
мақсатына байланысты екенін жоғарыда айтқанбыз. Бүгінгі таңдағы 
қазақ тілі байлығын түгел болмаса да, молынан қамтыған еңбек – осы 
сөздік. Ол туралы айтылып жатқан сын пікірлердің көбі орынды да. 
Осыған орай «Егеменді Қазақстан» газеті жазушы журналист Балғабек 
Қыдырбекұлының «Түгел сөздің түбі бір» деген мақаласын жариялады. 
Автордың сөздікке қоятын міні – оның тіліміздегі сөз байлығын түгел 
қамти алмағандығы. Ол пікірмен келісуге болады. Бірақ, тағы қайталап 
айтамыз, не көп тілімізде, сөз көп және олар тілдік қорымызда ғасырлар 
бойы сарымайдай сақталып келсе де, тілдін бүгінгі «тіршілігіне» қажетті, 
«жан ды денесіне» сай бола бермейді. Осыған орай ел арасында, ақын-
жазушылар мұрасында, халық ауыз әдебиетінде сақталған (олардың 


54
біразын Б. Қыдырбекұлы келтірген) бүгінде сирек қолданылатын, 
мағына-тұлғасы күңгірттенген, көнерген сөздердің (олардың қатарына 
тари хи, кітаби, кәсіби, діни, т. б. архаизмдер жатады) арнайы сөздігін 
шығару тілші-мамандардың алдында тұрған парызы деп білеміз. 
«Сөз байлығын түгел қамту» де ген мәселені шешудің басқалардан 
оңайлау жолы – «қалып қойған» дүниемізді түгел қамтитын 10 томға 
қосымша 1-2 томдық (материалға байланысты) түсіндірме сөздікті 
қолға алып жақын жылдарда шығару. Көне сөздерді былай қойғанда, 
тіпті қолданыста жүрген біршама сөздердің де түсіндірме сөздіктен 
табылмауы, шынын айту керек, сөздікке негіз болатын материал жинауда, 
оны сұрыптауда, жүйеге салуда өз кезінде кемшіліктің көп болғандығына 
байланысты. Тіл қазынасындағы сөз маржанын теру сияқты жауапты 
іс 3 тиын үшін кар точка (парақша) жазушылардың деңгейінде қалып 
қойғандығын мойындауымыз керек. Ал өз бетінше ізденіп, қазақ тілінің 
байлығын жүйе-жүйесімен барлық бұлақтардан, көздерден іздеген 
сөздікшілеріміз көп бола қойған жоқ. Бірақ тілші қауымы жалпы 
қазақ тілінің байлығын білмей, зерттемей отырғаны жоқ. Олардың бір 
кемшілігі – бұл байлықты «терінің өзі илеген пұшпағындай» бөліп алып, 
сала-са ла бойынша (диалектология, терминология, этнолингвистика, тіл 
мәдениеті, ономастика, т.б.) зерттеп ба сы бірікпей, сөз байлығын толық 
қамтитын тұтас та күрделі еңбек төңірегінде тоқайласа алмай жүруінде. 
Осыған орай Тіл білімі институты – өзінің жаңа бағдарламасында тіл 
байлығымызды түгел камтып көрсетудің, болашақ ұрпаққа мұра етіп 
қалдырудың шараларын белгілеп отыр. Ондай игілікті де күрделі істі 
техниканың жәрдемінсіз орындау мүмкін емес екендігін де түсіне 
бастадық. Институт картотекасында жиналған 5 миллиондай карточка-
цитатаны қайтадан сұрыптап, бар-жоғымызды есепке алуымыз керек 
болып тұр. Өйткені жиналғанның бәрі асыл емес және әр карточка бір сөз 
емес қой. Демек, олардың қажеттісін сұрыптап алып, компьютер жадына 
жазып сақтауымыз керек. Сонымен қатар картотеканы толықтыра түсуді 
мақсат етіп отырмыз. Қазақ халқының рухани мұрасы – сөз байлығы 
десек, ол барлық байлығымыздың ішіндегі қымбаты да асылы, оның 
толық қамтылып, бір жерде топталуы, бүгінгі таңның міндеті болса 
керек. 
Жоғарыда біз «тіл байлығын» жалпы түрде ғана сөз еттік. Тіл 
байлығын – сөз байлығы деп түсінудің бір қарағанда дұрыс екенін 
мойындасақ та, оның бұл байлықты анықтауда бірден-бір критерий 
(өлшем) бола алмайтындығын да ескерткен едік. Осыған орай біз тіл 


55
қазынасына, сөз байлығына адамзат қоғамындағы, табиғаттағы өзіміз 
танып, біліп, анықтап, айқындап болған заттар мен құбылыстарға 
қатысты пайда болған сөз бен сөз тіркестерінің білдіретін ұғымдары мен 
мағыналары жайында да ескерткен едік. Шынында да, сөздер мен олардың 
білдіріп тұрған ұғым-мағыналары сан жағынан бірдей емес. Біріншісіне 
қарағанда екіншісі екі есе, тіпті үш есе көп. Ал сол ұғым мен мағынаны 
жеке сөздер ғана емес, сөз тіркестері де бере алатындығын ескерсек, тілдің 
сандық сипатынан сапалық сипаты он есе арта түсетінін мойындауымыз 
керек. Жалпақ тілмен айтқанда: тіл қорында, айтайық, 100 мың жеке-
дара сөз бар десек, оның мағыналық, мазмұндық ауқымы үш пара-пар. 
Өйткені сөз табиғатына көп мағыналық тән екенін жоғарыда ескерттік. 
Ал тілімізегі сөз тіркестерінің (оларға жай тіркес, лексикаланған тіркес, 
тұрақты тіркес, идиомдар, кіші жанрға тән жұмбақ, нақыл сөз, мақал-
мәтелдердің бәрі кіреді) әрқайсысы белгілі ұғым беретін мағыналық 
единицалар санатына жатады. Олардың беретін ұғымы, әрине, сөздерге 
қарағанда әлдеқайда күрделі, ауқымды, астарлы, бейнелі. Мысалы, қой 
көз, бота көз, жалқы мінез, т. б. осы сияқты тіркестердегі қой, бота, жылқы 
деген сөздер өздерінің лексикалық мағынасынан әлдеқашан «қол үзіп», 
жақсы адам, жаман кісі, биік жігіт, сұлу қыз сияқты тіркестердегі жақсы, 
жаман, биік, сұлу деген анықтамалар қатарында жаңа қызмет атқарып 
тұр. Жылқы мінез тіркесі мағынасының күрделі болуы оның астарында 
жай ұғым емес, халықтың өмір-тіршілік болмысына тікелей қатысты 
ұғым, дүниетаным, этнолингвистикалық түсінік жатыр. Жылқы мінез 
адамның қандай болатынын түсіндіру үшін алдымен жылқы малына 
тән жақсы мінез-қасиеттерді білу қажет. Дәл осындай т.б. тіркестер 
тілімізде мың-мыңдап (есебін ешкім шығарған жоқ) кездеседі. Олар жеке 
сөздерден шамамен жүз есе артық деп жобалаймыз. 
Демек, тіл байлығымыздың жалпы потенциялы өте жоғары. Оны 
жеке сөз санымен емес, сапа, мазмұн безбенімен өлшегенде, ол шамамен 
1 миллиондай мағыналық единицаға (бірлікке) жетеді деп ойлаймыз. 
Мәселен, бір ғана құлақ деген сөздің мағынасынан жүздеген туынды 
түбір, сөз тіркестері, фразеологизм, мақал-мәтел өрбиді екен: ақпа кұлақ, 
кәрі құлақ, қалқан құлақ, құйма құлақ, сақ құлақ, салпаң құлақ, саңырау 
құлақ, шой кұлақ, құлақ қағыс, құлағы түрік, құлақ кесті құл, құлақтан 
семіру, құлағына құю, құлағынын құрышын қандыру, естіген құлақта 
айып жоқ, құлақ естігенді көз көреді, т. б. Сөз байлығын көрсететін 
сөздіктерімізде санау өлшемі – реестр сөз ретінде тек құлақ сөзі тұрады 
да, қалған оған қатынасты жүздеген тіркестердің біразы реті келсе, сол 


56
сөздік статьясы ішінде бытырап жүреді де, енді біразы оған енбей, тіл 
байлығы ретінде көрінбей қалады.
Міне, тіл байлығын айқара ашып көрсете алмай жүрген дертіміздің 
бір сыры осы бір тар тұсау лексикографиялық дәстүрге байланысты 
болса керек. Бұл шеңберден шығудың жолы да бар сияқты. Мәселен, 
Шынжаң ұйғырларының шығарып жатқан (I томы жарық көрді) ұйғыр 
тілінің үш томдық түсіндірме сөздігінде реестр (сөз тізбегі) ретінде жеке 
сөздермен қатар жүздеген-мыңдаған сөз тіркестері де беріліпті. Дәл осы 
тәсіл барлық түрік тілдерінде қолдау табуы керек. Өйткені тілдің негізгі 
байлығы жеке сөздерде ғана емес, одан он есе артық сөз тіркестерінде 
шоғырланған. Оларды өз мағына-мәнімен даралап, саралап көрсетпесек, 
тіл байлығын толық қамтыдық деп айтуға болмайды. 
Демек, тіл байлығының тағы бір кайнар көзі неше алуан сөз 
тіркестері болып саналады. Олар да сөз сияқты дамылсыз өзгеріп, 
мағына жағынан жаңғырып, сан жағынан өсіп, көбейіп, толығып 
отырады. «Сөз тіркесі» деген түркітанудағы көзқараста қалыптасып 
қалған қасаңдық байқалады. Оған көбінесе қолданысы тұрақты, 
мағынасы ауыс фразеологиялық тіркестерді жатқызады. Ал, шынында, 
екі, үш, төрт, бес, тіпті одан да көп элементтен тұратын, бір-бірімен 
үйлесіп, біртұртас мағынаны немесе күрделі ұғымды, тіпті бір пара 
ой-тұжырымды, немесе оның бір көрінісін білдіретін тіркелімдердің 
бәрі, сайып келгенде, мағыналық едини ца болып саналады. Олардың 
біреулері қолданыста еркін болса, енді біреулері қолданыс барысында 
тұрақтанады, біреулері ажырамас біртұтас бірлікке айналса, тағы 
біреулері бейне, образ төңірегінде қалыптасқан клише, штамп түрінде 
кездеседі. Ал түптеп келгенде олардың барлығының да табиғаты бір, 
белгілі бір ұғым, түсінік, мән-мағына төңірегінде шоғырлану арқасында 
қалыптасқан мағыналық единицалар. Олардың кейбіреулерін «мынау 
тұрақты», «мынау тұрақсыз» деп ажырату да оңай емес. Өйткені мұнда 
да жанды процесс, даму, қалыптасу, өзгеру байкалады: о баста пайда 
болған еркін сөз тіркесі (айталық аузы күю) мағыналық жағынан дами 
келе тұрақты сөз тіркесіне (аузы күю – бір нәрседен опық жеу) айналса, 
ол өз ретінде мақал не мәтелге айналуы мүмкін (аузы күйген үріп ішеді). 
Дамудың бұл бір көрінісі.
Бұдан шығатын қорытынды: а) сөз тіркестерін де дербес мағыналы 
лексикалық бірлік (единица) деп тану қажет және ә) оларды сөз байлығын 
сөздіктерде реестр (тізбе қатар) ретінде беріп, тіліміздің мазмұндық, 
сапалық потенциалын көрсете білуіміз керек.


57
Осыған орай фразеологизмдер мен паремиологияны бұрынғыдай 
арнайы жинақтарда емес, түсіндірме, екі тілді сөздіктерде берудің 
тәсілдерін ойластырған жөн. Оларды бірінші сөз алфавитімен де немесе 
өзекті сөз (стержневое слово) бойынша ұя-ұяға бөліп орналастыруға 
болатын сияқты. Қайткен күнде де, тіліміздегі 40 мыңдай фра зеологизм 
мен 50 мыңнан артық мақал-мәтелдеріміз сөздіктерде топталатын тіл 
байлығымыздың сыртында қалмауы керек.
Тағы бір ескерте кететін жағдай, лексикалық единицалардың саннан 
сапаға көшу процесін терең түсініп, сөздіктерде дұрыс көрсете білуге 
байланысты. Бұл процесс көбінесе тілдің ішкі даму заңдылығына, атап 
айтқанда, мағынаның сөз төңірегіне шоғырлануы мен өзара жіктелеуіне, 
ыдырауына байланысты. Мәселен, тіліміздегі синоним (мағыналас) 
сөздер категориясын алайық. Бір білгіштер бір мағынаны қайталап тұрған 
басы артық сөздердің қажеті жоқ деп даурығады. Ал біле білсек, тілде, 
бірде-бір басы артық сөз жоқ. Кейде абсолютті синоним кездесуі мүмкін, 
бірақ бірде-бір си ноним бірін-бірі абсолютті түрде қайталамайды. 
Синоним қатарындағы екіден он-он беске дейін кездесетін мағыналас 
сөздер қайткен күнде де бір-бірінен аз да болса да бір мағыналық реңкімен 
ерекшеленіп тұрады, олардың бірін-бірі ауыстыратын реттері болады, 
бірақ барлық уакытта, түрлі сөз қолданыстарда өзара дәл мағыналас бола 
бермейді.
Мұндай мағыналас сөздерді сөздіктерде беру керек те, мағынасын 
дұрыс аша білуіміз керек. Бұл мәселе біздің ауылда біршама дұрыс 
шешілген сияқты. Осы күнге дейін дұрыс шешімін таба алмай келе 
жатқан мәселе басқа – көп мағыналы сөздер мен омонимдердің ара-
жігін айыра білуге байланысты. Бұл лексикография тәсілін ғана емес, 
терең лингвистикалық білім мен білгірлікті де талап ететін күрделі 
мәселе. Мағына дамуы, әдетте, көп мағыналыққа апарады. Бірақ сол 
мағыналарды тұйықтайтын шеңбер бар да, одан шығып кететін өріс тағы 
бар. Сөздік жасаушылардың осы заңдылықты тап басып, көп мағыналы 
сөздерден омонимдерді ажырата білуінде көп мән бар. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет