АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Электрлік машиналар электрлік станцияларда, өндірісте, транспорттарда, авиацияда, автоматтандырылған реттеу және басқару жүйелерінде кең түрде қолданылады.
Электр машиналарын бірнеше белгілеріне қарай жіктеуге болады. Негізгі жіктеулерді атап өтейік.
Тағайындалуына қарай: генератор, қозғалтқыш.
Ток түріне қарай: тұрақты токты (ағылш. direct current, DC) және айнымалы токты (ағылш. alternating current, AC).
Тұрақты токты электр машиналары (ЭМ) механикалық энергияны электр энергиясына, және керісінше электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған электромеханикалық құрылғы. Осыдан электр машиналарының қайтымдылық қағидасы шығады: егер машина қышқыштарына басқа ток көзінен кернеу берілсе, онда машина қозғалтқыш ретінде жұмыс жасайды; егер оның якорын басқа бірінші механикалық қозғалтқыш арқылы айналдырса, онда машина қысқыштарынан кернеу алуға болады, яғни ол генератор ретінде жұмыс жасайды. Сондықтан бірінші жағдайда электр машинасын қозғалтқыш, ал екіншісі жағдайда генератор деп атайды. Конструкциясы бойынша тұрақты ток генераторының қозғалтқыштан айырмашылығы болмайды. ЭМ генератор режимінде де, электр қозғалтқыш режимінде де жұмыс істей алады.
Генератор мен қозғалтқыш тұрақты ток режимінде және айнымалы ток режимінде де жұмыс жасай алады.
Генератор синхронды және асинхронды деп бөлінеді.
Қозғалтқыш синхронды, асинхронды және коллекторлы деп бөлінеді.
Синхронды машина деп ротордың жылдамдығы статордың айналмалы магнит өрісі жылдамдығына тең және қоректендіретін ток жиілігіне тәуелді болатын электрлік машинаны айтады.
Асинхронды машина деп ротордың айналу жылдамдығы статордың айналмалы магнит өрісі жылдамдығынан кіші және жүктемеге тәуелді болатын электрлік машинаны айтады. Электрлік машиналар тұрақты және айнымалы ток машиналарына жіктеледі (2.8.1-сурет).
2.8.1-сурет. Электр машинасының сұлбасы
Айнымалы ток машиналары бір фазалы, сондай-ақ көп фазалы бола береді. Аса кең қолданысқа үшфазалық синхрондық және асинхрондық машиналар ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |