Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің
2 курс білім алушысы Келдос Ляззаттың
18.01.2021- 08.05.2021ж күндер аралығында өткен
оқу тәжірибесінде өткізілген жұмыстарының
Есебі
18.01.2021 - 08.05.2021 ж күн аралығында №81 мектепте байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өттік.
Мектепке барған сәтте мектеп ішімен таныстық. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен танысып,бізді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшілерге бөлді. Сынып жетекші - Берденова Канзада Абдуманаповна. Канзада Абдуманаповна бізді өзінің сабақ беретін сыныптарымен таныстырды. Ол 9 сыныптарына сабақ береді. Сыныптарға кіріп таныстық. Канзада Абдуманаповнаның күнтізбелік жоспарымен таныстық. Бұл практикада он алты апта бойы жүргендіктен, мектеп бағдарламасын жетік меңгере алдым. Мектеп құжаттарымен танысып, ол құжаттармен жұмыс жасауға тырыстым.
Менің тәжірибеден өтетін сыныбым - 9"а". Сынып оқушылары белсенді, сабаққа ынталы. Қашықтықтан оқытуға әбден машықтанған, интернет желісін тиімді пайдалана алады. Сабаққа қатыстары өте жоғары. Тәжірибе талаптары бойынша біз аптасына 1 күн сабақтарды бақылау керек болдық. Маған берілген сынып 9 "а" сыныбы. Осы сыныпқа әр жұма күні сағат 8:45 те қазақ тілі сабағы жүретін болды. Әр жұма күні жетекшімнің жіберген сілтемесі арқылы ZOOM платформасында сабаққа кіріп бақылау жұмысымды бастап кеттім.
Тәжірибе барысында тек қана оқушылардың сабаққа қатысуын ғана емес, пән мұғалімінің де сабаққа қойған мақсаттары мен міндеттеріне зер салып қарап жүрдім. Себебі, ол менің болашағы керек зат деп білдім.
Қорытындылай келе, мен бұл практикадан болашақ мұғалім ретінде көп нәрсе үйрендім. Сабақ жоспарын дұрыс, әрі сауатты құруды, сабақ өтуді,түрлі жаңа әдістерді өз сабағымда қолдана білдім. Балалармен қалай жұмыс жасауды үйрендім. Осы практика барысында мен өзімнің шеберлігімді шыңдай білдім. Осы практикада жинаған тәжірибемді болашақта кеңінен, әрі қорықпай қолданарыма сенімдімін.
Практикант: Л.Е.Келдос
Достарыңызбен бөлісу: |