2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты



бет16/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Тақырып №3. «Қазақстан территориясындағы көшпенділер мәдениеті»
Дәріс мақсаты: Көшпелі мәдениет феноменімен танысу. Көшпелі мәдениеттің кеңістігі мен уақыты тұрғысынан қазақ мәдениетін қарастыру.
Жоспар:

  • Көшпелілік мәдениеттегі кеңістік пен уақыт

  • Көшпелілік (номадизм) концепциялары

  • Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері

  • Сақтар мен массагеттердің мәдени құндылықтары

  • Сақ өркениетінің ежелгі грек, парсы, үнді және қытайлық өркениеттерімен өзара байланысы.

  • Сақ ойшылдары (Токсарид, Анахарсис)

Қазақ халқы – Қазақстан Республикасының тұрғындары. Биылғы халық санағы бойынша еліміздің халқының саны 19. 169 550 адамды құрады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діни жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сүннеттері.


Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады.
Қазақ елі – түркі әлемінің қара шаңырағы. Қазақ елі кең-байтақ даласы көшпенді өмір салтының және сол салт негізінде қалыптасқан түркі өркениетінің төл бесігі. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдыменен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпенділерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті қарастыруда номадалық өркениет ерекшеліктеріне тоқталайық.
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістік емес, ол адамдандырылған қоршаған орта. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты.
Көшпелілер үшін қасиетті кеңістік «ата қоныс», «атамекен», «туған жер», «кіндік қаны тамған жер» түсініктері. Бұлар өз жерінің тұтастығының кепілі мен қоса көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындаудан туындаған. Көшпелілер үшін атақоныстың әрбір географиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінген, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан тұрады. Олардың қасиеттілігін аңыз-әпсаналарда, жырларлар ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. Осындай киелі кеңістікте көшпелі адамы өзінің дала парасаттылығының, ізгілігі мен ұстамдылығы арқасында дала кеңістігінде үйлесімді өмір кешті.
"Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі – алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы – өрлемелік қозғалысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Әлемдік ағаштың тағы бір атқаратын қызметі оның жоғары және орта дүниені үшінші әлем – төменгі дүниемен байланыстыруында. Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтар аймағымен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан жасыл желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады" - деп, белгілі философ Т.Х. Ғабитов ерекше атап өтеді. Бұл тұжырымнан да біз кеңістіктің өзіндік бір сакралды әлеммен үндесе келгендігін аңғарамыз.Егер М. Элиададағы аспан (сакральный) кеңістігі және жер (профанный) кеңістігінің архетиптік қайталану концепциясына сүйенсек, отырықшы халықтарға қарағанда көшпенділер вертикаль бойынша үш бөліктік, горизонталь бойынша төрт бөліктік дүниенің құрылымын өздерінің тіршілік әрекетінің барлық саласында қолданды.Сондықтан көшпенділер түсінігіндегі дүниенің төрт бөлікті құрылымы жер кеңістігі мен аспан кеңістігі ұғымдарының маңыздылығын арттыра түседі.
Төрткүл дүние – дүниенің төрт бұрышы, яғни төрт полюсі (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс). Бұлардың әрқайсысы көшпелілер үшін түрлі мағыналық қызмет атқарады.
Жер кеңістігі – архетиптік қайталану заңына сәйкес жер мен аспан өлшемдермен орталықтан бөлініп шыққан реттелген және меңгерілген физикалық кеңістік.
Кеңістікті бірнеше деңгейге бөліп қарастыруға болады: біріншіден бұл тұрақ, яғни адам арқылы барынша меңгерілген кеңістік. Екіншіден, тікелей тұраққа жақын, мал бағу, жылқыны үйрету т.с.с. басқа да шаруашылықпен шектелген кеңістік. Яғни бұл дегеніміз тұрмыстандырылған кеңістік. Үшіншіден, ру, тайпаның (отбасының) шаруашылығымен игерілген территория, яғни өңделген егістік, өзен-көлдер, жайылымдар. Мәселен, қазақтардағы мезгілдік жайылымдар – жайлау, күзеу, қыстау, көктеу деп аталынды. Бұнда адамдар рух, аруақ т.б., яғни тау қожайындарымен, су тасқындарымен, нақты айтқанда табиғат құбылыстарымен сырлас, мәндес өмір кешеді.
Жоғарыда келтірілген үзіндіден маңызды екі қорытынды шығады: біріншісі, кеңістік "өзімдікі және өзгенікі" оппозициясы арқылы сипатталса, екіншіден "мендік кеңістік" тұрақжай, тұрақжайға жақын және шаруашылықты территория деңгейлерін үйлестіруші.
Ендеше, келтіріліп отырған мысал көріністерінің көшпенділер дүниетанымына етене жақын екендігін аңғару қиын емес. Дәлел ретінде номадтардың тұрақжайлық кеңістіктік параметрлеріне тоқталып өтейік.
Ең біріншіден, көшпенділердің тұрақжайы – киіз үй немесе қазақ үйдің орналасу тәртібі. Бұл жөнінде отандық философ Д. Кішібеков өз ойын былай деп ортаға салады: "...мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі өзінің тұрағын, яғни киіз үйін кез-келген жерге емес, өзіне және басқа адамдарға, мал-жанына қолайлы жерге тігіп, қоныстанатын болған" [2]. Аталмыш концепция түйіні төмендегідей:
- көшпенділердің мал-жанын қоректендіру мақсатында жаңа жайылымдық жерлерді үнемі іздестіру үстінде болуы архетиптік қайталану заңына сәйкес көшпеліліктің кеңістік ареалының жоғары сакрализациясын қамтыды;
- көшпенділер тұрақжайы, игерілген кеңістік аясы, үнемі өзгеріп отыратын болған. Себебі, көшпенділер қонысының тұрақтануы шаруашылық негізіне тікелей байланысты.
Көшу кеңістікті талап етеді, ол үшін қозғалысқа, шаруашылыққа ыңғайлы жиналмалы киіз үй, күш, көлік, тағам қоры, арнайы киім-кешек қажет. Осы құрамдас бөліктің кез-келгені өзінің жүзеге асырылуын талап ететін әлеуметтік кеңістікті қажет етті. Ендеше, көшпендінің арман-тілегі тұрақты бір жерді мекендегісі келгенімен, ол өзінің тұрағын үнемі ауыстырып отыруға мәжбүр болды.
Көшпенді үшін кеңістіктің кең немесе тар болуы аса маңызды емес, ол өзінің жайлылығымен және қажеттілікті өтеуімен пайдалы, әрі қолайлы. Ұлы дала осындай қажеттілікке сай мекен болды. Әрбір қазақ руының белгілі бір көшу жолы болған. Ал, көш бағыты тек табиғаттың қолайлылығы мен жердің құнарлылығына ғана қатысты емес, оған ру аралық қатынастардың да айтарлықтай әсері болды.
Көшпенділер дүниетанымындағы кеңістік ұғымы, басқа да көшпенді халықтар түсінігіндегі уақытпен қатар дамыған, қозғалмалы, мобильді категория. Себебі, қазақтардың әлемдік образы номадалық өркениет шеңберінде қалыптасты. Бұл дегеніміз, қазақ халқының үнемі жолда, қозғалыста, дамуда болғандығын аңғартады. Көшпенді өмірінің басым бөлігі кеңістікті игерумен байланысты. Олардың ішкі жан дүниесінің ұлылығы дүниені қабылдауының мағыналық тереңдігіне және космоспен біртұтас органикалық түсіністікте болғандығына келіп саяды.
Көшпенді үшін ең жоғарғы құндылық қозғалыс, белгілі бір территорияда мәңгілік шектеліп қалмау. Демек, дүниедегі қозғалатын, өзгеретін, ағыста болатындардың барлығы көшпенді үшін өте құнды. Ал, қозғалмайтын, отырықшылыққа бейімділер құндылығы екінші орында қалып қояды. Тоқтау, тұрақтану, отырықшы болу – қозғалысқа, өзгеріске деген бейімділікті, қабілеттілікті, тұтастай алғанда ең жоғарғы құндылықты жоғалту.
Батыс ойшылы Жиль Делездің пікірінше, кеңістікті сырт жағынан қарап топшылау мүмкін емес, оны тек өз ішінде саяхаттау арқылы ғана тануға болады. Олай болса, дала тұрғыны көшпенді үшін кеңістік көз мөлшермен өлшенбейді.
Көшпенділер дүниетанымындағы әлеуметтік кеңістік пен уақыт категорияларының маңызы олардың тұрмыстық өмірінен айқын байқалады. Қазақтың ата-тегінің болмыс шындығына тікелей жақын болуы, - деп жазады М. Орынбеков, - олардың бақылайтын, қабылданатын дүниеге сезімдік тұрғыдан жақын болуы, бұл болмыспен тамырластығы уақытты, кеңістікті, адамның ішкі дүниесін, тіршілік етудің ождан бастауларын түсінуінен өз көрінісін тапты. Тағы бір айтып өтетіні, сапа, сан ұғымдары мал өсіру мен егіншілік процестерінде қатар қалыптасты. Бұл қазақтың ата тегінде бірыңғай таңбалы жүйе болғандығын көрсетеді. Қарапайым санау операциясынан бастап, санның негізгі субкатегориялары – сан, шама, құрылым т.б қалыптаса бастады. Демек, санның онтологиялық сипаттамасы барлық кезде кеңістік пен уақыт болды. Өйткені, қазақтардың барша тіршілігі табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, көшіп-қонуға бейімделдген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылымын қалыптастырды. Мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені орнықтырды. Ендеше, көшпелілердің барша тіршілік болмысының табиғатпен етенелігін, олардың артықшылығы немесе кемшілік балаңдығы деп емес, тарихи даму барысындағы өмір сүрудің кепілі ретінде қарастыру керек.
Бұл жөнінде Л.Н. Гумилев көшпелілердің табиғат жүйесін тани білгенін айта келіп: "дала ландшафтарына бейімделіп алғаны сондай, олардың шаруашылық тірлігі табиғатта болып жатқан процестермен бірігіп кетті де, өздері белгілі дәрежеде игеріп алған жер табиғатының құрамдас бөлігіне, яғни дала биоценозының ең жоғарғы, қорытынды буынына айналды" [4] – деп жазады.
Расында да, көшпелілер табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаға қарсыласы ретінде қарамай, неғұрлым табиғат сырын терең танып, табиғатпен жақын болған сайын өмір сүруге қолайлы мүмкіндіктердің де молая түсетінін жақсы білді.
Көшпелілікті дәстүр тұтқан қазақ халқы өздерінің тіршілік болмысына арқау етіп, ең алдымен уақыт пен кеңістікке қатысты таным түсініктерін қалыптастыра білді.
Көшпелі адам өзін қоршаған ортаны әлемдік кеңістікпен бірлікте қарастырып, оны өзіндік уақыт заңдылықтарына бағындыра білді. Демек, бүкіл ғұмырын табиғат аясында өткізген көшпелілер үшін даладағы негізгі мекен – Көк пен Жер арасындағы байтақ кеңістік.

Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар – сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. VIII ғасырдан – б.з.V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар – б.з.б.


VIII —II ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер – б.з.б.ІІІ –б.з. V ғасыр,қаңлылар – б.з.б.ІІІ – ІІ – б.з. V ғасыр,сарматтар – б.з.б.ІІ —б.з. V ғасыр, ғұндар б.з.б. ІІІ -б.з. IV ғасырларда өмір сүрген
Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар –сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. VIII ғасырдан – б.з.V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар – б.з.б.
VIII —II ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер – б.з.б.ІІІ –б.з. V ғасыр,қаңлылар – б.з.б.ІІІ – ІІ – б.з. V ғасыр,сарматтар – б.з.б.ІІ —б.з. V ғасыр, ғұндар б.з.б. ІІІ -б.з. IV ғасырларда өмір сүрген




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет