2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері



бет17/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік жəне мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мəлім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола дəуірінің өзінде түрлі тайпалардан мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік жəне шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дəрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру жəне егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр жəне магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй шаруашылығына қажетті жəне зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан əшекей-сəндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тəсілі жоғары болғанын аңғартады.
Өздеріңіз жақсы білетіндей бүгінже елімізде төртінші "Алтын адам" табылды. Ол - Батыс Қазақстан облысында жерленген сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі екені анықталды. Ал бұған дейін Қазақстан аумағынан үш "Алтын адам" табылғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Олар Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан табылған.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-əшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші əрі нəзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлі бастап Ыстық көлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты.
Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды. Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел əрі қалалары бар үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мəдениеті тарихи əдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мəдениеті деп аталады.
Атақты тарихшы С.П. Толетов кезінде археологиялық жəне жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық жəне рухани мəдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында əуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мəлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы алаңдарды батысқа қарай ығыстырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс жəне Орталық Европаға басып кірді. Сөйтіп, «халықтардың ұлы қоныс аударуы» Қазақстанның, Орта жəне Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық жəне саяси картасын едəуір дəрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі жəне өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет