Үйсіндер.
Үйсіндер ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін мекендеген. Олар – Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай тау бөктеріндегі далалы өңірде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі.
Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінеен Жетісуда шоғырланған.
Археологиялық ескерткіштері Ақтас қорымы (Алматы), Қарғалы тау шатқалы (Қарғалы диадемасы).
Үйсіндер тау бөктеріндегі тұрақты үйлерінде тұрған. Қыста шикі кірпіштен және тақтатастан балшық лай құйып қаланған үйлерде тұрған.
Үйсіндер мал шаруашылығымен айналысқан, төрт түлік мал баққан, егіншілікпен шұғылданған. Қолөнер, зергерлік бұйымдар жасау, қыш ыдыстар жасау, кен өндіру кәсібімен шұғылданған.
Үйсіндер о дүниеде тіршілік жалғасады деп түсінген, жаратушы кңүшке сенген, сол жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Үйсіндердің салт-дәстүрлері туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Үйсіндер түркі тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын. Түркі тілінің түп тегі қайдан және қай мың жылдардан басталатыны – ғылымда басы ашылмаған мәселе.
Қаңлылар.
Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады.
Қаңлылардың материалдық мәдениеті шартты түрде Қауыншы, Ақтөбе, Жетіасар және Отырар-Қаратау мәдениеті деп аталады. Бұл қоныстарды мекендегендер көлдетіп суару егіншілігімен және мал шаруашылығамен айналысқан. Ең ірі ескерткішінің бірі – Алтынасар қала жұрты.
Қаңлы тайпалары мекендеген аудандардың бәрінде де қоныстарының қасында қорым болған. Бейіт құрылысы жер үстіне үйілген обалар, жерден қазылған қабірлер болып келеді. Қабірлерге ас құйылған ағаш, қыш ыдыстар қоятын болған. Ер адамдарды қару-жарақтарымен бірге көмген. Әйелдерді әсемдік бұйымдарымен бірге жерлеген. Қаңлылар күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сыйынған.Табиғаттан тыс құдіретті күштерге табынып, оларға арнап үй малдарын құрбандыққа шалып отырған. Б.з 1 мыңжылдықта киіммен жерлеу дәстүрі пайда болған.Тұрғын үйлері шикі кірпішпен қаланып, балшықпен сыланған. Үй кәсіптерінің ішінде ұсталық кәсіп, керамикалық ыдыстар, зергерлік бұйымдарын жасау және тастан, сүйектен бұйымдар жасау кеңінен дамыған. Қаңлы мекендерінен сәулетті сарай ғимараттарының, үй қабырғаларындағы әдемі ою- өрнектердің табылуы ежелгі қаңлдыларда мәдениеттің жоғары болғанын әйгілейді.
Қаңлылар жылқы, қой, ешкі, сиыр малдарын өсіріп, мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар аң аулау, балық аулау кәсібімен айналысқан.
Ежелгі түркілердің космогониясы мен мифологиясы. Ата-баба культы. Тәңіршілдік.
Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы –Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туағн және Күнмен, Аймен безендіріген» деп атаған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім.
Күн мен ай, жұлдыздар да сол көк тәңірінің ең жақын көмекшілері, жер құдайы – төс, табиғат-жаратылыс иесі – Алтай, «иер-суб» иесі болады деп, оған да құрмет көрсетілді. Жыл сайын 5-айдың орта шенінде ру-ұлыс адамдары жиылып аспан рухтарының құрметіне құрбан шалып, жалынып-жалбарынады. Ертеде Саян тауын мекендеген угралардың туысы нгасандарда күнге табыну бертінге дейін сақталған. Олардың түсінігінше, көк аспан ең үлкен құдай, күн қызметші, күн сәулесі – сансыз жіп, әлемдегі өсімдіктерді қоректендіріп, оны аспан құдайымен байланыстырып тұрады мыс.
Аспанға жоғары құдай ретінде қатынас жасау көне түркілердің дүниетанымдарының басты ерекшелігі болған. Үнемі аспанға қарайлаған көшпелі халық аспанның жапан дала жол көрсетуі мен ғұмырына дұрыс бағыт болуын меңзеген. Бұл орайда Тәңір – Аспан –өзімен бірге құдай да, ақиқат та, сонымен қоса бірліктің, біртұтастылықтың символы болып танылған дегенді М. Орынбеков.
Қазақтың төл дүниетанымын зерттеген белгілі ғалым Ораз Сегізбаев көшпелі халық барлық қайғыны, сәтсіздіктер мен басқа тап болған пәле-шәлелерді, бақытсыздықты Тәңірдің берген жазасы деп санаған. Ал адамның өмірінде сәттілік пен бақыттылық орын алса, ол Тәңіріден болады деп үміт жібін үзбеген және әрбір басқан қадамын Тәңірімен байланыстырғандығын айтады.
Тәңір, тәңіршілдік жөнінде терең зерттеулер жасаған белгілі ғалым Нұрмағамбет Аюпов тәңіршілдікті әлем мен адам бірлігін, олардың күш -қуаттарының бірлігін бейнелейтін ашық та тұтас дүниетаным ретінде қарастырады. Түркі халықтарының діліне, рухани мәдениетіне сәйкес келетін ашық дүниетаным ретінде тәңіршілдікті анықтайтын келесі негізгі нышандар мен ерекшеліктердің барына тоқталады. Олар төмендегідей мәндерде көрініс табады:
1) Тәңірді өзіне Кеңістік пен Уақытты (Ғарыш -Аспан), Өмірді (Табиғат -Өмір), және Адамдық – «адамгершілікті» қоса алатын Трансцендетті Мәнді Бастама ретінде қабылдау;
2) Тәңірге Құдай ретінде сену («Алла», «Құдай»). Бірақ әлемнен тыс немесе төбесінде орналасқан ретінде емес, ал адамның өзінде, оның жан дүниесіне қатысатын Құдай ретінде сенім білдіру;
3) Өмір бастауы ретінде жалпыортақ Табиғатқа табыну. Тәңір «Адам – Дүние» гармониясының тұтастығы ретінде;
4) «Адам –Дүние» жалпылығы ретінде тән белсенді бастама ретінде, сондай-ақ адамның өзіне тән «құдіреттілік» өмір қуатына сену;
5) Рухтың мәңгілігіне, о дүниелік өмірге сену ретінде қайтқан адамның рухына, ата-бабалар рухы «әруаққа» сиыну, құрмет білдіру;
6) Өмір барысында «адамгершілік» категориалды императивін ұстану;
7) Рухани құндылықтардың берілуі, ұрпақтар сабақтастығы болып есептелінетін, өзімен бірге рухани-діни пәнділікті құрайын ата-бабаларды, үлкендер мен ата-аналар, балалар культін құрметтеу;
8) Қауым, адамаралық байланыстар, қарым-қатынастар, тұлғааралық қатынастар басымдығы;
9) Салт-дәстүр сақтау, мәдениет дәстүрін ұстану;
10) Иерахия, тәртіп, белгілі бір құлық ережелерін ұстану;
11) Белгілі бір рационалды ғылыми-практикалық және дүниетанымдық көзқарастар және қоғамдық, табиғи құбылыстар туралы түсініктерінің болуы; “Аруақ” ұғымы қазақ танымының негiзiн құрайды, өйткенi, қазақтардың, оның көшпелi тұрмыс кешкен ата-бабаларының сенiм-нанымдарына қатысты анықтамаларда жиi айтылатын жалпылама мәндi “ата-баба культi” ұғымының өзi iс жүзiнде осы аруақ ұғымымен сабақтасып жатыр.
Тiлдiк-фольклорлық материалдарға қарап “аруақ” ұғымының өз бойында әр замандағы дiни, мифологиялық келтiрiмдердi қабаттастырып жатқандығын аңғаруға болады,
Аруақ түсінігінің бірнеше түсіндірмелері бар.
ең қарапайым мағынасындағы аруақ – өлген адамның жаны немесе адам жанының өлгеннен кейiнгi тiршiлiк ету формасы; яғни, адам өлгенде аруаққа, сүлдеге айналады.
Шоқан Уәлиханов «Тәңір» шығармасында: Аруақ - ата-баба рухы, басқа қиын қыстау күн түскенде, жан қиналғанда: «Аруақ, қолдай көр, қолтығымнан жебей көр!» - деп айтады. Осыдан да қазақ халқының аруақты сыйлағаның, оған ерекше құрмет білдіргенін ұғынуға болады.
Түркі қағанатының мемлекеттік жазуы. Руна жазуы.
Солардың бірі «Орхон жазуы» немесе «көне түркі жазуы». Орхон-Енисей эпиграфиялық шығармасы. «Күлтегін ескерткіші», «Тоныкөкке құрмет белгісі», «Білге Қағанға құрмет белгісі». Ежелгі түркі ақындары Йоллығтегін. Тоныкөк. Оғыз тайпаларының ескерткіштері: «Қорқыт Ата кітабы», «Оғыз-нама» шығармасы.
Елімізде және Ресей, Қырғызстан, Моңғолия жерлерінде табылған көне түркі жазба ескерткіштері руна жазумен жазылғанды. Оларды іздестіріп, зерттеуде В.Томсен, И.Р.Аспелин, О.Х.Кивало, О.Доннер, Н.М.Ядринцев, Д.А.Клеменц, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.К.Мюллер, Г.Шлегель, А.Н.Бернштам, С.Г.Кляшторный, В.В.Бартольд, С.Е.Малов, А.Н.Кононов, И.Р.Кызласов, А.С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, С.Қаржаубай, М.Жолдасбеков, Н.Базылхан және т.б өзге шетелдік, кеңестік, отандық ғалым зерттеушілердің еңбектерінің үлесі зор.
Сол секілді VIII ˗ IX ғасырларға тиісілі «Майтри симит ном бітік» пен «Ырқ бітік» жазуларынан да оқылған.
«Майтри симит ном бітік» - будда дінінің болашақ буддасы ˗ Майтримен қауышуды баяндайтын уағыздық мәніжат кітабі. Аталмыш тарихи туындының мазмұнымен танысу танымал ғалым, профессор Тұрсын Жұртбайдың ғылыми редакциясымен жарық көрген «Көне түркі және қазақ жазба әдеби мұралары» еңбегінің негізінде мүмкін болды. Онда қолжазбаның транскрипциясы мен қазақ тіліндегі сөзбе - сөз аудармасы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |