2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Өзін –өзі бақылау сұрақтары



бет29/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Өзін –өзі бақылау сұрақтары:


1. Абай шығармашылығының ең озық туындылары
2. Ы.Алтынсариннің шығармашылығының гуманистік дүниетанымы
3. А.Байтұрсынұлының тіл біліміндегі орны
4. Алаш зиялыларынан кімдерді білесіз?!
5. XX ғғ. білім мен ғылымның дамуы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html
4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025
5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293


Тақырып №9, 10 «Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті»


Дәріс мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өмірін зерделеу. Әлемдік аренадағы Қазақ мәдениетінің дамуын ұғыну. Дәрісімізде біздер жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасына жете тоқталатын боламыз. Осылайша біздер екі тақырыптың мәселелерін бірлікте қарастыратын боламыз.


Жоспар:

1. Жаһандану және этно- аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі бірегейлендіру мәселесі.


2. Қазақ мәдениеті және түркі әлемі.
3. Қазіргі Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау, қазақ тілін дамыту мен оның мәдени кеңістігін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен ұлықтау.

1. «Жаһандану» түсінігі ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы жер шары кеңістігінде өріс алған әлеуметтік өзгерістер мен шынайылықты мағыналандырудың өзегі болып табылады. 60-70-ші жылдары пайда болып, жаһандану идеясы 80-ші жылдары академиялық мойындауға ие болды.


Жаһандану – жаңа әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген 1983 жылы америкалық экономист Теодор Левитт.
ХХ ғ. 90-шы жылдары жаһандық мәдениет үлгісі кең қолданысқа ие болды. Бұл концепцияның басты тезисі адамзат күйінің жаңа бейнесі мәдениеті болуында жатыр. Жаһандық өзгерісті көрсететін өзекті нүкте – әлемдік туризм, мәдени гибридтердің пайда болуы, постмодернистік мәдениет, тәжірибе қайта қалыптастырудың жаңа формасы. Маңызды фактор болып адамның ішкі уәжі, оның жаңа жағдайда өзін-өзі анықтау мәселесі қалыптастырылады. Осы үлгіге сай адамзаттық одақтың әртүрлі деңгейіндегі өзіндік сәйкестендірудің басты серігі немесе жаһандану нәтижесі болып табылады.
Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін.
Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.
Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.
Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек.
Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті» әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады.
Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды.
Консьюмеризм 60–шы жылдардың ортасында АҚШ - та пайда болды. «Консьюмеризм» деген ұғым тұтынушының «егемендігі» (еркіндігі және дербестігі) деген ұғымның орнына келді. Бұл экономикалық дамуының дамуының, сатушы нарығынан сатып алушы нарығына көшуінің нәтижесі.
Қазіргі әлемде тұтынушылардың өздерінің құқықтарын қорғауға арналған қозғалысы даму өрісін алған. Әртүрлі журналдар, жарнама қолданылады. Тұтынушыларға кеңес беру жүргізіледі, тауарға дербес сараптама жүргізіледі, сапасыз тауарлар мен қызметттерге талап қойылады. Тұтынушыларды осы тұрғыдан ағарту жұмысы, тұтыну мәдениеті белсенді түрде дамып келеді.
Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т.б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады.
Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі институционализациялаудың басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.
Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж.Бодрийяр термині) — қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті
Бұндай алғышарттар міндетті түрде қалыптасады, және сөзге дәлел ретінде бүгінгі таңда кеңінен таралып отырған жаңа мәдениет тәжірибесінің көптүрлілігін айтуға болады. Олар қоғамдық санада белсенді рефлексияланады, оның ішінде мағыналық әлем мағынасын әлеуметтік-тарихи контекстте қарастыруды болжайтын, әлеуметтік мәдениет талдауы әдісі де бар.
Мысал ретінде, мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес.
Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді. Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және саяси жағдайларға бейімделуде. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды.
Барлық болжамдарға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында нүкте қойды, ол қазіргі Қазақстанның мәдени өмірінде рулық сананың мәні мен рөлінің аса маңызды екенін баса айтты. «Жеті ата» принципі барлық халықтың рухани бірлігінің құралы іспетті. Осы принцип қарапайым болғанымен, отбасы-туыстық махаббаттың негізіндегі этникалық тұтастықты анықтайтын күшті ядро болып табылады. Қазақ халқы этномәдени қауымдастық ретінде өздерінің этноұжымдық зердесінің арқасында сақталды [5, б.47].
Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі – казіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер. Тәуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет