Жаһандану үрдісінде ұлттық бірегейлікті қалай сақтаймыз? Жаһанданудың идеологы М. Уотерс, жаһандану әлемінде аумақтық шекаралар мен елдер арасындағы саяси, экономикалық қатынастардан ұлттық мүдделерден тәуелсіз жаңа әлем қалыптасатынын айтады.
Қалыптасқан әлем, біртұтас қоғамды, біртұтас мәдениетті бейнелейді. Бұл дегеніміз мәдениеттердің жалпы адамзаттық мәдениетке ерікті интеграциясы болады.
С. Хантингтонның пікірінше: «…Біз батыстық идеологияның прогрессивті дәуірінің аяқталуын бастан өткеріп жатырмыз, енді жаңа дәуірге қадам басқан әртүрлі мәдениеттердің өзара әрекеттесіп бәсекелестікте өмір сүреді…»[3] – десе, басқа бір еңбегінде ғалым мәдениет пен дінді адамзатты жік‑жікке бөлетін, соғысты тұтандыратын қақтығыстардың бастауы деп есептеген.
Гарвард университетінің профессоры С. Хоффман «әлемдік мәдениеттің жаһандануы мәдени әртүрлілікті туғызып, ұлттық мәдениеттердің, әдет-ғұрыптардың, құндылықтардың нормаларын жаңғыртуға бағытталған мәдениеттердің плюралистік синтезі (локоглобализация) Шәкәрім Құдайбердіұлы: Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,
Оны бөліп, дұспандық қару жасар.
Інжіл, құран – бəрі айтып тұрса дағы,
Мағынасынан адасып қара басар.
Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,
Дін десе білімділер тұра қашар.
Ешбір дін үйтіп дұспан бол демейді,
Қанекей бұл сөзіме кім таласар» [6; 70].
Шəкəрім Құдайбердіұлы ешбір дін қиянат жаса, дұшпан бол демейді деп отыр. Ендеше, кінə дінде емес, сол дінді ұстанушылардың оның түп мағынасын түсінбей, дінді қолшоқпарға айналдыруында. Сөйтіп есіл дін бұзылады дейді.
Яғни кемшілік дінде емес, діншілдерде болып отыр.
«Құран сырын түсінбей бұрса дағы, жасырылмай жарқырап тұр керемет. Жаман тəпсір жайылып жер бетіне, дін десе тұра қашты есті азамат», – дейді Шəкəрім. Білімділердің, есті азаматтардың діннен тұра қашуының негізгі себебі жаман тəпсірде деп отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «дін тазасын діннен іздейтін» Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі
ХХІ ғасырда әлемді тек рухани мәдениет құтқарады.
2003 жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі елімізде өткізіліп келеді. Съезд 3 жылда бір рет ұйымдастырылады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерінің өткізілетін орны ретінде 2006 жылы ел астанасында Бейбітшілік пен келісім сарайы бой көтерді
Ұлттық бірегейлік дегеніміз не? Ұлттық бірегейліктін индикаторларына не жатады?»
«Бірегейлік» дегеніміз латын тіліндегі «іdem», «identіty» «ұқсау», «бірдей болу» – адамның біреуге ұқсауы, сонымен өзін теңестіру әрекеті.
С. Хантингтон өзінің танымал «Біз кімбіз?» атты еңбегінде бірегейлікті индивидтің немесе топтың өзіндік санасы деп көрсетеді. Бірегейліктің ішіндегі ең маңыздысы ол – ұлттық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік адамның белгілі бір ұлтқа, елге, мәдени кеңістікке жататындығын білдіретін бірегейліктің құрамдас бөлігі.
Ұлттық бірегейліктің қалыптасуындағы маңызды факторларға: территория, жер, шаруашылық, мемлекет, мемлекет құраушы халық, сыртқы сын-қатерлерге тұра білу, мемлекет құраушы ұлттың тілі мен мәдениеті жатады. Мемлекет діңгегінің мықты болуы аталмыш факторларға тікелей байланысты.
мемлекеттің территориясы мен жері мемлекет құраушы ұлтқа тиесілі екенін дәлелдейтін тарихи мәдени құжаттардың болуы шарт.
келесі маңызды факторлар – мемлекет құраушы ұлттың тілі мен мәдениеті және шаруашылығы.
Бұл факторларды ғылыми тілде бір сөзбен энтелехия деп аталады. Энтелехия – белгiлi бiр ұлттың мыңдаған, миллиондаған жылдар үзбей тiрнектеп жинап, тырнақтап жетілдірген аса қымбат – энергиялық өрісі. Этностың өзін-өзі сақтаушы қуат қорғаны, имани иммунитеті, салт-дәстүрін ассимиляциядан сақтайтын берік қамалы. Энтелехиялық қуаты әлсіреген халықтың болашағы күмәнді. Жер бетінен жойылып кету қаупі жоғары.
Ұлттың энергиялық өрісі тарылып, энтелехиялық тұтастығының ыдырауына әкелетін бірінші себеп – тіл бірлігінің бұзылуы. Ал, тілдің бұзылуын жеделдететін жолдың бірі – ұлттың ежелден келе жатқан шаруашылығының жойылуы. Шаруашылық арқылы халықтың тілі, дүниетанымы, яғни өзіндік мінезі қалыптасады.