2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы



бет31/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.
Қазақ мәдениетінің іздерін (паттерн) сақтау
Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңі-нен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақ-тардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Қазақ халқының дүние-танымы мен дәстүрлі мәдениетінің рухани тамырлары мен бастау көздері ежелгі сақ, ғұн және ортағасырлық түркі мәдениетінде екенін отандық зерттеушілер бүгінгі күні дәлелдеп, түйіндей түсуде. Әсіресе, ортағасырда барлық түркі халықтарының бірігіп, бір суперэтносқа ұйысқан кезеңнің орны бөлек.
Елбасы Н. Назарбаев «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өш-пес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен» [ 94 бет].
Өткен тарихымызға құрметпен қарап, оны танып-білуге деген құштарлық, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындауға деген, ұрпақтар арасындағы мәдени-тарихи сабақтастықты жаңғыртуға деген ұмтылыс еліміздің тәуелсіздік алуы барысында мүмкін болып отыр.
Философия ғылымдарының докторы, профессор С.Е.Нұрмұратов:
Қазақтың ежелгі даласындағы түркі тілді мәдениеттің терең астарлы тарихына үңілетін болсақ, онда әлемдік мәдениетке өзіндік үлесін қосатын талай мәдени мұраның қорына тап боламыз. Тек осы рухани байлықты төкпей-шашпай, келесі ұрпаққа барлық қадірін түсірмей жеткізе білу қазіргі заманның зерделі қоғамының тарихи міндеті екенін атап өте аламыз. Мемлекетіміздің осы руханилыққа толы игілікті істі қолға алып, ғалымдардың, зерттеушілердің көмегімен үлкен бағдарламаны жүзеге асыра¬мыз деген талабы күрделі мәселе және ол болашақты ойлаудан туындаған қадамдардың қатарына жатады», — деп жазады
ТҮРКСОЙ ұйымы
1993 жылдан бері ТҮРКСОЙ ұйымы жұмыс жасайды
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түрік Мәдениет Ұйымы Түркі әлеміндегі ЮНЕСКО болып табылады
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия Мәдениет министрлерімен құрылтайшылық келісімге қол қойылғаннан бері қызмет етеді
Оның құрамында қазіргі таңда Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Ресей Федерациясының Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Саха, Тува, Хакасия және Гагаузия (Молдова) автономды республикалары бақылаушылар мәртебесінде ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер қатарына қосылды.
ТҮРКСОЙ ұйымы аясында Түркі кеңесі, Түркі академиясы мен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры келісімді қызметтер атқарады
2008 жылғы 21 қарашада айынан бастап Қазақстан Республикасы, Əзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы жəне Түркия Республикасы Түркітілдес елдерінің парламенттік ассамблеясы (ТҮРКПА) қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет