ТҮРКПА-ның негізгі мақсаттары: Мүше-елдер арасында парламенттік тәжірбиемен алмасу және озат тәжірбиемен алмасу;
Әріптестіктің басым салаларында мүше-елдер заңнамаларын үйлестіру мүмкіндіктері;
Түркі-тілдес мемлекеттері әріптестік кеңесі шеңберінде істер мен бастамаларды заңнамалық қолдау басталды;
Түрік әлемінің әдебиеті мен өнерін, тарих құндылықтары мен мәдени мұраны танып білу;
Білім беру, ғылым, технология және қоршаған ортаны қорғау салаларында тиімді аймақтық әріптестікті алға жылжыту;
Мүше-елдер арасында кең ақпараттық ағымдарды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өзара қарым-қатынасына жағдай жасау;
Сауда мен инвестицияларға оң жағдай жасау;
Аймақтық экономикалық жобаларды, атап айтқанда энергетика және көлік саласында, жүзеге асыру;
Өзара мүдде негізінде саяси мәселелерді талқылау.
2010 жылдың 25 мамыры күні Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы ашылды.
Түркі академиясының миссиясы Мақсатымыз: Көне дәуірден бүгінге дейінгі түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін және мәдениетін зерттеп түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін төлтума деректер негізінде аша отырып жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін бірегей орталыққа айналу.
Миссиямыз: Түркі халықтарының ғылыми қауымдастығының ғылым мен білімінің дамуы, сондай-ақ басқа да түркі тілдес мемлекеттер қайраткерлерінің бастамаларына жағдай жасау және олардың басын бір арнаға тоғыстыру.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.»
Н. Ә. Назарбаев