Бағдарламаның кезеңдері
2004-2006 жж.
2007-2009 жж.
2009-2011 жж.
«Мәдени мұраның» мақсаты – тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерін ашу, ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар айтарлықтай тарихи-мәдени ескерткіштерді консервациялау, қалпына келтіру және қайта жасау; мәдени мұраның, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері базасында гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асады:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Тіл саясаты
Тіл саясатының бастауында ҚР Конституциясы тұр. 7-бапта 1. «ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп анық көрсетілді, 2. «...ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын» тіл ретінде орыс тілінің және 3. Өзге ұлттардың тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға мемлекет қамқорлық жасайтынын айқын да, анық көрсетіп берді. ҚР Конституциясының негізінде ҚР «Тіл туралы» Заңы дайындалды, онда «Жалпы ережелермен» қатар, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында», «Білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында», «Елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта», «Тілді құқықтық қорғауда», «Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда» пайдаланудың негізгі мәселелері айқындалды. Осы Заң талаптарын жүзеге асыру барысында біршама тұжырымдамалар мен бағдарламалар дүниеге келді
«Қазақ тілі» қоғамы, халықаралық қазақтілі қоғамы — қазақ тілін, мәдениетін, әдебиетін, тарихын оқып-үйренуге, әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын сақтап, оны одан әрі дамытуға ықыласты қазақ және басқа ұлт өкілдерінің басын біріктіретін ерікті ұйым
Қоғамның мақсаты: қазақ тілінің республикада және одан тыс жерлерде кеңінен қолданылуына байланысты мемлекеттік, қоғамдық әр түрлі ұйымдар мен ұлттық мәдени орталықтарға, жеке азаматтарға көмек көрсету;
тиісті мекемелермен бірлесе отырып, тіл дамытуға қажетті ғылыми-әдістемелік, оқу-анықтамалық құралдар, бағдарламалар, сөздіктер, тілашарлар тәрізді анықтамалықтар шығаруды ұйымдастыру;
қазақтың ертедегі және осы замаңғы мәдениет үлгілерін, тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өзге ұлт өкілдеріне таныстыра отырып, жалпы адамзаттық рухани игіліктердің өз ортамызда да өpic алуына қамқорлық жасау;
мемлекеттік тіліміздің ең алдымен республикамызда заңға сәйкес насихатталып, қанат жаюына септігін тигізер бұқаралықақпаратқұралдары (радио, теледидар, баспасәз т. б.) мен конференция, кеңес, семинар тәрізді түрлі шаралар өткізуге қамқорлық жасау;
мектепке дейінгі мекемелерде, орта кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы орта білім беретін және жоғарғы оқу орындарында негізгі пәндерді қазақ тілінде жүргізу жәйін қадағалап, ретіне қарай жәрдем керсету және басқа да тілдік орталарды пайдалана отырып, тіл мейрамдары мен лингвистикалық олимпиядалар, тақырыптық кештер мен белгілі мәдениет қайраткерлерімен кездесулер өткізуге ұйытқы болу.
«Қазақ тілі» қоғамының республикада және одан тыс жерлерде де бастауыш ұйымдары жұмыс істейді. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстанда «Қазақ тілі» қоғамыныңның бөлемшелері бар. Сондай-ақ Франция, Швеция, Америка, Қытайда тұратын отандастарымыз «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі болып табылады.
Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |