2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Тақырып №1. Мәдениет морфологиясы



бет36/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Тақырып №1. Мәдениет морфологиясы


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Мәдениеттану білімі туралы толық түсіндіре алу. «Культура» және «маданият» ұғымдары семантикасын ашып көрсету. Мәдениеттанудың ғылым ретіндегі қалыптасуының ерекшеліктері мен қызметтерін ашып түсіндіру. Мәдениеттанудың гуманитарлық ғылымдармен өзарабайланысын білу.

Сабақ мазмұны:


Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.


Бақылау сұрақтары:
1. «Культура» және «маданият» ұғымдарына берілген түсіндірмелерге сипаттама беріңіз.
2. Мәдениеттегі әмбебаптылық пен төлтумалық нені білдіреді?
3.Мәдениеттің қоғамдағы функциялары мен рөлдерін анықтап көрсетіңіз.
4.Мәдениеттанудың ғылым ретіндегі қалыптасуы ерекшеліктері.
5. Мәдениеттанудың пәнаралық сипаты мен мәні.
Әдебиеттер тізімі:

1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html
4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025
5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293


Тақырып №2. Мәдениет анатомиясы


Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Мәдениет ұғымына берілген анықтамалардың негізінде мәдениет табиғатын ашу. Мәдениеттің формалары мен оның қызметін меңгеру. Әлемдік мәдениет және ұлттық мәдениет түсініктерін меңгеру. Өркениет ұғымы туралы түсінік қалыптастыру және негізгі концепциялардың мазмұндарын меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет