Тақырып №6. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы Жұмыстың мақсат мен міндеті: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы ерекшеліктері білу. Қазақ мәдениетінің қалыптасуы аясында қазақ дүниетанымының сипаттарын зерделеу. Дәстүрлі мәдениеттің материалдық және рухани саладағы жетістіктерін ашып көрсету.
Сабақтың мазмұны:Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы ерекшеліктері туралы баяндаңыз!
2. Қазақ мәдениеті түркі мәдениетінің заңды жалғасы ретінде ерекшеліктері
3. Қазақ халқының қандай мифтері мен аңыздарын білесіз?!.
4. Қазақ халқының баланың дүниеге келуіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз?!
5. Халықтық поэзия формалары. Ақын-жыраулардың музыкалық шығармашылығы
6. Қандай үлттық аспаптарды білесіз? Өзіңіз қай аспапта ойнай аласыз?
7. Ұлы қазақ билері. Қазақ даласының шешендері.
8. Қазақ билерінің шешендік өнеріне байланысты нақыл сөздерден мысал келтіріңіз?!
Әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html 4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025 5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293