Жұмыстың мақсат мен міндеті: Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетін ашып көрсету. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің озық үлгілері мен білім, ғылым саласындағы жетістіктерін білу. Шежірелік таным. Ағаратушылық кезеңнің негізгі өкілдері мен олардың идеяларын түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Бақылау сұрақтары: 1. Қазақтың ғалым-ағартушыларының белгілі еңбектері атап өтіңіз.
2. Абай – философ және ақын, Шоқан – Шығыс мәдениеттерін зерттеуші,
Ы.Алтынсарин – қазақ ағартушылығының көрнекті тұлғасы деген
анықтамалармен келісесіз бе?
3. «Адам бол!» ұранын тастаған ойшыл кiм едi?
4. Жаңа мектептер ашып, қазақша оқулықтарды алғаш жазған ағартушы кiм
болды?
5. Абай қандай «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық бол» дейдi, соны
есiңiзге түсiрiңiз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html 4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025 5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293