Жұмыстың мақсат мен міндеті: ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері, ерекшеліктері және озық үлгілерімен танысу. Оқу-ағарту саласындағы ізденестерді білу. Ұлттық мәдениеттің Кеңес дәуіріндегі тағдыры.
Сабақтың мазмұны:Білім алушы семинар сабағына сабақтың мазмұнында көрсетілген сұрақтар бойынша ауызша немесе жазбаша дайындалып келеді. Осы тақырыпты толық түсінгенін көрсету үшін өзіндік жұмысты және дәрістерден кейін қойылған бақылау сұрақтарына дайындалып келеді. Семинар сабағының барысы, білім алушылардың әр сұрақ бойынша талқылауларын тыңдау, сұрақ-жауап және пікірталас ретінде жүргізіледі. Білім алушыдан өз ойын еркін білдіру және пікірталас, сұрақ-жауап кезінде белсенділік таныту талап етіледі.
Бақылау сұрақтары: 1. Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті. Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет.
2. Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы.
3. Өнердің, білім мен ғылымның Кеңестік Қазақстандағы дамуы қалай болды? Көрнекті өкілдерін атап өтіңіз.
4. Егемен Қазақстандағы ұлттық мәдениетті жандандыру мен өркендету мәселелері.
5. Маргиналдық және мәңгүрттіктің байланысын көрсетіңіз
6. Мәдени геноцид ұғымы нені білдіреді?
Әдебиеттер тізімі:
1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html 4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025 5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293
Тақырып №9,10. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ мәдениеті. Жаһандану аясындағы қазақ мәдениеті.
Жұмыстың мақсат мен міндеті: Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени өмірін зерделеу. Әлемдік аренадағы Қазақ мәдениетінің дамуын ұғыну. Дәрісімізде біздер жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасына жете тоқталатын боламыз. Осылайша біздер екі тақырыптың мәселелерін бірлікте қарастыратын боламыз.