1. Оқытушы туралы мәліметтер. Жанабаев Жылбек Маратұлы – гуманитарлық ғылымдар магистрі., аға оқытушы.
Гумитарлық факультет. Философия кафедрасы. 2708 кабинет. Кеңес беру уақыты: сейсенбі, бейсенбі. тел.38-40-01.
2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты: Білім беру бағдарламасы білім алушының мәдениет теориясы, әлемдік мәдениет тарихы, мәдениет философиясы, ұлттық мәдениеттің теориясы мен әдістемесін оқытуға бағытталған;
Пәнді оқыту міндеттері:
1) адамзаттың мәдени тәжірибесін игеру, басты құбылыстар мен жетістіктерді талдау, олардың салыстырылуы;
2) мәдениеттің негізгі бағыттар мен қалыптасу және даму заңдылықтарын талдау;
3) мәдениеттің тарихи және этноаймақтық ұлттық феномендерін зерттеу;
4) әртүрлі мәдениеттанулық ілімдердің идеяларын, олардың ерекшеліктерін және түсініктерін талдау;
5) отандық мәдениет тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу;
Пәнді оқыту нәтижелері
№
ББ бойынша қалыптастырылатын оқыту нәтижелері (кодтар)
Пәнді оқыту нәтижелері
1
Модульдің (әлеуметтану, мәдениеттану, саясаттану) оқу пәндерін қалыптастыратын ғылымның барлық салаларындағы пәндік білімді (ұғымдар, идеялар, теориялар) түсіндіру
- мәдениеттану ғылымның негізгі ұғымдарын, идеялары мен теорияларын сипаттау, тұжырымдау
2
Мәдениет контексіндегі дүниетанымдық сұрақтарды шешудің негізгі тәсілдері жайында түсіндіру. Қарым-қатынас жасауда өзіндік рухани құндылықтар дүниетанымын және этикалық мәдениетті қалыптастыра білуге үйрету;
-мәдениеттану мақсаттары мен міндеттерін көрсету; Мәдениеттанудың қарастыратын мәселелерін, кеңістігін, адам өмірімен, қоғаммен байланысын зерттеу.
3
«Мәдениеттану» пәні шеңберінде ғылыми зерттеу әдістері мен әдістерін пайдалануды ұсыну үшін жүйелеу білу;
-академиялық адалдық қағидаларын ұстана отырып, қазіргі қоғамның рухани-мәдени мәселелерін зерттеу аясында ғылыми әдістер мен тәсілдерді түсіндіру;
4
Мәдениеттердің сұқбаттастығы мен ынытымақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін қазіргі Батыс пен Шығыстың, оның ішінде отандық мәдениеттің дамуының жалпы заңдылықтарының ұқсастықтары мен айрымашылықтарын синтездеу;
- мәдениеттанулық тұжырымдамалардың, ұстанымдардың, бағыттардың түрлі себептерін, салдарын, мәнін тұжырымдау.
5
Дәстүрлі қазақ мәдениеті мен руханиятының даму жетістіктерін, құндылықтары мен ұтымды тұстарын бағамдау;
-дәстүрлі қазақ қоғамы дамуының әртүрлі кезеңдерін таныстыру, салыстыру, мәдени құндылықтары бағалау. Елдегі мәдениеттің, тілдің және басқа да әлеуметтік-мәдени процестердің даму процесстерін саралау.
6
Жаһандық және еуразиялық тарихи процесс жағдайында қазақстандық даму моделінің сәттілік факторларын анықтау үшін дәстүрлі және қазіргі қазақ, түркі мәдениеті мен өркениетінің қалыптасу ерекшеліктерін бағалайды;
-қоғамның әр түрлі зерттеулерінің стратегияларын анықтау және нақты мәселелерді талдау әдістемесін таңдауды талқылау.
7
Қоғамның мәдени кеңістігіне бейімделе отырып, негізгі мәселелерді академиялық хат деңгейінде қорытындылай алады;
академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып, әлеуметтік-мәдени үдерістерге қатысты дәлелденген ойларды талқылау және зерделенген ақпаратты тұжырымдау