2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке мынадай анықтамалар берілген



бет12/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке мынадай анықтамалар берілген:
Мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
Мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, қазақ мәдениеті);
Мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті);
Сонымен бірге өркениет ұғымы да бар. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің – «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Жалпы мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өткендігі белгілі. Көп уақытқа дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған ұғымнан гөрі, жаңа бір ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайданылып келді.Осы даму жолында «мәдениет» ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды. Олар Ағартушылық кезеңде басты құндылық – «адам мен оның ақыл ойы» қағидасы тұрғысынан жүзеге асыруға тырысып бақты.
Рационалдық ізденістер мәдениеттің көне түсінігін тұйыққа тірелтіп, мәдениетті адамшылыққа, адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастырады. Адам бойында «махаббат, үміт, сенім» секілді жаңа өлшемдер алдыңғы қатарға шығып, көп жағдайда ақыл-ойдың кемелденуі, адамның үнемі рухани жетілуі мен қалыптасуымен сипаттала түседі. Бұл орайда Ағартушылық кезеңнің ойшылдары жаңа мәдени үлгілерін (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірбиесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.
Мәселен, француз ойшылы Жан Жак Руссо «Адам еркін болып туады, бірақ ол өз тіршілігін әрқашанда күреспен өткізеді» дей отыра, ғылым мен өнердің дамуына байланысты адамдардың «табиғи» жағдайы бұзылады, адамгершілік кері кетеді, адамның бостандық сезімі аяққа басылады дегенді.
Неміс ойшылы Иммануил Кант «Адам дегеніміз не?» сауалын қоя отыра, мәдениетті адамшылық тұрғыдан қарастырады. Оны ойшылдың: «Мен үшін екі құпия нәрсе бар: олар: жұлдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі» дегенінен де аңғаруға болады.
Және мәдениетті құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп бағамдай отыра, адам бойындағы қайырымдылық пен ізгілік қасиеттерді дәріптейді.
Оны Кант тілінде «категориалды императив» дейміз. Негізгі мәні өзіңе қаламағанды өзгеге жасама ұстанымына негізделеді.
Кант ізбасарларының бірі Фридрих Шеллинг мәдениеттің басты мазмұнын адамдардың көркемдік қызметімен ұштастырады. Бұл идеялар ғалымның «Өнер философиясы» еңбегінде кеңінен берілген.Эдуард Тайлор мәдениетті этнографиялық мағынада –білімнен, наным-сенімдерден, өнерден, адамгершіліктен, заңдардан, салт-дәстүрлерден және қоғамның мүшесі ретінде адамның игерген дағдылары мен түрлі қабілеттерінен құралады. Оның есептеуінше, мәдениет – адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі.
Француз антропологы К.Леви-Стростың пайымдауынша мәдениет «табиғилықтан» таңдалып алынған, адамның өзінің қажеттілігіне айналдырған жасанды ортасы.Бүгінде ғалымдар мәдениеттің 250-ден астам анықтамасының барын айтады. Солардың 150 –ге жуық анықтамасын американдық антропологтар А.Кребер мен К.Клакхон “Мәдениет. Ілімдер мен анықтамаларға сыни талдау” атты кітабында береді.
Көптеген әдебиеттерде мәдениетттану ғылымы жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастағандығы айтылады және ғылым саласының әлі де болса жетілу жолында екендігін естіртеді.
Аталмыш ғылымды әлеуметтік-ғылыми және гуманитарлық білімдердің тоғысында қалыптасып келе жатқан жас ғылым саласы.
«Мәдениеттану» терминін ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бастауында американ мәдени антропологы Лесли Уайт есімі айтылады. Оған себеп ғалымның әр жылдары жарық көрген «Мәдениет туралы ғылым» (1949); Мәдениет эволюциясы (1959); еңбектері.
Ғалымның есептеуінше мәдениет қоғамның ең маңызды бөлігі және шын мәніне келгенде адамзаттың барлық тарихы көп жағдайда мәдениеттің даму тарихы.
Мәдениет имманенті құбылыс ретінде адаммен бірге пайда болды. Тайпалардың, халықтар мен өркениеттердің барлық жергілікті мәдениеттері біртұтас жаһандық процестің көрінісі ғана деп санады Лесли Уайт. Уайт мәдениетті келесідей анықтады: "Мәдениет өзімен бірге құбылыстардың, белсенділіктің түрлері мен нормаларының (құралдардың көмегімен жасалған заттар), идеялардың (сенім, білім) және сезімдердің (көзқарастар, қатынастар, құндылықтар) символдық түрде көрініс табуы.
Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттанудың объектісі мен пәні - мәдениеттің әр түрлі субъектілерінің қалыптасу және даму заңдылықтары, дәстүрлерді, құндылықтарды, нормаларды сақтау, аудару, дамыту және өзгерту процестерінің мәні мен мазмұны. 
Мәдениеттану танымының объектісі - бұл адамдардың тарихи әлеуметтік тәжірибесі, әлеуметтік-мәдени тәжірибе ретіндегі мәдениет, заңдылықтарда, дәстүрлер мен нормаларда, әдет-ғұрыптарда, заңдарда бекітілген.
Мәдениеттану пәні - бұл генезисі тұрғысынан осы әлеуметтік-мәдени тәжірибенің мазмұнын, динамикасының құрылымын және жұмыс істеу технологияларын зерттеу.Мәдениеттанудың бағыты - әлеуметтік - адамдар өмірін әлеуметтік-мәдени ұйымдастырудың функционалды механизмдерін зерттейді.
Мәдениеттану монопән емес. Мәдениеттану - бұл философия, тарих, психология, лингвистика, этнография, дін, мәдениет және өнер тарихының социологиясы қиылысында туындайтын интегративті білім саласы. Бүгінде зерттеушілер онымен байланысты мәдениеттану пәнінің Мәдениет онтологиясы, Мәдениет гносеологиясы, Мәдениет морфологиясы, Мәдени семантика, Мәдениет антропологиясы, Мәдениет субьектісі, Мәдениет социологиясы, Мәдениеттің әлеуметтік динамикасы, Мәдениеттің тарихи динамикасы, мәдени саясат, мәдени институттардың функциялары секілді мәдениеттанудың қолайлы аспектілерін қамтыған бірнеше қырларын атап көрсетеді.
Мәдениеттану негіздері мәдениетті осы құбылыс туралы теориялық және тарихи біліммен зерттейді, категориялық аппаратты және зерттеу әдістерін жасайды; бұл деңгейде мәдениет философиясын бөліп көрсетуге болады.
Мәдениет философиясы: болмыс, әлем және ондағы адам сынды философиялық мәселелерінің шектеулі әрі қажетті құрамдас бөлігі ретінде мәдениет дамуының мазмұны мен ықпалды даму мүмкіндігін, мәні мен мағынасын зерттейтін философия бөлімі болып қалыптасты. Мәдениет философиясы – мәдениетті болмыс, сана, қоғам, тұлға және т.б. философиялық проблемалар контекстінде қарастыратын философиядағы өзіндік бағыт.
Мақсаттары мен пәндік салаларына, білім деңгейіне және жалпылауға байланысты, іргелі және қолданылды мәдениеттану.
Іргелі мәдениеттану мәдениет теориясын, заңдылықтарын, мәнін, оның пайда болуы мен даму механизмдерін зерттейді. Бұл ғылым қоғамның қызмет етуіне көмектесетін заңдылықтарды зерттеумен айналысады.
Қолданбалы мәдениеттану мәдениет туралы іргелі білімге сүйене отырып, ол нақты жеке мәдени процестерді болжау, жобалау және реттеу мақсатында оның жеке, ішкі, экономикалық, саяси, діни, ішкі жүйелерін зерттейді.
Бұл ғылыми зерттеулер өз кезегінде диахроникалық, синхронды, салыстырмалы, археологиялық, типологиялық, өмірбаяндық, психологиялық, семиотикалық секілді мәдениеттану әдістері көмегімен жүзеге асады.
Мәдениет мынандай қызметтер атқарады: адами-шығармашылықты - гуманистикалық; ақпараттық, танымдық – гносеологиялық; коммуникативті, реттеуші – нормативтік; бағалаушы – аксиологиялық; сигнификативті – таңбалық; праксиологиялық - әрекеттік.
Мәдениет дамуы мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарына сабақтастық, мәдени дәстүрлерді жалғастырудағы тұрақтылық, өзіндік болмыстығы мен ерекшелігі, ұлттық және жалпыадамзаттық бірлік жатады

XIXғасырдың соңы – XXғасырдың басында мәдениеттанудың мәдени -тарихи, натуралистік, социологиялық, символдық сыңды негізгі мектептері де қалыптасып үлгергенді. Олар негізінен ғылымның қандай жолмен дамуы мен қандай мәселелерге баса назар аударуы керектігі мәселелерді қамтығанды. Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады.


Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады.
Мәдениет – бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет