2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Өзін –өзі бақылау сұрақтары



бет13/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Өзін –өзі бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттің құрылымы қандай?
2. Мәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны не?
3. Мәдениет қандай функциялар атқарады?
4. «Мәдениет» пен «өркениет» бір ме, әлде өзіндік ерекшеліктері бар ма ?! .
5. Мәдениттің қандай түрлерін білесіз?!
Ұсынылатын әдебиеттер :

1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html
4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025
5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293


Тақырып №2. Мәдениет анатомиясы


Дәріс мақсаты: Мәдениет ұғымының негігі құрылысымен танысу. Мәдениет кеңістігі мен формаларын меңгеру.


Жоспар:
1. Мәдениет кеңістігі.
2. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым, техника.
3. Әлеуметтік мәдениет, саяси мәдениет.
4. Мәдениет және қарым-қатынас. Этикет.
Мәдениет анатомиясы дегеніміз ең алдымен мәдениет типологиясы болып табылады. Бұл жерде «тип» дегеніміз ежелгі грек тілінен үлгі, пішін, модель яғни мәдениеттің түрлері, үлгілері, модельдері туралы білім болып табылады. Жалпы алғанда мәдениеттер типіне келетің болсақ әлемдік мәдениет екі типке бөлінеді: шығыс мәдениетті, батыс мәдениеті. Батыс мәдениеті қазіргі кезде әлемде үстемдік етіп тұрған өз үлгілерін әлемге таратып тұрған мәдени тип. Батыс мәдениеттінің негізгі ұғымы бұл әрине белсенділік. Негізгі идея ең алдымен білім, ғылым, техника.
Батыс мәдениеттінің тағы бір ерекшеліктері ол индивидуалдылықта. Эгоизмнің басымдылығы. Өзгеге емес өзіне көмектесу. Өзін үшін әрекет қылу.
Ал адамаралық қатынас құқықтық қатынасқа негізделген. Әрине біз шығыс мәдениетті батыс мәдениетті деп айтып отырғанымен олардың айырмашылықтарын абсолютке айналдырып жібермеуіміз керек.
Ақын Олжас Сүлейменов өте тамаша айтқан «Шығыста жоқ, батыста жоқ тек қана күнің атуы мен батуы бар» деп. Әсіресе қазіргі әлемде шығыс пен батыс арасында ерекше синтез қалыптасты мәдени типология тек қана шығыс және батыспен шектелмейді, тарихи типология да өте маңызды болып табылады.Тарихи типология. Әсіресе қазіргі әлемде шығыс пен батыс арасында ерекше синтез қалыптасты мәдени типология тек қана шығыс және батыспен шектелмейді, тарихи типология да өте маңызды болып табылады. Мынандай тарихи типтерді атап өтуге болады: Архаикалық ежелгі мәдениет. Шығыс өркениеттері. Антикалық өркениет. Орта ғасырлық мәдениет. Жаңа заман мәдениеті. Қазіргі заман мәдениеті.
Енді біз мәдени типологиясы, мәдениет анатомиясы туралы айтқанда белгілі бір мәдени толқындарға да тоқталуымыз керекті. Өркениеттің 3 толқыны: аграрлық, өнеркәсіптік және ақпараттық. Біз қазір осы үшінші толқында өмір сүріп жатырмыз.Бүгінгі күнің тарихи мәдени типтеріне келетін болсақ, АҚШ ғалымы С. Хантигтон сегіз өркениетті атап өтеді: 1. Батыс өркениеті. 2. Православиелік өркениет. 3. Латын Америкалық өркениет. 4. Ислам өркениеті. 5. Конфуциандық өркениет. 6. Оңтүстік Азиялық немесе Буддалық өркениет. 7. Қиыр шығыстық негізінен синтоистік өркениет. 8. Африкалық өркениет.
Бүгінде Қазақстан осы өркениеттердің тоғысында өмір сүріп жатыр. Мәдениет кеңістігі мәдениеттің әлемдік, ұлттық, этникалық мәдениеттері кеңістігін қамтитындығы белгілі. Әлемдік мәдениет - біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болса, Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір коғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің, синтезін алға тартады. Ал мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.
• Материалдық мәдениет - еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, ягни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті.
• Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойдың, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Бұлар - экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.
Мәдениет-әрбір халықтың ғасырлар бойы қордалап, сұрыптап, електеп өткізіп жинақталған материалдық және рухани қазынасы, игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, діні, тілі, танымдық айшықтары, көзқарастар жүйесі, халықтың өзіндік ұлттық қабілеті, басқа халықтардан айырмашылығы және өзін әрі қарай өркендететін қайнар бұлағы. Ол адамдардың рухани өмірінің барлық саласын қамтиды және көркемдік, эстетикалық, тағылымдық, танымдық өрнектері арқылы өзін әлемге паш етіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет