2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Өзін –өзі бақылау сұрақтары



бет21/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Өзін –өзі бақылау сұрақтары:


1. Синкретзим сипатын түсіндіріңіз.
2. Мифологияланған сана дегеніміз не?
3. Рәміз, таңба ұғымдарына ғылыми түсінік берген қай ғалымдар?
4. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың мәдениеті қандай болды?
5. Номадизм ұғымына түсінік беріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html
4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025
5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293


Тақырып №5. «Түркілердің мәдени мұрасы»
Дәріс мақсаты: Түркілердің әлеуметтік-саяи құрылысы, руханияты мен дүниетанымдарымен танысу


Жоспар:
1. Қарахан кезеңіндегі мәдениет
2. Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті.
3. Түркі кезеңіндегі техниканың дамуы. Материалдық мәдениет ескерткіштері.
4. Әл- Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегі.
5. Жүсіп Баласағұн және оның «Құтты білік» еңбегі.
6. Ахмед Үйгінеки мен Сулеймен Бақырғани шығармашылығы

Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.) -дамыған ортағасырлық мемлекеттердің бірі саналады.


X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде әлеуметтік құрылымы біршама дамыған Қарахан мемлекеті пайда болды.
Орталығы – Баласағұн қаласы.
Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған.
Мәселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж.), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады;
942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін «қара қаған » немесе «қара хан» деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл әулет қарахандықтар әулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды.
Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астана қаласы-Қашқар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен–Елік Баласағұнды иеленді. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан-ханға көшті. Оның екінші жерінің орталығы Қашқар болды, сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен екі әулеттің Әли Арслан-хан мен Хасан Боғра-ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды.
Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.
Өкімет ұйымы-мемлекеттік құрылым.
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары елік хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Үлестік жерлер ірі және кіші болып бөлінген. Хақанның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші , әрі кеңесші болып саналады.
Шындығында, қазақша уәзір сөзі ақыл-ойдың кені..
Құтты білік шығармасының мазмұнымен танысқандар Жүсіп Баласағұнның осы Сатұқ Боғрахан сарайының бас уәзірі, кеңесшісі болғанына көз жеткізеді.
Құтты білікте:
Кітап құнын білсе, білер білікті,
Ақылсыз жан нені сезіп, біліпті!?
Берме кітап кісілерге кез келген,
Сену қиын, дос та болса көз көрген.
Білімсіздер қасиетін біле алмас,
Ақылдылар оқып, көзін бір алмас.
Бұғра хан тұсында бұл жасалды,
Хан тілінде айтылды һəм таралды.
Қараған мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі, әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткенде, орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн.
Қырдағы аймақтағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерархиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылды.
Қарахан бектерінің билігі әжептәуір мол болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді.
Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкімшілік жүйесі феодалдық негізде орнықты.
Этникалық жағынан бірнеше түркі тайпаларынан құралған Қарахандықтар мемлекеті Х ғасырдың басында пайда болып, үш ғасырдай өмір сүрді. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық негізі көшпелі өмір мен отырықшы шаруашылықтың бірігуі арқылы пайда болды. Қарахан мемлекетінің идеологиялық негізі – мұсылман діні болды. Қарахандықтар билік құрған кез оның ұлан-байтақ империясындағы барлық халық үшін экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму кезеңі болды.
Қарахан мемлекеті жергілікті тайпалардың араб жаулап алушыларына қарсы табан тірескен қарсылығы арқасында пайда болды. Кіндік Азиядағы Халифат құрамына кірген халықтардың этникалық, тілдік және мәдени процестері өте күрделі болды. Мұсылмандандыру процесінің әсерінен араб тілі ықпалы зор болды.
Сатұқ Бограханның ислам дінін қабылдауы осы Құтты біліктің ЖАРҚЫН ЖАЗ*, АСА ҚАДІРЛІ ҰЛЫҚ БҰҒРАХАН ҚАСИЕТІ АЙТЫЛАДЫ бөлімінде кеңінен баяндалынған.
Олар жергілікті халықтың ойшылдарының дүниетанымы сан ғасырлық тарихы бар рухани қазынасын – ежелден қалыптасқан наным-сенімін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, тілін, жазуын, мәдениетін, әдебиетін жойып жіберуге барынша әрекет жасады
Ана тіліне деген сүйіспеншілік, түркі тілдерінің ешбір тілден кем емес екендігін дәлелдесем деген ниет, патриотизм – Махмұт Қашқариды ұлттық тілдің «ішкі пішін» (грамматикалық, семантикалық құрылымдары) ерекшеліктері арқылы «ұлыс (халық) рухын» қайта анықтап, жаңғырту мәселесіне назар аудартты.
Махмұт Қашқаридан қалған түркі тілдерінің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігі – ХІ ғасырдағы түркінің ең тұңғыш энциклопедиясы» дегенді Н.Ә.Назарбаев.
М. Қашқари Қарахандықтар династиясына жататын тайпадан шыққан.
Кітаптың «Диуани лұғат ат-түрк» деп аталуынан белгілі боп тұрғанындай, ол – ХІ ғасырға дейінгі жалпы түркі тілдерінің толық жинағы болып табылады. Дегенмен, кітаптың мазмұны еңбектің атынан әлдеқайда кеңірек.
М.Қашқари: «Мен бұл кітапты алфавит тәртібімен құрастырдым. Парасатты ғибрат сөздермен, ұйқасты ақ өлеңмен, мақал-мәтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен (прозамен) безендірдім. Мен қиынды оңайлаттым, түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым.
«Диуани лұғат ат-түрк» таза филологиялық еңбек қана емес, солай болған күннің өзінде де бұл еңбек біздің Тіліміздің негізі, қайнар көзі болғандығымен де маңызы арта түседі.
Еңбектің атауы неліктен «Диуани лұғат ат түрк» ?
Түркі тілінің тұңғыш оқулығын әзірлеп, грамматикасын түзген, түбір бір түркі халықтарының тіл өнерінің әрісін мәңігілікке кеңейтіп, өркенін өсірген, түркі тілдерінің диалектологиясының, лексикологиясы мен грамматикасының негізін қалап, тіл білімі тарихында салыстырмалы тарихи әдісті тұңғыш рет қолданған ғұлама ғалым Қашқари Махмұд атын мәңшілікке өлтірмейтін, өзіне және зерттеушілеріне сарқылмас қайнар көзі болатын тынысы кең байсалды да ұлы еңбегіне Диуан Лұғат ат түрк, яғни түркі тілінің сөздігінің жинағы деп ат қояды.
Зерттеушілердің есептеулерінше түркі сөздігінің қоры 8000-ға жуық деп жоромалданады.
М. Қашқаридың еңбегі – көне түркі халқының тілдік және этникалық сана-сезімінің жарқын көрінісі ретінде бағалы, әдеби және мәдени дәстүрлердің өркендеуіне, кемелденуіне ықпал еткен, араб халифаты дәуірінде халықтың өзін рухани танытуына үлкен мүмкіндіктер туғызған бірегей тілдік ескерткіш.
Оның «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегі түркі тілдес халықтардың ойлау логикасы мен өмір сүру дағдысының, тұрмысының, тарихының өзіндік философиясы. Жалпы ол – мәдени-әлеуметтік, адамгершілік және діни қарым-қатынастарды қамтыған туынды деуге боларлық.
М. Қашқари еңбегі түркі тілдес тайпалар ішінен ғалым жинаған өткір мақал-мәтелдерге өте бай. Ежелгі түркілердің, сол сияқты қазақтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси қатынастары көрінетін халық даналығы жинақталған.
Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырда Орта Азиядағы Қараханидтер үстемдігінің кезінде өмір сүрген көрнекі ақын және ойшыл, сол кездің өзінде өсіп өркендеу биігіне жеткен Баласағұн қаласының тумасы.
Жүсіп Хас Хажіптің есімі бізге дейін толық күйінде жетіп отырған жалғыз поэмасы «Құтты білік» арқылы танымал болды.
Бұл кітапты автор 1069 жылы Қашғар билеушісі СүлейменАрыслан-Қара-Қағанға арнап жазды, осы еңбегі үшін хан оған Хас Хажіп деген лақап есім берді, яғни ұлы ханның әлеуметтік кеңесшісі лауазымына ие болды.
«Құтты білікте» ортағасырлық түркі мемлекетіндегі заманауи автордың әлеуметтік жігі де алғаш рет анық көрінеді. Оқырмандардың көз алдына билік аппараты, егіншілердің, малшылардың, қолөнершілердің әртүрлі қауымдары, ой еңбегінің өкілдері – ғалымдары, емшілері, жыршылары және т. б. бар орталықтандырылған мемлекеттің сатылы құрылымы елес береді, осы аталған қауымдардың әрқайсысы бір мезгілде өздерінің мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді және белгілі бір қажетті-қоғамдық қызметін атқарады.
Сонымен бірге Құдай және әлем ұғымдарының әртүрлі мазмұндық аспектілер (онтологиялық, космологиялық, гносеологиялық) мен арақатынастарда көрініс тапқандығыі белгілі.
Бұл мәселелер шығармада негізгі төрт тұлға, олардың ерекшеліктері арқылы жеткізілген.
Біріншісі –шындық жолы - Әділет. Хас Хажыб оны Күнтуды Елік деп атап, оның дәрежесін патшалыққа теңеген.
Екіншісі ,құт пен ырыс –Дәулет. Оны Айтолды деп атап, оған уәзірлік қызмет ұсынған. Ал үшіншісі- Ақыл, яғни лақап аты ӨГДІЛМІШ. Қызметі уәзірдің баласы.
Соңғысы Қанағат. Ғалымның оған берген аты - ОДҒҰРМЫШ , қызметі сол уәзірдің туысы, жақыны болып табылады.
Шығарманың негізгі идеясы мемлекеттің ішкі тұғыры болғанымен этикалық, аксиологиялық, гуманистік, саяси идеяларды қоса алғанда кісіліктің, кісі мінез-құлқының асыл үлгілері мен өнегелері дәріптелінеді.
Хас Хажыб Жүсіп Баласағұн: «Ақылды ұғады, білімді біледі» деп түйіндегенді.
Өзінің діни-этикалық ілімдерімен танымал болған келесі тұлға ол –Ахмет Игүнеки.
Түркілік философияда терең дүниетанымдық түсініктер қалыптасып адам тіршілігінің философиясы, этика мен эстетикасы дамыды. Түркі әлемінің орта ғасырлардағы ойшылдары қатарында Ахмет Иүгінекидің өзіндік ерекше орны бар. ХІІ ғасырда Қарахан мемлекетінің саяси-қоғамдық философиясының моральдықадамгершілік қағидаларын, түркі тілінің байлығын, әдет-ғұрыптарын поэтикалық түрде дамытқан ғұлама-ақын. Түркілік философиялық ой дамуының исламдық кезеңінің ірі тұлғасы Ахмет Иүгінекидің шығармашылығынан әзірге біздерге жеткені «Һибат-ул-хақайиқ» («Ақиқат сыйы») атты еңбегі.
Ислам дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны өз заманының көкейтесті мәселелерін – ақыл- және лингвофилософиялық қайнар көздер парасатты, білімділікті, қарапайымдылықты, әдеппен сөйлеуді, кішіпейілділікті, сабырлылықты және т. б. ізгі қасиеттерді этикалық дидактикалық сарында жырлаған көркем туынды.
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар: Әдептіге «үндемес» ат тағылар. Тіліңді тый – сонда тісің сынбайды, Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар. Сөз есепсіз – тіліңді тый тарт ұста, Тыймаған тіл басыңа сор әр тұста.
Түркілік философияның негізгі тұғырлы ұстындары қатарынан әдептілікті ерекше атап көрсетеді. Әдептілік – іргелі этикалық категориялардың бастыларының бірі болып саналады. Адамның әдебі мен ибалылығы адамаралық қатынастарда оның ізгілікті қасиеттерін білдіретін ұғым-түсініктер.
Орта ғасырлық ойшыл бабамыз, өз еңбегін дінмен сабақтастыра отырып жазған. «Кісінің бей әдеп сөздерден өзін тиюы – оның шын мәніндегі мұсылманшылығының белгісі» екендігін танытқан.
Діни-этикалық құндылықтар ойшылдың шығармашылығының, дүниетанымының негізгі өзегін құрайды. Ойшыл өз ілімінде адам тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Оның философиялық идеялары гуманизмге толы, келешек ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне көп мән береді.
Ахмет Иүгінекидің діни-этикалық философиясындағы адам мәселесіне зерттеулер жүргізген қазақстандық философ І. Ерғали адамның қасиеттерін талдай отырып, былай деген: «Пенде мен адамның тағы бір айырмашылығын Абай сияқты Ахмет Әдиб те ақылды мен ақылсыз кісінің арасындағы айырмашылық арқылы көрсетеді. Есті кісі есін шығармай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынаптай жүріп ізденеді де, іске кіріседі»
Білім тек дүниені пайдалану үшін құрал емес, ол ізгілікке бастайтын жол болуға тиісті. Білімнің адамды жетілдіруде, өзін өзі тануында, ішкі әлеміне үңілуіне, кемелденуіне тигізер пайдасы зор. Адамды бақытқа жеткізетін жол білім арқылы ашылады деген Ахмет Әдиб, білімді адамды – азамат десе, білімсізді – езге теңейді.
Исламдық айшықтарды өзінің философиялық дүниеге көзқарасын пайымдауда шебер пайдалана білуінің өзі данагөйдің өз дәуірінің озық ойлы азаматы болғанын білдіреді. Ойшыл өз ілімінде адам тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарайды және ол үгіттеген философиялық идеялар өзінің терең гуманистігімен, тереңдігімен, халық болашағына деген алаңдаушылығымен ерекшеленеді.
Сопылық – Шығыстық мұсылман мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Аймақта орын алған тарихи кезеңдер мен әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерге қарай исламда бұл ағым өзінің ондаған ғасырдан астам уақыт бойы қалыптасуының және дамуының барысында алуан түрлі формалар мен бағыттарға ие болды. Сопылық тұтастай алғанда қандай формада көрінсе де, ол мұсылмандық Шығыстың рухани өмірінде елеулі рөл атқарды.
Сүлеймен Бақырғани ортағасырлық дәуірдегі сопылықтың көрнекті өкілі бола отыра, бүкіл түркі тілдес дүниенің рухани өміріне елеулі ықпал еткендігі белгілі.
Сүлеймен Бақырғани Хорезм облысының Бақырған деген жерінде дүниеге келген. Оның нақты дүниеге келген күні әзірше белгісіз: шамамен 1095 жылы немесе 1104 жылы деп көрсетеді. Ал қайтыс болған кезі анық – 1186 жылы, яғни Бақырғанидың өмірі мен қызметі ХІІ ғасырға жатады.
Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетикаэтика, тазару, адам жанының үндестігі мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік — Құдай. Алла — таза абсолюттік болмыс.
Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:
1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы;
2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі;
3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік құрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр.
Бақырғанидің пікірінше, құдайдың сұлулығын фәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады.
Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат — жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді.
Құдай сұлулығы — оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. 
Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт — өзіне ұстаз белгілеп алу.
Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгілі, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет