2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты


Өзін –өзі бақылау сұрақтары



бет22/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Өзін –өзі бақылау сұрақтары:


1. Көне түркілердің наным сенімдерінің ерекшеліктері
2. Тәңірге сену?
3. «Құтадғу Білік» шығармасының дүниетанымдық негіздері?
4. «Құт» ұғымы?
5. Ислам дінінің Қазақ жеріндегі таралуы ерекшеліктері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html
4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025
5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293
Модуль 3.Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері.
Тақырып №6. « «Қазақ мәдениетінің қалыптасуы»


Дәріс мақсаты: Қазақ мәдениетінің қалыптасуы аясында қазақ дүниетанымының сипаттарын зерделеу


Жоспар:
1. Қазақ халқының мифтері мен аңыздары.
2. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуы.
3. Ақын- жыраулардың шығармашылығы.
4. Қазақ даласының би -шешендері.
5. Қазақ батырлары

Талай ғасырлар беленін еншілеген байырғы миф-аңыздардың туу, қалыптасу үрдісі бүкіл рулық құрылыс дәуірімен қоса номадтық өркениеттілік кезеңін де қамтиды.


Дүниетанымның бұл бастауы алғашқы қадамдарында космологиялық сипатта ғана дамыған. Дараланған көзқарастан гөрі мұнда да жалпы ұғым, түсінік шешуші қызмет атқарды. Қоғамның салыстырмалы тұтастығы қоғам мен жеке адам қатынасының өзара байланысында ол анық болған. Номадалар шығып келе жатқан күнге, айға тағзым етіп, құрмет көрсеткен.
Мифтік ұғымның араласпайтын жері жоқ. Құс пен жануарлар тілін адам тіршілігіне көшіру үшін, әрине, олармен тікелей байланыс, қарым-қатынас қажет, әр нәрсенің, заттың нақты қадір-қасиетін білу керек.
Өліп, қайта тірілу, жан бітіріп, жан көшіру – ғасырлар бойы халық санасында, салт-дәстүрінде ұялап келген ежелгі нанымсенім қалдықтары.
Қарапайым сана бойынша миф дегеніміз – бұл ертегі, сағым, бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап академиялық ғылым миф ешқандай ойдан шығарылмаған, ол да басқа қоғам өмірін құрушы шындық деген түсінікке келді. Академик А. Лосев мифті «жоғарғы ақиқат» деп атады.
Мифте әртүрлі уақытты әр халықтың бейсаналық құрылымымен, тотемдік ойлау логикасымен анықталатын белгілі бір жалпыға ортақтық бар. Солай болса да әр мәдениет өз бірегейлігінің мөлшерінде болмыстың мәңгілік мәселелерін ерекше көрсете отырып, өз мифін тудырады.
«Мифсіз қандай мәдениет болса да өзінің табиғи күшінің шығармашылық сипатын жоғалтады: тек жекелеген мифтермен ғана олардың ой-өрісі қандай да бір тұтас мәдени қозғалыспен тұйықталады» деп жазады Ф. Ницше.
Миф дегеніміз – ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, діни сенім де емес. Ол – сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның уақыты. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді.
«Миф» – деп жазады А. Қасымжанов «Рухани тамырлар» еңбегінде, – «алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен қазіргі ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің белгілері бар. Миф алғашқы адамның тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады»
Академик С. Қасқабасов: «Біздің қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз – әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипатымен соған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әртүрлі құбылыстары мен обьектілерінің және рухани бастаулары пайда болуын, аспан мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар», – деген тұжырым жасайды
Қазақ мифологиясының тарихы, қазақ халқының мифологиялық мұрасы өзінің бастауын көне түркілер дүниетанымынан алады.
Ертедегі қиял-ғажайып ерекшелік ондағы фантастика арқылы өріледі, яғни, фантастика – қиял-ғажайып ертегілердің жаны. Халық ертегілерінде фантастиканы жасау үшін неше қилы тәсілдер қолданылған. 1) Сенім-нанымды оқиғаға айналдыру. 2) Әсірелеу. Ертегілердің бір бөлігінде табиғат дүниесіндегі белгілі бір зат, тұрмыс бұйымдарын әсірелеп, олардың маңызы мен жұмыстағы қызметі шектен асырыла көтермеленді.
Әр түлік малдың өз «бақташы иелері» бар деген нанымы қойдың «Шопан ата», түйенің «Ойсыл қара», сиырдың «Зеңгі баба», жылқының «Қамбар ата», ешкінің «Шекшек ата» деген «иелері» барына әкелді.
Қыдыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі.
Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт.
Қиял-ғажайып ертегілері дию- (Дәу), су перісі, албасты,
жезтырнақ, мыстан кемпір сынды қорқынышты құбыжық кейіпкерлерімен де танымал.
Ананың адамға сыйлаған жылуы мен ризығын бейнелейтін құдірет От-Ана құдайы Ұмай Тәңір - Ананың табанынан жаралған. От-Ана адамның үйінде, ошағында өмір сүреді. Адамдардың жаратылып, өмірге келуі От-Ананың желеп-жебеуімен болады. Қазақтардың отбасында жаңа түскен жас келін алғаш табалдырықтан аттағанда, күйеу жігіттің анасы немесе басқа бір егде әйел алақанын отқа жылытып, сонымен қалыңдықтың бетінен сипайды.
Қазақ дәстүрлі мәдениеті
Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаган өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет әзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана жолы еді. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті аңыз-әпсаналарға, қиял-ғажайып дүниелерге, эпостық-батырлық жырларға, жыршылар мен ақындарға, би –шешендеріміздің қиыннан қиыстырып айтқан данагөй сөздеріне бай екендігін рас.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы бес ғасыр жыраулар поэзиясының өзі бұл білім саласының аса бір құнды дүние екендігін аңғартпай қоймайды.
Бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты.
Дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы айтатын болсақ, қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Сақтардың алтын қолданған мүліктерінен бастап, кешегі бабаларымыз тіккен киіз үй – қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген.
Киіз үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Қазақ киіз үйлері 30 қанаттан тұратын мәжіліс ордасы, 24 қанатты хан отбасы, 18, 12, 8, 6, 4 қанатты дәулетті, жас жұбайлар киіз үйлермен қоса, 2 қанатты шағын жылжымалы киіз үйлер де болған.
Музыка өнеріне келсек, қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған.
Күй деген – музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты.
Солардың бастауында Қорқыт бабамыз тұрса, бертін келе XIX ғасырдағы Құрманғазы, Дина Нұрпейсіова, Дәулеткерей, Қазанғап, Тәттімбет сияқты ондаған-жүздеген классикалық күйшілер өткен. Демек, қазақтың рухани мәдениетінің осы саласы күні бүгінге дейін ұлтымызға айрықша қызмет етіп келе жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет