2. Курстың қысқаша сипаттамасы. Пәнді оқыту мақсаты



бет25/47
Дата25.11.2023
өлшемі6,97 Mb.
#126905
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
madeniettanu umkd.pdf 2023-24 kaz

Адамның ғұмырын бір – ақ сөз өзгерте аларын білген би – шешендеріміз, толағайдай толғанып әділдікті орната білген екен.


Ел тағдырын бәрінен биік қойған, ұлттың тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни, олар ұлттық тұлға болған. Осы ұлттық тұлға тұғырына көтеріліп, аты аңызға айналған, тарихта есімдері қалған сан мыңдаған батырлар бар.
Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бастау алған батырлық үрдісі өз жалғасын тауып ұрпақтан ұрпаққа тарады. Қазақ жерінің бір сүйемі де осы батырларының арқасында жаудың қолында кетпеді. Ел аузында жүрген, жыраулардың жыр-дастаны арқылы бүгінгі күнге дейін жеткен “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар батыр”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Ер Тарғын”, “Күлтегін”, “Қырымның қырық батырынан” бастап өткен ғасырда өмір сүрген жыр алыбы Жамбылдың “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”, Қ.Бекхожиннің “Науан батыр” дастандары батырлар жайында айтылған. Жазылған көркем мұраларды дүниеге келтірген, арқауы үзілмеген тұтас шығармашылық кезеңдердің барлығы халықтың нанымындағы батырдың тұлғасын бейнелейді.
«Зар заман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды.
Халық ауыз әдебиетінде «Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрыңғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді. Отаршылдық әрекеттің күшейе беруі халықты дініне айыру қаупін туғызды.
«Сыртқы өмірдің, -дейді М.Әуезов, - осы сияқты себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, сөзінен, өлеңінен, әнінен, бұрыңғы билік, еркелік, еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, зар-шер, қайғы басқан»
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат БабатайұлыШортанбай ҚанайұлыМұрат МөңкеұлыӘбубәкір КердеріАлбан Асан, т.б.
Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.

Өзін –өзі бақылау сұрақтары:


1. Ұлы жібек жолы қазақ мәдениетінің қалыптасуындағы орны
2. Ортағасырлық қала мәдениетінің дамуы
3.Ұлы Даланың материалдық және рухани мәдениетінің жетістіктері
4. Қазақ әдебиетіндегі поэззия және жыраулық өнері қалай дамыды?
5. Қазақ мәдениетінің этногенезі туралы не айтасыз?
6. Қазақ мәдениетіндегі шешендік өнері қалай дамыды?
7. Қазақстанның Ресейге қосылуының дәстүрлі қазақ дүниетанымына ықпалы?
8. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі неде болды? 9. Қазақ музыка өнерінің даму сипаты қандай болды?
10. Зар-заман мәдениетінің басты ерекшелігі не болды?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы.
Қазақ университеті, 2016. – 325 б.
2. Нағымұлы Ш. Мәдениеттану – Астана: Фолиант, 2017. – 238 б.
3. Төкенов Ө.С. Мәдениеттану: оқулық. Алматы:Дайк пресс, 2016. – 278б. https://www.iprbookshop.ru/67102.html
4. Сәрсенова Ж.Н. Мәдениеттану. 2013. http://rmebrk.kz/book/1175025
5. Сихымбаев И.Б. Нұржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. 2020. http://rmebrk.kz/book/1177293




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет